Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары
  • 05.12.2016
  • 159 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20335

Мукатова Дамет Мукаметхановна, жоғары санатты химия,биология пәні мұғалімі, Семей қаласы, «№21ЖОББМ» КММ,ШҚО

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары
Оқушылардың танымдық қызметін белсендірудің білім сапасын арттыруда маңызы зор. Ойлау қабілетін дамыту, байқағаштығын арттыру, сабақтағы белсенді іс – әрекетін ұйымдастыру мақсатында ЖПТ қолдану тиімді. Сондықтан мұғалім оқушының білім алуын ұйымдастыруда сабақ үрдісін оқушының белсенділігін арттыратындай, өз іс-әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау қабілетін бір мәселені шешуге бағыттай алған жөн. Ол үшін әр мұғалім сабақ үрдісінде түрлі технологияларды тиімді қолдана алуы керек. ЖПТ-ның түрлері өте көп.
Соның ішінде ұжымдық оқыту технологиясы оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
Іс жүзінде дәстүрлі оқыту кезінде оқушылар бір-бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал ұжымдық,топтық оқыту кезінде өзгеше. Оның тиімділігі сол, біріншіден, сабақ үстінде тақырып бойынша барлық оқушының білімін бағалауға, тексреуге мүмкіндік бар; екіншіден, бір-біріне көмектесе отырып, жұмыс жүргізуге дағдыланады; үшіншіден, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, көпшіл болуға тәрбиеленеді; төртіншіден, сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану нәтижесінде үй тапсырмасын орындауға аз уақыт кетеді.
Мұғалім өзінің іс-тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне қарай оқушыларды әртүрлі етіп топтауға болады, ол жаңа технологияға негіздеп, екі түрлі әдіспен бөле алады.
1 әдіс
Егер сыныптағы барлық оқушыға бірдей білім беру стандарты деңгейінде пәнді меңгерту көзделсе, онда топтың құрамына үлгерімі әртүрлі оқушыларды біріктірген жөн (яғни әр топқа 4-5 оқушыдан).Олардың өзара қарым-қатынастары да ескеріледі. Әр топтың бір жақсы оқитын оқушысы мұғалімге көмекші болып сайланады. Көмекшілерге топтың білімін тексеру мен бақылау, түрлі ұйымдастыру жұмыстары, топ мүшелеріне қосымша түсінік беру міндеттері жүктеледі. Ол тобындағыларға тақырыпты түсіндіре білуі керек. Сондықтан алдын ала ақыл-кеңес беріледі. Мұның өзі көмекшінің оқушылар алдындағы беделін көтеріп, оның сабақты одан әрі терең меңгере түсуіне ықпал етеді. Оларға тексеруге, сабақ сұрауға, бағалауға мүмкіндік беріледі. Көмекшінің орындаған жұмысын мұғалім ,топтағы оқушы жұмысын көмекші бағалайды. Олар сабақ соңынан қорытынды пікірін ауызша немесе жазбаша түрде мұғалімге тапсырады.

Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушылардың білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қоюына болады. Содан кейін ғана журналға қояды. Бұл әдіс оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, нашар оқитын оқушылардың білімін көтеруге көмектеседі.
2 әдіс.
Қазіргі ЖТП негізі – деңгейлік саралап оқыту үшін шығармашылық қабілеті жоғары оқшыларды оқыту мен тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қоя білу. Жұмыс мазмұны оқушылардың танымдық, байқағыштық, елестету, ойлау қабілеттерін жетілдіру негізінде құрастырылады. Өзіндік жұмыс түрлерін өзгерте отырып, оқушылардың білімін тексеру,үйрету жолдары іске асырылады. Барлық оқушыларға берілген бірдей тапсырма болуы мүмкін.
Сыныптағы оқушыларды белсенділігіне қарай дамыта оқытқанда білім, таным деңгейіне, қабілетіне, ынтасына қарай топқа бөлуге болады. Олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылына ықпал еткен орынды.
1 топ. «Дарынды оқушылар»
Бұл топтағы оқушылар әр деңгейлік оқытуда іс-әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге дағдыланған. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Оқу материалындағы фактілерді түсіндіріп, сараптама жасап, қолдана біледі.
2 топ. «Үздік оқуышылар».
Толық бағдарлама бойынша білімі бар, барлық анықтаманы біледі. Мағынасын түсінеді. Дарындыларға ұқсас, айырмашылығы өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды.
3 топ. «Жақсы оқитындар»
Бағдарламаға сәйкес білімі бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қортындылап, мысал келтіре алмайды.
4 топ. «Орташа оқитындар»
Кең түсіндіруді, дәлелдеуді қажет етпейтін сұрақтарға жауап береді. Оқулықтағы мәтінді оқып айта алады. Білім стандарты негізінде білім беріледі.
Бұл топтау түрінің әдісінің екінші түрін оқытуда ЖПТ-ны пайдаланған кезде оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған тиімді.
Ойын элементтерін енгізу мақсатында әр командаға ат қойып, топтың жетекшісін сайлауға болады.
Білім, таным деңгейіне сәйкес топтап жүргізу тәсілінде оқушылар топтық жарысқа бейімделеді, әр топ өзімен қатарлас топтан қалып қоймау үшін үнемі дайындық үстінде жүреді.
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушының білімінінің сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру, қабілетін дамыту міндeттері тұрады. Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей, шығармашылығын шыңдап, озық іс-тәжірибелерді пайдалануы керек. Тәрбие.орг сайтынан Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукатова Дамет Мукаметхановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: жолдары, Оқушылардың, ОҚЫТУДЫҢ, жаңа, Авторлық бағдарлама, белсенділігін, әдіс-тәсілдері, негізінде, арттыру
Көрсетілім: 159 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar