ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АМАЛДАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 348
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21605


ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АМАЛДАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»-деп ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында көрсетті.
Қазақ тілі қазақстандағы мемлекеттік тіл және ол барлық қазақстандықтарды біріктіретіндіктен, ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2011 жылдың 29 маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің №110 Жарлығына сәйкес қолға алынған.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша, Зырян қаласында, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы, филиология ғылымдарының кандидаты Курманова Жупар Сакановнаның жаттықтыруымен педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өттім. Жаттықтырушының білімділігінің, сауаттылығының арқасында курста кіріспеден бастап, тиімді оқыту және оның тәсілдері, бағалау қағидаттары, тілдік дағдылардамытудың маңызын, қолданылатын әдіс-тәсілдерін, қазақ тілі сабағын қалай жоспарлау керектігін толыққанды таныстырды. Жеке жұмыс, топпен, өзіндік жұмыс жасай отырып үнемі іздену үстінде болдық. Өзімнің және курстан алған білімімді ұштастыра отырып, жаңа оқулық бойынша, жұмыс жасап жатқан жайтымыз бар.
Менің ізденушілік тақырыбым: «Сын түрғысынан ойлау амалдары жоғарғы сыныптарда қазақ тілі сабағында арнайы білім және дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді». Сабақты меңгеру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бере салу емес, оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, сын тұрғысынан ойлай отырып жаңа тақырыпты өздерінің меңгеруіне және ашуына бағыттаймын. Ол үшін оқытудың интербелсенді әдіс –тәсілдерін сабақта жиі қолданамын. Қазақ тілі сабағында, әсіресе сын тұрғысынан ойлау амалдары өте тиімді және ұтымды.
Сабақтың тақырыбы: Қымыз- емдік сусын. (9 сынып )
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Тілдесім арысында сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде ұлттық тағамдар туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында себеп –салдар үстеулерді меңгерту.
Мәтіндер негізінде оқушылардың тілін дамыту.
Тілдік коммуникация барысында адал асты қадірлеуге тәрбилеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы

Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі(ОЖ): қазақтың ұлттық тағамдары жайында айтады, қымыз, дастарқан мәзірі туралы басқаларға таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі(ООЖ): қазақтың қонақ күтуі жайында, қымыздың емдік сусын екендігі туралы қарапайым сөйлемдерарқылы сипаттайды.
Оқушының жоғарғыжетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен дастарқан мәзірі туралы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Негізгі түсініктер: бие байлау, бие ағыту, жылқы айдап әкелу, ашыту, ауруға ем, сауға қуат, баптау, саба, күбі, жылқы терісі, саумал, пісу, дәмі аузыңды үйіреді, түтінге ыстау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, суреттер, смайликтер, маркер А4 парағы.
Оқыту әдістері: Сипаттау, түсіндіру, СТО сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» , «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, жағдаяттық тапсырма, «Кім жүйірік»ойыны,сергіту жаттығулары.
Дереккөздер: Әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, лексикалық минимум.
Тапсырмалар:
Сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 1.«Жақсы сөз –жарым ырыс» шаттық шеңберін құрғызады.
2.Кофе таяқшалар арқылы топтарға бөледі.
3.Бағалау критерийлерін таратады
1.Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.
2. Кофе таяқшалардың түстері арқылы топтарға бөлінеді.
3. Әр топтан спикер таңдайды.
4. Әр топтың спикері бірін-бірі бағалайды.

Өткен сабақты тексеру Диалог-сұхбат тәсілі.
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты
ояту Коммулятивті –диалог әдісі. Оқушы лардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында
«Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Ұлттық тағамдар» сөзі не ассоциограмма
құрғызады. Әр топ оқушылары тақтада ілулі тұрған плакатқа
маркер мен өз түсінігін жазады.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұ ғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсыр ма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
ІІ. Ма ғы на ны та ну 1.Сабақтың мақсатымен таныстырады.
2. интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тізбектеп оқып, танысты ра ды, аудармасын айтады. 1. Оқы лым. Жаңа сөздерді тізбектеп оқып шығады, қайталайды.
2. Ай ты лым. Дұрыс айтылуы мен ауызша
жаттығу жүргізеді.
3. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Әр топқа жеке –жеке сұрақтар береді
1- топ:Қазақ халқының қандай үлттық тағамдарын білесіңдер?
2-топ: Сендерге қандай ұлттық тағамдар ұнайды?
3-топ: Ұлттық тағамдардың қандай пайдасы бар? Айтылым. Осы сұрақтарға жауап береді.
(әр жауапты спикерлер бағалап отырады. )
Ә) Әр топқа сөздерді бөліп береді Айтылым. Жазылым. Оқы лым. Сөздердің аудармасын сәйкестендіреді. Айтады, жазады, дұрыс оқиды.
Сергіту сәті Интерактивті тақтадан видеодан үзінді көрсетеді Интерактивті тақтадан көргендерін қайталап жасауға тырысады.
4. Мәтінмен жұмыс. Зерттеушілік әдіс.
а) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым
Мәтінді бөліктерге бөліп береді, мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа
ақпаратты қабылдауға машықтанды ру мақсатында 4-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мә-
тінді оқиды, мазмұнын қысқаша айтады. Берілген сұрақтарға жауап береді
ІІІ. Ой тол ға ныс Зерттеушілік әдіс.
Тілдесім. Ұлттық тағамның бір түріне жататын қымыздың адам ағзасына пайдасы туралы диалог құрату Тілдесім. Ұлттық тағамның бір түріне жататын қымыздың адам ағзасына пайдасы туралы диалог құрайды.
IV. Бе кі ту Тілдесім. Жаңа сөздерді қайталай отырып, ұлттық тағамның бір түріне жататын қымыздың қайдан, қалай алынатыны жайлы тағы бір еске түсірту. Тілдесім. Жаңа сөздерді қайталай отырып, ұлттық тағамның бір түріне жататын қымыздың қайдан, қалай алынатыны жайлы айтып сабақты бекітеді
V. Ба ға лау Формативті бағалау. Мұғалім спикерлердің бағалаулары бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы спикерлер өз ойларын айтып баға береді.
VI. Үй ге тап сыр ма Жаңа сөздерді қайталап келу. Әр топқа ұлттық тағамдардың түрлері бойынша презентация жасап келуге тапсырма береді Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
VII. Реф лек сия БББ техникасы бойынша кері байласықа шығуларын сұрайды БББ техникасы бойынша кері байласықа шығып, не білетінін,не білгенін, ен білгісі келетінін кестеге толтырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі: Тіл-Орда. Оқулық және лексикалық минимум: Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған. 1-бөлім /
Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина,
Е. С. Қасенов. — Алматы: Көкжиек-Горизонт баспасы, 2015.
2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Екінші басылым.
3. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2011 жылдың 29 маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің №110 Жарлығы Тәрбие.орг сайтынан ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АМАЛДАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бельгибаева Ботагось Адылбековна

Пікірлер: 0

avatar