Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1154
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19113


В2 есебі
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Мен курстың ІІ тәжірибелік кезеңіндегі оқушылармен өткізген алғашқы сабағымның барысында зерттеуге алған 7 -сыныбына тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес “ Word терезесіне шолу ” тақырыбына өткіздім. Бұл сабақтағы менің мақсатым оқушыларға, word терезесіне шолуға ақпарат беру,word терезе элементтерін қолдануға үйрету және топтық жұмыс барысында оқушылардың өзара бірлесіп жұмыс жасай алуына көмек беру еді. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымды бастап кеттім. Сыныпқа кіріп, амандасып, көңіл-күйлерін сұрадым. Оқушылардың көбісі жаңа сабақ әдісіне менімен бірге тәжірибе жасауға дайын екенін айтып, мені бір қуантып қойды.
Ұйымдастыру барысында сыныптағы оқушыларды топқа бөлу үшін терезе элементтерінде қолданатын құралдардың сөз тіркестер қиындылары жазылған қағаздарды тараттым. Сыныпта топтасу кезінде оқушылар арасында топтық мәдениетті сақтамаған оқушылар болды. Сол орайда мен сыныпқа топтық ережені жазып, ілуім керек екен,-деген ой болды. Нұсқаулықтың 53-бетінде балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін ұтқырлықтың болуы баса айтып кеткен екен.Соған байланысты назарға ала отырып, сол қағидаларға сүйендім. Енді осы жерде Д есімді оқушы қайда топтасарын білмей, қобалжып отменить деген сөз бар менде, қайда топтасамын? – деген дауысын естідім. Осы кезде В деңгейіндегі А есімді оқушы белсенділік танытып, түсінбей жүрген оқушыларға көмек берді. Топтасу кезінде қиындықтар орын алды. Себебі, оқушылар бұл жүйе туралы хабары жоқ еді.Сондықтан көмегімнің керек екендігін байқап, қастарына барып бағыт бағдар беруді жөн көрдім. Осылайша топтасу оңай болмағандықтан жоспарлаған уақытты тиімді пайдалана алмадық. Ары қарай олардың не үшін бұлай бөлінгендерін мақсатында бірнеше сұрақтар қойдым.
М: -Сіздер, неліктен бұлай топтастыңыздар?- деген сұрағыма.
А есімді оқушы : -Пішімдеу тақтасы, Стандартты құралдар тақтасы, Мәзір жолағы .
Александердің дилогтің бес үлгісі бойынша механикалық есте сақтау , яғни оқушы өткенді (үнемі қайталап отыру арқылы есте ұзақ сақтайды және күнделікті іс- әрекетті жаттау ) деген ойын басшылыққа ала отырып сабағымды ой қозғау, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануы үшін және қай деңгейде екенін анықтау мақсатында оқушыларға ашық және жабық

сұрақтар бере отырып, жаңа сабаққа жол аштым. Осы кезде с деңгейіндегі М есімді оқушы
Мұғалім: «Word мәтіндік редакторы дегеніміз не»?
С.Оқушы: «мәтіндік редактор, мәтін жазуға, түзетуге, енгізуге арналған бағдарлама» – деп жауап берді.
Мұғалім : «Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз »?
А Оқушы: Пуск Программы MS Word арқылы іске қосылады. Ал қалған ашық сұрақтарға С деңгейіндегі Б есімді оқушы жауап бере алмады, бірақ осы кезде «а» деңгейлі Г есімді оқушы біз рефератты жасағанымызда осы мәтіндік редакторы арқылы мәтін тереміз және сол арқылы пішімдейміз деп жауап берді.
Нұсқаулықтың 56 бетінде оқушыларды сыныпта бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Соған байланысты баса назарға ала отырып, сол қағидаларға сүйендім . Сабақ барысында топқа бөлінгеннен кейін бақылау парағын қалай толтыру керектігін түсіндірдім. Бағалау парағының маңызды екенін топтық жұмыста көрсетілуі керек екендігін айтып өтілді.Сол кезде топ мүшелерінің ішінен а деңгейлі А есімді оқушы мынадай етіп сұрақ қойды. А есімді оқушы бақылау парағындағы уақыт сақшысы, төраға, хатшы, баяндамашы, бақылаушылар қандай қызмет атқарады? Мен әрқайсысына жекелей тоқталып өттім, өйткені оқушыларды топтық жұмыста бағалайтын осы бағалау парағы, уақыт сақшысы уақытты белгілеп, топ мүшелеріне баяндамашы осы сабақтағы постерді қорғауы және ғылыми тілмен жеткізілуі, хатшы сабақтағы жұмыстың постер бетіне эстетикалық талғамға сай болуын, төраға өзіне берілген жұмыста барлығының қандай қызмет атқарғандығын бақылап, әр қайсысы жеке дара сабаққа үлес қосуын бағалау деп айтылды. Бағалау парағын түсіндіріп болғаннан кейін, мен ары қарай топтық жұмысқа мәтін таратылды.
Топтық талқылауға -10 минут, тақтаға шығып қорғауы –5 минут уақыт берілді. Құнды спектр тәсілі арқылы мәтін берілді. Мен сыныпта сабақ бойынша мына мәтіндерді топтық жұмыс ретінде бердім. І топқа пішімдеу тақтасы, ІІ топқа стандартты құралдар тақтасы, ІІІ топқа мәзір жолағы . Енді осы айтылған мәтінді топта талқылап, плакат бетіне түсіріп, қорғайсыңдар. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін және сипаттағандай білімді бірлесіп алуда пікір алмасу диалог болып табылады. (Мерсер , МАН, 40-б) Топтық жұмыста І топтағы В деңгейдегі М есімді оқушы өз идеяларын жирный және курсив деген негізігі батырмалар бар және плакатқа түсірейік деген ой айта білді. ІІ топта а деңгейіндегі А есімді интернет арқылы мәтіндік редактордың әр жылғыларын 2003, 2007 редакторларын салыстыра отырып, өз ойларын ортаға салып, қанша уақыт беретінін сұрады, мен сендерге осы жобаны жасау үшін 10 минут уақыт беремін, дедім. Оқушылар берілген уақытқа қосымша уақыт сұрап, тапсырманы аяқтауға мүмкіндік беруімді сұрады. Топ баяндамашылары мен ортаға топтан бір оқушыдан шығып, І топтан М есімді оқушы қорғады және өзінің компьютерді ашып, оны интербелсенді тақтадан мынадай құралдар болады деп көрсете білді. Осы сыныпта оқитын дарынды баламның бірі в деңгейлі Е оқушы сабаққа қатыспай отыр екен. Себебін сұрағанымда ол қосымша интернет арқылы жұмыс жасағысы келетінін айтты. Мен оған топта өзінің ноутбугін қолдануына болатынын айттым. Содан кейінгі сабақтарда ол өз тобын құнды пікірлерін айта отырып, интернет арқылы тақырып бойынша қосымша материалдар алып отырды. ІІ топтан а деңгейлі Д есімді оқушы өз дәрежесінде қорғады, бірақ тақырыпты эстетикалық талғамамға сай жасақтамаған. ІІІ топтан екі оқушы а деңгейлі А және с деңгейлі А есімді оқушылар біріне кейін бірі қорғап шықты. Топтық жұмыста өте белсенділік танытқан ІІІ топтың мүшелері, өйткені плактқа эстетикалық талғамға сай жаза білген және word мәтіндік редактордағы терезе элементтерін ашып жазған.

Жобаны аяқтағаннан соң әр топ топ мүшелеріндегі бақылаушылар өз топтарындағы топ мүшелеріне өз бағаларын беруді бастап кетті. ІІ топтың бақылау парағы дұрыс толтырылмапты өйткені сабақ барысында өзінің қызметін дұрыс атқара білмеген в деңгейлі А есімді оқушы барлығының көмегімен бақылау парағын толтырып,өзінің топ мүшелеріне тоқталып өтті.

Менің осы жерде байқағаным топ бақылаушысы сабақтың толық ашылуына көмегі тигені көрініп тұрды, уақыт сақшысы уақытты бағалап интернеттен мәтіндік редактор туралы мәтін іздеп, өз идеясын сабаққа қосты, хатшы с деңгейлі Б есімді оқушы ол оқушылардың идеяларының барлығын постер бетіне түсіріп отырды, баяндамашы а деңгейіндегі Г есімді оқушы компьютерден осы бағдарламаны ашып, терезе элементтеріне жеке - жеке тоқталып өзінің идеясы жақсы қоса білді,с деңгейіндегі М есімді оқушы төраға өз қызметін дұрыс атқара алмады, барлығына қызметті дұрыс бөліп беріп, оны уақытылы бақылап, өз жұмысын атқару керек еді. Бақылаушы В деңгейіндегі А есімді оқушы топтық жұмысқа атсалысып кірісіп кетеді, бақылау парағын толтыруды жайында қалдырады, одан кейін әр топ екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы топтарға баға берді. ІІ топ ІІІ топқа бағаларын беру барысында А есімді оқушы менің бірінші жұлдызым үшінші топтың постерінде тақырыпты жүйелі түрде түсіре білген, өте жақсы шыққан, ал екінші жұлдызым сабақта интербелсенді тақтадан мәтіндік редактордың терезесін көрсете білді, өте тамаша. Ұсынысым плакатқа салынған суретті ашық көрінетіндей етіп салу керек еді, деп бағаларын берді.
Сонымен қатар бүкіл сабағымда және осы тапсырма барысында АКТ-ны жетік пайдаландым. Міне осы жерде де оқушылар АКТ –ның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білімдерін нығайтты.Сонымен қатар менің тәжірибемдегі сабақтарымда талантты және дарынды балалармен жұмыс та көрініс тапты десем болады. Мәтіндік редактор туралы интербелсенді тақта арқылы 7– сынып электрондық оқулығынан осы тақырып бойынша мәтін оқылды. Одан кейін интернеттен мәтіндік редактор туралы ақпарат көрсетілді.. Оқушылар барлық тапсырмаларды интерактивті тақтаның көмегімен көріп отырды. Сергіту кезінде бейне жазбаның көмегімен оқушыларды әуенде билетіп бір серпілтіп алдым.Александер тәжірбиеде зерттеген диалогтің бес үлгісін анықтауда соның ішінде нұсқаулық\мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттармен рәсімдерді түсіндіру) (МАН, 51-б) айта келе.
Жұптық жұмыс кезінде оқушылар арасында «компьютермен жұмыс» жүргізілді. Мен 8-наурыз халықаралық аналар күніне байланысты , «Анаға құттықтау» тілек сөздер жазыңдар деп тапсырма бердім. Бір компьютерде екі оқушыдан отырып әр оқушы өз анасына құттықтау сөзін жазсын дедім .
Оқушылар:«Сынып бойынша апай екі оқушы бір компьютерде отырамыз ба»? –деп сұрақ қойды .
Мұғалім:«ия, өйткені сыныпта екі оқушы арасында өзара бағалау жүргізу керексіздер»!. Осы кезде 10 минутта А есімді оқушы өз анасы туралы құттықтау сөзін жазып, оны оқушылар арасында оқып берді. Анаға құттықтау. Ана сізді 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін. Әкеміз екуіңіз бақытты өмір сүріп,ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп жүріңіздер,тілек жазды. А және С деңгейдегі оқушылар өз ойларын тереңіне дейін жеткізбеседе құттықтау сөзін оқыды. Бұл жерде бірін бірі жазған мәтінді екіншісі оқи отырып, қатесін түзету. Менің байқағаным А деңгейіндегі оқушылар С деңгейіндегі оқушылардан компьютерде мәтін тергенде бірінші болып жазыпты, ал С деңгейіндегі оқушыларға мүміндік бермей , көпшілігі оларды мәтінді оқытып, өздері жазыпты. Бұл менің жіберген қателігім болды.
Одан кейін жеке жұмыс блум таксономиясын таратып бердім,. Оқушылардың блум таксономиясы деңгейі бойынша а деңгейлі оқушы өзінің білім деңгейін көрсете біледі. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады.(МАН, 73-б) Фриман 1998. Білу, түсіну, қолдану деңгейі бойынша с деңгейіндегі оқушылар орындап шықты, в деңгейіндегі оқушы жинақтау деңгейіне дейін жетті.

Блум таксономиясы деңгейлік тапсырмасы бойынша сыныпта -15 оқушы
тапсырды , оның қорытындысы бойынша 3 оқушы -20 ℅, 7 оқушы -47℅ , 5оқушы -33℅


Кері байланыс « Екі түрлі түсініктеме» сабақтағы рефлексия бойынша Не ұнады? Несімен ұнады? Не қиын болды? Қиындықты қалай еңсердім? А деңгейіндегі Г есімді оқушы кері байланысты. Барлық топтың атсалысқаны, апайдың жылы қабақ танытқаны, оқушылардың бір-бірімен қарым- қатынасы ұнады. Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтасып жұмыс жасағанымыз, сергіту сәтімен ұнады. Сабақта қиындық туындаған жоқ , сабақ қызықты өтті.Сабақтың барлығын топтасып жұмыс жұмыс жүргізу арқылы қиындықты жеңдім. Кері байланыс жүргізілді, оқушылардың көпшілігі сабақ өте жақсы болды, В деңгейіндегі Б есімді оқушы маған сабақ қатты ұнады, несімен ұнады дегенде сыныптағы с деңгейіндегі А есімді оқушының сергіту сәтіндегі әуенде билегені ұнады сабақтағы сергіту сәтімен бір бірімен қарым қатынасы жақсы болды деп, жазған.
Менің бір байқағаным оқушылардың барлығы топтық жұмыста бір біріне деген қарым қатынасы және постерде қорғауда стикермен жұмыс жасауы, сергіту сәтіндегі жұмыстарды,апайдың жылы қабақ танытқаны деп өз ойларын ортаға салып, көрсете білді.

Малсс сауалнамасының қорытындысы бойынша Сдеңгейіндегі Б есімді оқушы мотивациясы төмен , сабақ барысында байқағаным деңгейлік тапсырмаға білу, түсіну, қолдану деңгейлерін орындаған, Вдеңгейіндегі С есімді оқушы тапсырманы орындау барысында орта деңгейде көрсетті.

Мен өзімнің бір айлық тәжірибе кезеңінде осы оқытудағы жеті модуль идеяларын қамту арқылы өз сабағымда пайдалана отырып, оқушылардың басқа қырларынан көрінуіне және жан-жақты дамуына үлес қостым деп ойлаймын. Жеті модуль идеялары сабаққа қолдану өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Және алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды.Ендігі уақытта осы курсты аяқтағаннан кейін дәстүрлі сабақтан арылып, мектепте осы сындарлы оқыту теориясын іске асырамын деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушыларға сабақ барысында тың идеяларды іске асырмасан, оқушы сабақта жалығып кетпеуі керек. Сондықтанда да ІІІ айлық курстағы білімімді іске асырсам деймін. Бұрынғы сабақтарымызда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін басқа да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтың қызықты өтуіне жұмыстандық. Бірақ Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлері. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке орай барлық ұстаз бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым.
Менің сәтті шыққан тұстарым:
• Әр оқушы өз пікірін еркін білдіруі
• Сабақта сирек сөйлейтін, сабақ айтуға қиналатын оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығының артуы;
• белсенді сабаққа қатысуы;
• топтағы оқушылардың арасында диалогтың өрбуі;
• Топтағы оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауы
• Бақылау парағын дұрыс толтырылуы;
Менің сәттсіз шыққан тұстарым
• Топтық ережені сақтамаған оқушылар кездесті;
• Топтасу кезінде және топтық жұмыста уақыттың жетпей қалуы;
• Компьютермен жұмыста өзара бірін -бірі бағалауын көрсетпеуі;
• Тапсырмалар санын , жеке тапсырмаларға берілген уақытты азайту;
• Көптеген тәсілдерді және бағалаудың бірнеше түрлерін қолданылмауым.;
Мен алдағы уақытта қалай дамытуға болады?
• Сыныпқа топтық ережені сақтау үшін топтың ережесін сыныпқа ілу.
• Топтық жұмыста нақты әдіс, тәсілдерді сабақ барысында қолдану;
• Компьютермен жұмыста өзара бағалауын үйрету;
• Жеке тапсырмаларға уақытты аз беру керек.уақытқа сай тапсырмалар беру,
• Көптеген тәсілдерді және бағалаудың бірнеше түрлерін қолдану;
• Сыныптағы топтық жұмыста ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру керекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»
Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ

С есебі
Мен ақпаның үші күні мектептен «Өрлеу» педагог қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру орталығына келіп, тізімнен кімнің тобына және нешінші топқа келгенімді көрдім, ІІІ топта екенімді байқадым. Сындарлы оқыту теориясының курсында бірінші бетпе-бет кезеңінде теориямен қатар көптеген әдіс-тәсілдерді: топта талқылау, презентация жасау, пікірлесу арқылы бір-бірімізді тыңдауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрендік. Бірінші бетпе-бет кезеңінің сабақтарында тренер орта мерзімді жоспарлауды жасау жолдарындағы мақсаты мен одан күтілетін нәтижесін жасағаннан кейін бізге бағалаудың түрлерімен мен оны қай тәсілде қолданатынын әр топтан әріптестерім түсінбей барлығымыз абдырып отырып қалдық, ал менің осы жерде түсінгенім, мақсатын құруды және одан күтілетін нәтижені жасап тренерге көрсеттім. Орта мерзімді жоспарлауды жасау барысында топтағы әріптестерімнің барлығы бағалаудың стратегиялары мен бағалаудың түрлерін ажырата алмай қиналды. Ал қысқа мерзімді жоспар жасауда орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасауға кірісіп кеттім.

Маған сұрақ қою техникаларында, сұрақ қойғанда көбінесе жабық сұрақтар қойып, оқушыларға ашық сұрақтарды қою қажетттілігі мен маңыздылығын, өзім ашық сұрақтарды қоюды түсіне бастадым. Бұрынғы кезде қарапайым сұрақтарды қойған болсақ, енді міне бұл ситуациялық және шығармашылық сұрақтар қоюды үйрене бастадым. Міне, бұл менің бірінші өзгерісім осы болды.Енді сабақ барысында топтық жұмыс жасауды әріптестеріммен бірге суреттер арқылы, мәтіндермен топтасуды біліп үйрене бастадым. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойландық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі тиіс (Әрекеттегі RWCTфилософиясы мен әдістері, 94 б).
Менің бойымдағы өзгерісім бірінші бет -бет кезеңінде теориямен қатар орта мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспар жасауды, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену және сабақ барысында пайдалану, өзімнің бойымнан байқадым.
Екінші практикалық кезеңінде: Сындарлы оқыту идеяларын 7 модуль бойынша сабақта тиімді қолдану. Бұл тәжірибеде кезіңінде мектеп директорымен сындарлы оқыту теориясы туралы ой бөлістік. Директор Бағдарламаға оң көзқарас танытты және ол кісіге сабақ жоспарына бір мақсаттың қойылатындығы ұнады. Қазіргі заман талабына сай ұстаз жан-жақты, жаңашыл болу керектігін және мектеп әкімшілігі тарапынан барлық көмек түрлерін жасайтынын айтты. Әріптестеріме: «Сындарлы оқыту –уақыт талабы» атты семинар өткіздім. Семинарда «Сындарлы оқыту теориясының жеті модуль идеяларымен әріптестерімді таныстырып және тиімді тәсіл екен айттым. Топтық жұмыста көбелек салу әр топтан бір әріптесім шығып қорғады, кері байланыста әріптестерім қиыншылығымен қызықтыратын тәсілдері өте көп екен деген ой түйдік деп қорытындыға келді.

