Обал мен сауап

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 371
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22639


Обал мен сауап.

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- обал мен сауап туралы түсінік беру;
- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
- мейірімділікке,үнемдей білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Өлең жолын айтады.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Әңгімелесу.
Сабақта оқушылардың «обал», «сауап» деген сөздердің мағыналарын қалай түсінетіндерін білу мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар қойамын.
- Обал дегенді қалай түсініесіңдер?
- «Обал болады», «сауап болады» деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
Тапсырма.
Сабақ оқушылардың белсенділігін артыру үшін тапсырмадан бастаймын.
Жидек тере барғанда.
Автор: Ажар ағасы екеуі жидек теруге барды.
Ағасы:
-Ажар, жидекті абайлап ал, бұтаны сындырып алма.Бізден кейін
келетіндер де бар – деді ағасы.
Ажар:
-Расында да келген адамның бәрі жидекті бұтасымен жұла
берсе,ағаштан түк қалмайды ғой.Мен мұны бұрын неғып
ойламағанмын.Мен бұрын жидек теруге достарыммен келгенде
жидекті теруге ерініп, сабағымен жұлып алатын балалар болған.
Олай істесек обал болады екен ғой.Біз оны білмей келіппіз.
Енді мен достарыма:
-”Жидекті сабағымен жұлмаңдар”,-деп айтып қояйын.
Сұрақ:
- Балалар! Ажардың ойынан кейін не айтуға болады?
- Иә, балалар, жидекті сабағымен жұлуға болмайды, ол кезде обал болады, ал жидекке жақсы қарап, оған су беріп қорғасаң сол кезде сауапқа кенелесің.
Шығармашылық жұмыс.
Сабақта лқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында бірнеше суреттер ұсынылады. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айту тапсырылады.
1. Торға қамалған құстың суреті беріледі.
2. Төгілген сүттің суреті.
3. Өсіп тұрған гүлдің суреті.
4. Құмырсқаларға қай жағдайда обал болады?
Сергіту сәті
Шаршадым «Уһ!» дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!» дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ал «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
Жаңа ақпарат.
Халқымыз “Обал болады” деп ескерту арқылы адамның, жан-жануарлардың,табиғаттың қадірін білуге шақырады.
Дәйексөз.
Тақтаға «Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің». Халық даналығы деп жазып қоямыз.
Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл - жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақылықтарға жеткізеді.
Жағдаятты талдау.
1.Әжейдің қолында су толы шелек...
2.Балапаны ұядан құлап түскен торғай шыр-шыр етіп шырылдап жүр...
3.Бөпесін көтеріп келе жатқан жас ананың қолында сөмкесі,
баласының тамағын салған сөмке...
4.Бір топ бала кішкентай күшікті бірі теуіп,бірі тас лақтырып
ызаландырып ойнап отыр. Сендер сол кезде не істер едіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген суретті бояңдар. Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып жазыңдар. Н.Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.
Қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта – тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.
Жүректен жүрекке.
Оқушыларды жүректен жүрекке жинаймыз, бір-бірімізге күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы тілектерімізді білдірейік!
Жалындашы шам шырағым
Жана берші лаулай бер.
Жүректерге жылу шашып
Бар әлемді шарлай бер Тәрбие.орг сайтынан Обал мен сауап Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айгерим Тургумбаева

Пікірлер: 0

avatar