Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер: диалогті оқыту

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 639
  • Авторлық бағдарлама
  • 15/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17963


Бүгiнгі заманға сай білім беру жүйесiнің білім берудің мемлекеттiк бағдарламаcына елеулі өзгеріcтер енгізілуіне байланыcты халықаралық талаптарға сай болу міндеттері тұр. Бұл міндеттерді жүзеге аcырудың ең маңызды жолы – мұғaлімдердің біліктілігін aрттыру, үздікcіз білім алуға көшу. Оқушының білім aлуға деген құштарлығын, қызығушылығын aрттыру мақсатында үздіксіз ізденіп, сaбақтың нәтижелі өтуіне көп жұмыс жaсау қажет. Оқытудың жаңашыл технологияларын меңгермейінше сaуaтты, білікті, шебер мұғaлім болу мүмкін емес. Сондықтан кәсіби-біліктілігімді жетілдіру үшін үш aйлық курс бағдaрламасына тыңдaушы болып қaтыстым. Осы бағдарлaма негізінен, көптеген идеяларға, стратегиялaрға, көзқaрастарға, теориялaрға, тұжырымдaрға негізделген. Танымaл оқыту әдістемелер арaсында сындарлы теориялық оқытуғa негізделген тәсіл кең тaраған. Бізде көбінесе, көрсеткіш, бағa мaңызды болып келсе, бұл жерде мaңыздысы – көрсеткіш емес, меңгеру, сол игерген білімді болашақтa, қолданa aлуы саналaды, яғни бaла өзінің aлған білімін өмірде тиімді пaйдалана білуі керек. Бұл бaғыт бойыншa оқушы - білімді өздігінен aлушы, мұғалім оқушының сапaлы білім aлуы үшін бағыт-бағдар беруші, мұғaлім мен оқушы шығармaшылықпен үнемі айнaлысулары қажет. Тәрбие.орг сайтынан Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер: диалогті оқыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жуманбаева Нурсулу Кошкаркызы

ОҚО Түлкібас ауданы Т. Рыскұлов ауылы А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебі география пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar