Ойлау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 381
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23001


Сабақтын тақырыбы: Ойлау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттерге ойлау туралы түсінікберу және ой операциялары формалары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыру, тәжірибе кезінде ойлау маңыздылығын ойында мен жаттығулар арқылы білуге дағдыландыру
Тәрбиелік:Студенттерді ұйымшылдыққа, белсенділікке, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, бір – бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтын түрі:Аралас сабақ
Сабақтын типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың технологиясы:Сыни тұрғысанан ойлау, проблемалық, дамыта оқыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, өз бетімен жұмыс, репродуктивтік әдіс, ойын - жаттығулар, инсерт стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі:Интербелсенді тақта, тақырып бойынша кесте,үлестірмелі материалдар, маркерлер, слайд.
Пәнаралық байланыс:Физиология, педагогика, жаңа педагогикалық технология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Серпілген сауал»
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
1)«Ой қозғау»
2)«Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты түсіндіру)
IV. Жаңа білімді бекіту
1)Ойын жаттығулар
1)«Сөйлем құра»»
2)«Сөзді атаңыз»
3.«Кім жылдам»
V) Кері байланыс
VІ) Қорытынды
1))Үйге тапсырма
2)Бағалау.
І. Ұйымдастыр кезеңі.
«Шаттық шеңбері» (2 мин)
— Қане, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер.
— Қанекей студенттер, көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Серпілген сауал»(5 мин).
Мақсаты: өткен тақырыпбойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты:Оқытушы студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды, ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
1.Ес деп нені айтады? Оның адам өмірінде алатын маңызы қандай?
2.Ассоциация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
3.Естің түрлерін ата.
4.Естің негізгі процестерін атаңыз.
5.Есте қалдыру дегеніміз не? Материалдың мағынасына түсініп жаттап алудың шарттары қандай?
6.Механикалық есте қалдыру дегеніміз не?
7.Ұмыту неден болады және оның қандай түрлері бар?
8. Бала есі қандай жолман дамиды?
9.Есті тәрбиелеу үшін мұғалім қандай жұмыстар жүргізеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
1) «Ой қозғау» (2мин).
Мақсаты:Жаңа тақырыпқа қызығушылықты ояту мақсатында студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру.
Шарты:Оқытушы студенттерге жаңа тақырып төңірегінде сұрақ қояды, ал студенттер жеке және жұппен, кейін топпен талқылай отырып, қағазға өз ойларын түсіреді.
- Студенттер биздер ауызекі сөйлеуде ойлау деген сөзді естіп, айтып жүрміз. Осы сөзді айтқанда ең бірінші есіңізге не келеді. Соны қағаз бетіне түсіріңіз. Яғни, сіздің ойыңызша ойлау деген не?
2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты түсіндіру) (10мин).
Мақсаты:Ойлау, ой формалары, ойоперациялары, туралы студентерге түсінік беру, білім, білік, дағдыларын жетілдіру
Шарты:Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіреді, студенттер мұқият зейін қойып жаңа тақырыпты меңгеруі тиіс.

“Ойлаусыз сана болмайды-
Санасыз адам болмайды”.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелену.Түйсік пен кабылдау таным процесінің 1-ші баспалдағы, олардаң тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелерін келген мәліметтерді өңдейді.
Адамның ойы әркашанда сөз арқылы білдіріледі. Бір адам 2-ші адамға пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп түсінуге болмайды. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамға жеткізетін құрал.
Бала тіл шықпай тұрып ойлай алады. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде оның ойлау шебері кеңейеді сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен.
Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттардың құбылыстық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір – бірімен тығыз байланысты бірінсіз – бірі болмайтын құбылыс. Екеуі бірінен – бірі ажырамайтын ой процесінің компоненттерінің бірі.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болды.
Салыстыруда заттың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл
операция салыстыратын заттың бір түрлі белгілерін көрсетумен бірге, басқа белгілерінің
айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Заттарды оның түсіне, түріне, құрлысына,
қызыметіне қарай салыстыруға болады.
Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылауШындықтағы заттар мен құбылыстары жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойшабөліп алуды абстракция дейді. Мәселен квадрат, трапеция деген сөздерді <<төрт
бұрыш>> деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция. Бор, қант, қар секілді заттардың
ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” сөзін алсақ, абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама – қарсы процесті нақтылау деп аталады.
Нақтылау –абстракциялық ұғымды жеке ұғымдарымен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен жылқы деген жалпы ұғымды құлан, тай, құнан, бие т.б деп бөлсек, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал. Нақтылау ұғымды көрнекі түсіндіреді.
Жалпылау дегеніміз – бір текті заттың, құбылыстың ортақ қасиеттерін оймен
біріктіру. Жалпылау үшін заттардың маңызды белгілерін таба білу керек.
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ұғымда заттың негізгі, жалпы қасиеттерін бейнеленеді. Ұғымдар арқылы адам танымының нәтижесі қортылады. Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен “Алматы қаласы”, “Ғ.Мұратбаев” дара ұғым “кітап”, “адам” т.б жалпы ұғым болады. Мәселен “жиналыс” “студент жиналысы”, “кітапхана”, “балалар кітапханасы” т.б. Бала мектепте ғылыми ұғымды меңгере бастайды.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерлерден көрінеді. Пікір – бұл бір зат туралы мақұлдау, не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мәс “Астана – Қ.Р. орталығы десек, бұл шындыққа сай пікір,ал “Атом -ЗАТ-Ң БӨЛІНБЕЙТІН ЖӘНЕ ӨЗГЕРМЕЙТІН БӨЛІГІ” ДЕСЕК, БҰЛ ЖАЛҒАН ПІКІР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Ойлаудың күрделі форма-ң бірі-ой қорындылары.Ой қорытындылары дегеніміз-бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару.Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындыларының 3 түрі болады.
1.Дедукциялық
2.Индукциялық
3.аналогиялық ой қорытындысы.
Дедуция дегеніміз-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.Мәселен,біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды,ал балық тірі организмнің бірі десек,олай болса,балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой
қорытындысы.Мәселен,оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды,оттегі жоқ ауада,жануар да,адам да тіршілік ете алмайды,десек жалпылап оттегі жоқ ауада “барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды”деген қорытындыға келеміз.Анализ бен синтез операциялары қандай тығыз байланысты болса,индукция мен дедукцияда сондай байланыста болады.
Аналогия дегеніміз-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.Мәселен,И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда,ой қорытындысының осы түріне сүйінген.Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы,құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруіде аналогияны келтіреді.

IV. Жаңа білімді бекіту
1)Ойын- жаттығулар:
Мақсаты: Студенттердің ойлау туралы алған білімдерін практика жүзінде бекіту, ойын жаттығулары арқылы білімдерін жетілдіру,нақтылау.
Шарты: Ойын - жаттығу тапсырмалары арқылы өз ойларын жетілдіру.
1.«Сөйлем құра» Заттарды өзара тез байланыстыруды дамыту.
Студенттерге үш бір-біріне байланысы жоқ сөздерден мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрастыру тапсырылады.
Мысала, мынадай үш сөз берілсе, «өзен, қарандаш, аю» сөзінен сөйлемдер құрастыруға болады:
1. Аю қарындаш алып, өзеннің суретін салды.
2.Аю өзен жағасында отырып қарындаш кемірді т.б
1 - топқа мына сөздер: Теледидар, кенгуру, орман
2 – топа мына сөздер: Кітап, машина , жаңбыр
3 – топқа мына сөздер: Піл,арқан, өрт
4 – топқа мына сөздер: Таңертең, сарай, мысық (топпен жұмыс).

2.«Сөзді атаңыз» Ойлау процесінің икемділігін дамыту. Төменде аталған сөздерге байланысты көп сөздер құрастыру керек
Мысалы, аңдар(піл, керік, қасқыр,аю, түлкі т:б)
1 – тапсырма: спорттық заттар
2 – тапсырма: ағаштар
3 – тапсырма: әуе көліктері
4 – тапсырма: су көліктері (топпен жұмыс)
3. «Кім жылдам»
Енді мен сіздерге логикалық сұрақтар қоямын, сіздер ойланып, жылдам тез жауап берулеріңіз керек.
Логикалық сұрақтар
1. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
2.Термометраязболғасын–үшградус көрсетіп тұр. Осындайекітермометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
3.Бөлмедегіәрбұрыштабірмысықтанжәнеоғанқарама–қарсыүшмысықтанотырса,бөлмеденешемысықбар?
Жауабы: 4 мысық
4.Үстелүстіндеүшстаканшиетұр.Маратбірстаканшиеіжепқойды.Нешестаканқалды?
Жауабы: үшстакан
5.ЖүгіружарысынанАсет,Марат,Талғат үш орындыалды,Егер:Маратекіншіорыналмаса,алТалғат–үшіншіорыналмаса,кімқандайорыналды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
6Көшедеекіәкесі, екібаласы,жәнеатасынемересіменқыдырыпжүр.Көшеденешеадамжүр?
Жауабы: үшеу
7.Екібалашахматтыекісағатойнады.Олардыңәрқайсысынешесағатойлады?
Жауабы: екісағат
8.Доптылақтырғанда,допсолізіменкеріқайтуүшінонықалайлақтырукерек?
Жауабы: жоғары
9.Қараңғыбөлмедемайшамменкеросинлампасыбар.Біріншінежағасыз?
Жауабы: шырпы
10.Суғақайкездеқолдыкесіпалуғаболады?
Жауабы: егеронымұзетіпқатырса.
V) Кері байланыс
Инсерт
Студенттер белгілермен жұмыс жасайды
«-» - білмеймін
«+» - білемін
«?» - білгім келеді
VІ) Қорытынды
1)Үйге тапсырма
1.Ойлау тақырыбы бойынша сөздік қорын толтыру. Анықтамаларды қолданып, мазмұн бойынша кітаптарға бағдар жасау.
2. Бастауыш сынып балаларының ақыл - ойын дамытуға арналған жаттығулар дайындап келу (.Г.А. Урунтаева., Ю.А.Афонькина).
2)Бағалау.
Жинағанфишкатүсінесәйкесбаллсаныесептеледі. Қызылтүс–«3»; жасылтүс–«4», көктүс -- «5». Қорытындыбаллсанынфишкасанынабөлуарқылы«баға»қойылады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев «Психология», Алматы, «Білім»,2000ж.
2. Қ.С.Жұмасова «Психология», Астана, «Фолиант», 2006ж
3. Қ.Жарықбаев, Ө.Озғанбаев «Жантануға кіріспе»,Алматы, 2000ж. Тәрбие.орг сайтынан Ойлау Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаймағанбетова Гулмира Елтаевна

Пікірлер: 0

avatar