Оқушылардың білім сапасын арттыруда физика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 357
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23110


Халық педагогикасы халқымыздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі білімнің, біліктілігінің, тәжірибелерінің, танымдық әрекеттерінің,дағдыларының жиынтығынан тұратын педагогикалық ұлттық қазына екендігі белгілі. Халық педагогикасының негіздерін физика сабағында қолдану-білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой-пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелиейтін үдеріс болып табылады.
Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Мысалы, 8-сыныпта жылу құбылыстары(заттың меншікті жылу сыйымдылығы) тақырыбын өткенде мынадай ертегіден үзінді қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін арттыруға болады. «Байқаса екі ұртында кішігірім бір көлдің суындай су қалған екен, бүркіп-бүркіп жіберіп еді, қызыл жалын демде басылып, темір үй лезде суына қалды» «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісінен үзінді. Судың меншікті жылу сыйымдылығын темірдің меншікті жылу сыйымдылығын темірдің меншікті жылу сыйымдылығымен салыстыру.
Физика пәнінің басқа да гуманитарлық пәндермен байланыстыра отырып оқушылардың физикалық процестерді айту арқылы балалардың сөйлеу мәдениетінің дамуына көмектесу. Соның бірі «Айтыс»
Самауыр қажеті бар жарлы-байға.
Су мен шай мысал қылды тамағына,
Ләззаты бал-шекердей ішсеңіз шай,
Бұзылар құймай суды қайнағанға.
Сапарғали мен Нұржан айтысынан үзінді
Шай бөлшектері судың барлық көлеміне тарап, араласуы. Сұйық молекулаларының үздіксіз әрі ретсіз қозғалыста болуы. Қатынас ыдыстар (7 және 8 сынып). Сонымен қатар жылу мөлшері және молекулалық жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
Осылайша баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкізудің маңызы зор. Мысалы:
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
физика термодинамика тақырыптарын оқытуда, мынадай аңызды есеп шығару жолдарын түсіндіргенде қолдану тиімді. Аңыз (Алдар көсе мен Шық бермес Шығабай.) Шығабайдың есебі: Темір қазан массасы 8 кг. Оған 10 кг су құйылған. Неде болса Алдар көсеге бұл етті жегізбеуім керек . Оның температурасын тек 100С-тан 400С шейін қыздыру керек. Қазанға қандай жылу мөлшері берілетінін табу.
«Кенет трамвайдың жүрісі кілт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды» (Б.Соқпақбаев «Шал мен бала» әңгімесінен үзінді) Шал өзінің инерциясы бойынша қозғалыстың жылдамдығының бағытын сақтауға тырысады. Бұл әңгімені 9-10 сыныпта механика бөлімінің Ньютон заңдары тақырыбын оқу кезінде қолданған өте тиімді.
Физика пәнін жаңадан оқуды бастаған 7-сынып үшін «Өлшемдердің метрлік жүйесі» тақырыптарын түсіндіруде батырлар жырынан мынадай үзінді келтіру баланың тақырыпты тез игерумен бірге ынтасының артуына да, өз септігін тигізеді. Батырлар жырынан мынадай үзінді келтірейік.
Тасқа шаншып найзасын
Қарыс сүйем байлатып,..
«Қобыланды батыр» жырынан үзінді. Бұл жырдан үзінді келтіру, қарыс сүйем ұғымының мағынасын ашады. Сондай-ақ тербелістер мен толқындар тақырыбын өткенде «Ләйлі-Мәжнүн» дастанынан мынадай үзіндіні оқып беру тақырыптың мазмұынын ашып түсіндіру өте қолайлы әрі ұтымды.
Халықтық педагогиканың бір саласы-ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарды-физика сабағында қолдану өте тиімді. Бұл ойындар біріншіден ойын сергіту сәті болса, екіншіден оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады. Үшіншіден өтілген материалды қайталау тұрақты түрде жүзеге асады. Бұдан оқушы есінде көп нәрсе қалары сөзсіз. Себебі, қайталау-оқу анасы. Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогиканы қолдану арқылы ұлттық салт-дәстүрлерді уағыздап, жаңа ұрпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн. Қалай десек те, оқушылар санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымға, білімге деген ынталарын арттыру үшін де физика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп, маңызы зор. Енді осы ойындарды қалай өткізуге болатынына тоқталайық.
«Аламан бәйге» ойыны. Бұл ойынға сыныптағы барлық оқушы қатысады. Әрбір оқушы қағазға физикалық теориялар мен анықтамаларды жазады. Ойынға 5 не 7 минут уақыт беріледі. Уақыт біткенде кімнің көп жазғанына байланысты баға қойылып, қорытындыланады. Ең көп жазған оқушы бәйгенің жеңімпазы болып есептеледі.
«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
«Қазақша күрес» ойыны. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
«Ақсүйек ойыны». Оқулықпен жұмыс жасауға. «Ақ серек, көк серек ойыны». Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
Халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану, оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай бір-бірімен жақындастырып достыққа, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Г.Б.Әлімбекова. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту. Оқу құралы. Алматы. «Литер». 2001 ж.
2. О.Жанғозы «Физика оқыту кезінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру.» Тәрбие.орг сайтынан Оқушылардың білім сапасын арттыруда физика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тазагуль Игибаева

Пікірлер: 0

avatar