Мектептегі зерттеуге алған 7 сыныбымнан «Малс» сауалнамасын алдым. Малс сауалнамасының қорытындысы бойынша зерттеуге үш деңгейлі, яғни А,В,С деңгейдегі оқушыларды анықтадым. Сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныпта позитивті оқушы-3, оңай жолмен баға алғысы келетіндер-7 оқушы, төмен мотивация -5 оқушы.
. Бүкіл оқушының ой пікірін тыңдау арқылы оларға көп нәрсе үйретуге, оқытуға болады. Мен оқушыларға сыни ойлануға дағдыландыратын жоғары мәртебелі сұрақтар қоюға біртіндеп қалыптастым десем де болады, және осы сұрақтар арқылы оқушыларда да еркін ой, әлеуметтік көзқарас қалыптаса бастады. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 56-бет.) Мен өз сабағымда формативті бағалауды оқыту қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушының бойында диалогтік оқыту арқылы жүзеге асты. Оқушылар арасында өзара бірін –бірі бағалау және бақылау парағын толтыруда оқушылар ұсыныс жұлдыздарын білдірді. Осы сабақ барысында оқушылардың бойында қалыптасқан еркін ойын жетік білдіруі, бір-біріне сыни сұрақтар қою және қарым қатынастарының артқандығын байқадым. Кері байланыста оқушылардың бойында сабақ ұнады маған сабақта апайдың жылы қабақ танытқаны және оқушылар еркін ойын білдіруі, сергіту сәтінде «әуенде билету» маған қатты әсер берді. Компьютер мен жұмыста бір-бірімізді өзара бағалауымыз ұнады. Эйр өз зерттеу барысында оқу жоспарын өзгертудің акселерация моделінің үш тармағын бейімдеп жасаған. Олар мазмұнға өзгерістер енгізу, әдісті өзгерту, білім берудегі өзгерістер.Сонымен қатар кейбір зерттеулер топтық жұмыс түрінің де дарынды және талантты оқушыларға тиімділігі бар екенін топшалаған.Себебі оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасап, ортақ проблемаларды талқылайды, пікір алмасады,өз жауаптарын талдайды.Оның нәтижесінде өзіміздің практика кезеңіндегі өткен сабақтарымыздағы оқушылардың топтық жұмыстарынан біліп, байқадық және сөйлесуде нәтижелілікпен ынтымақтастықтың үлкен тиімділігіне қол жеткіздік. Менің байқағаным ол оқушы жан- жақты және өте қабілетті. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды.
Менің өзгергенім бұрынғы дәстүрлі бағалауды кемшін екендігін және формативті бағалау арқылы оқушыларды шынайы бағалайтынын және тиімді бағалау екендігін түсіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасының сабақтарында байқалды. Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар нәтижеге жету жолын да алдын-ала біліп отырды және оқыту үшін бағалау жүргізілді. Оқушы бойында сыныптағы талантты және дарынды балаларды оқыту мақсатында жеке жұмыста Блум таксономиясы, кеңейтілген тапсырмаларды ала отырып, инклиюзивтік тәсіл арқылы оқушылардың сыни ойлауы қалыптаса бастады. Мен өзім сабақ барысында өзгергенім, сыни тұрғыдан ойлайтын, зерттеушілік және шығармашылық сұрақтарға жауап бере алатын, таным қабілеттері бар жеке тұлға дайындай алатын мұғалім болуым қажет екендігін түсіндім.
Екінші бетпе-бет кезеңінде мектептегі тәжірибемізде баланы сыни тұрғыдан ойлануға үйрету қалай жүзеге асқаны туралы есебімізбен бір-бірімізбен ой бөлістік. Бірінші аптаның бірінші күнінен бастап біз топ бойынша практикада жасаған жұмысымызды тізбектелген сабақтар топтамасындағы бір сабаққа арналған рефлексивті В2 есебін жаза бастадық. Бірақ сол рефлексивті есепті жазылғаны бойынша сұрақ қою арқылы жазыңдар, -деп бізге тренерлер кеңес берді. Талантты және дарынды балаларды оқыту модуліне рефлексивті есеп жазуға таңдадым. Талантты және дарынды балаларды оқытуда инклюзивтік тәсіл арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, әр бала өзінше талант иесі біз оларды анықтай отырып, бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкіндігін байқадым. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгейді көрсетуі мүмкін: мәселен әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (МАН, 73 б). Топтағы сабақ барысында көптеген әріптестерім арқылы сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар арқылы қабілетімді ашып, өзіме өзгеріс енгіздім. Тренерлер сабақ кезінде бірнеше тапсырмалар беру арқылы топта көптеген әріптестерім өзгердік деп айтты.Оқушылардың көпшілігінен кері байланысты алған кезде оқушының бойында бұрынғы дәстүрлі оқытудан осы сындарлы оқыту теориясы жақсы екендігін жазып өткен оқушылардың пікірлері де болды.Менің байқағаным оқушының бойында да өзгеріс болғаны байқалды.Сол арқылы Талқылаған сұрақтарымыз бойынша тренеріміз презентация жасауды тапсырды. Топтың ұйымшылдығының арқасында біз біріге тапсырма орындауға кірісіп кеттік. Топ барлық мүшелері өздерінің сыни ойлау модулі бойынша жасаған жұмыстарында кездескен қиындықтар мен жетістіктерін ортаға салды. Барлық топтың ойы бір жерден шықты. Бір-бірін тыңдап қана қоймай, бір-бірінің пікір айтуына ықпал етіп отырғандары бір тұтас ұжым болып жұмыс жасауымызға зор көмек болды. Сабақ беру кезінде сыни тапсырмаларды орындауда туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдарын талқылау барысында ойымыз бір жерден шықты. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Және алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды.Ендігі уақытта осы курсты аяқтағаннан кейін дәстүрлі сабақтан арылып, мектепте осы сындарлы оқыту теориясын іске асырамын деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушыларға сабақ барысында тың идеяларды іске асырмасан, оқушы сабақта жалығып кетпеуі керек. Сондықтанда да ІІІ айлық курстағы білімімді іске асырсам деймін. Бұрынғы сабақтарымызда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін басқа да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтың қызықты өтуіне жұмыстандық. Бірақ Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлері. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек.


Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым. Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген алғашқы сабағымнан-ақ өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті. Өкінішке орай, көпшілік оратада салғырт көзқарас тудырып, көпті тамсандыра бермейтін мұғалім мамандығының өз атына сай дәрежеге көтеріліп, ұстаздар еңбегіне жаңа леп беріп, көптен күткен серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Ал, Елбасымыздың көрсетіп отырған сара жолын ұстана отырып өскелең ұрпағымызды білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі мақтаныш, әрі өмірлік ұстанымым. Және өз білімімді жетілдіріп, кәсіби біліктілігімді арттыра отырып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде орынды қолданып еңбектенуім – оқытудағы басқару мен көшбасшылығым деп түсінемін. Алдағы уақытта да көшбасшылығымды дамыту жұмыстарын жалғастырып отыру жеке жоспарыма енгізіледі. Сондықтан мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық ету қызмет ететін мектебімізде мектеп басшысының, қызметтес әріптестерімнің сенімімен өзіме жүктеліп отырғандығы да менің алдымда ашылған үлкен мүмкіндіктердің кілті деп білемін. Қызметтес әріптестеріммен бірігіп жұмыс істей отырып, Бағдарлама мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолында талай шәкірттің қанатын қатайтып қана қоймай, білім әлемінде еркін самғауына жол аша аламыз деп ойлаймын. Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім ұяларындағы кездесетін кейбір қиыншылықтардың жолын табар деген үмітпен ертеңгі күнге қараймын. Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалары хақ деп сенемін.
Алдағы уақытта өзгеріс жасаудағы ұсыныстарым:
• кезгелген сайттарға өз жұмысымды жіберу;
• Пед оқуларға қатысу;
• Ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыру;
• Қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатысу;
• Қашықтан оқыту олимпиадаларына оқушыларды қатыстыру;
• Сырттай оқуға баяндамалар жіберу;
• Облыстық жарыстарға қатысу;
• Дарын ғылыми орталығымен үнемі байланыста болу;
• Обылыстық гратты ұтып алу;
• Оқушылар жұмыстарын информатика сайттарына қатыстыруым;
• Кез келген републикалық әдістемелік журналға сабағымды жіберу;
• Өзіме веб сайт құрастыру;
• Осыдан алған барлық жұмыстарымды және оқушы жұмысын веб сайтта көрсету;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж
2 .Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж универиситетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий»
«Оқу әдістемелік құрал- Астана «Назарбаев зиткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие.орг сайтынан Оқыту мен оқуда өз тәжірибесінен енгізілгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурекеева Роза Ерденқызы

Шиелі ауданы №207"Жаңатұрмыс" орта мектебі Математика және информатика

Пікірлер: 0

avatar