Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1022
  • Авторлық бағдарлама
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18722


Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру.

Развитие интереса учащихся к предмету
через использование игровых форм.
Нурбаева Даниял Сембайқызы.

№17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бағдарлы мектебінің
қазақ тілі оқытушысы.

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті-оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Осындай мақсаттардың бірі-оқушы бойында Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып,олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры өз халқының тілінде. Қазақ тілі – әлеуметтік, рухани-адамгершілік эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін басты мақсаттардың бірі – балаларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақта үйренген сөздерді қолдана отырып сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге және оны ауызекі сөйлеуде қолдана білуге үйрету.

Ойын үстінде баланың түрі қасиеттері, қабілеті мен белсендігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С. Макаренко былай дейді. «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.
Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Қазақ тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын түрлерін қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым-қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл,оңай меңгертуге болатынын түсіндім.

Сол себепті кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынта-жігерімен араласатыны анық. Сондықтан бұл ойындарды оқушылардың білімдерін бекіткенде,бір тақырыптан келесі тақырыпқа келгенде, бір үлкен тарау аяқтағанда қолдануға болады. Сонымен қатар қазақ тілінен дидактикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық көргіштігін, қырағылықтарын қалыптастырады. Мен өз сабақтарымда әр түрлі танымдық ойындарды жиі қолданамын. Бұл: «Өз жартыңды тап», «Қатеңді тап», «Қазымыр оқушы», «Пошташы», «Мәтін бөліктері».
Мысалы 1-сыныпта «Көкөністер, жемістер» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсеттім. Сабақ барысында үй жұмысын тексеруде «Пошташы» танымдық ойынын жүргіздім. Қазақ тілі пәніне пән дыбыстарды есте сақтау қабілеттері арқылы табу, оқушылардың білімін тексерілетін сөздер арқылы бекіту, сөздік қорларын бекіту.

Жүріс: Пошташы балалар топтарына (4-5 адам) шақыру қағаздарын тапсырады. Балалар оларды қайда шақырғандығын анықтау керек.

Бақ Мектеп Азық-түліктер

Бірінші шақыру қағазы: ж..зім, алм..рт, ..рік.
Екінші: д..птер, к..тап, ..алам.
Үшінші: с..т, ш..жық, ..рімшік, ж..мыртқа

1. Сызықтардың орнына керекті әріпті қой.
2. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрату.

Ойын барысында оқушыларды қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгере алғандығын және осы сөздер арқылы сөз тіркестерін құрай алатынын көрсетті. Жаңа сабақты қорытындылау бөлімінде алған білімдерін жинақтау үшін «Біліміңді шыңда» танымдық ойынын жүргіздім.
Жүріс: Тақтада ілулі тұрған әр түрлі көкөністер мен жемістерді ойын шарты бойынша оқушылар екі себетке бөліп салу керек және оларды атап шығады. Бақшада не өседі? Бақта не өседі?
Бұл ойыннан оқушылардың көкөністер мен жемістерді ажырата алатындығын және жаңа сөздерді меңгергендігін түсіндім.
Мысалы алтыншы сыныпта мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1. Кіріспе.
2. Негізгі ой.
3. Қорытынды.
4. Толықтыру.

Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әр топтан кейін толықтырып отырады. Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырып, қай топтың анағұрлым нақты айтқанын анықтайды. Ойын өткізу барысында оқушылар белсене қатысады. Ең қуаныштысы, осындай сабақтарда нашар оқитын оқушылар үлкен әуестілікпен қатысады. Егер сабақ сайыс, жарыс түрінде құрылған болса, әрине әрбір бала алға түсуге, жеңімпаз атануға ұмтылады, ал ол үшін жақсы білімді болу керек, яғни балалар мұны түсініп, сабаққа қатысуға тырысады. Әрбір осындай сабақтан кейін мен балалардың «тағы да ойнайық» немесе «енді қашан осындай сабақ болады» деген сұрақтар естимін.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.

Рөлдік ойындардың негізгі талаптары:

1. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да,тілі де нанымды және сенімді шығады.
2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса, соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Рөлдік ойындарда мұғалімнің орны қандай?
Ойын барысында мұғалімнің рөлі үнемі өзгеріп отырады.

1. Бастапқы кезде мұғалім баланың балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3. Мұғалім көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
4. Ойын барысында мұғалім баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
5. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе:ақкөңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі.
Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Мысалы: 3 сыныпта «Дүкенде» тақырыбы бойынша дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы,сатып алушының әрекеттеріне еліктеді. Оқушылармен бірге өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы жайлы әңгімеледік. Бұл ойын оқушыларға этикалық тәрбие береді. Оқушылар сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасына қолдануға, мәденитті сөйлеуге үйренді. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тыңдайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.

Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санссуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар,логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойындарды оқу моделінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып қанағаттанады.

Сабақты біріңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ тілі оқулығы, Алматы, «Атамұра»-2005.
2. Ж. Қалиева. – Ойындар, сценарийлер, сайыстар. Қостанай.
3. Ә. Исабаева. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, «Қазақстан Университеті».
4. А. Адамбаева. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.
5. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет журналы.
6. Е. Сағындықов. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісіне пайдалану.
7. Модульдік оқыту технологиясы. М. Н. Жанпейсова. Алматы: 2002 Тәрбие.орг сайтынан Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурбаева Даниял Сембаевна

№17 Жалпы орта білім беретін саралап оқытатын бейіндік мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar