Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қол саусақтарының жаттығуларын қолдану арқылы балалардың Жалпы сөйлеу тілін дамыту
  • 10.11.2016
  • 315 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19971

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (20.5Kb)

Сөйлеу тілі мен қол саусақтарының әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты екендігі барлығымызға белгілі.Және де осы қол ,алақан, саусақтар – баланың ойлау қызметінің механизмін қалыпқа келтіретін басты мүшелер екендігі де мәлім. ЖСТ дамымаған балалардың сөйлеу тілін дамытуда,үлкендердің негізгі міндеті – балалардың қол саусақтарының ұсақ моторикаларының жаттығуларын қолдану арқылы сөйлеу тілінің дамуына көмек көрсету б.т.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында балалардың сөйлеу тілінің дамуы,қол саусақтарының дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты екендігі анық болған.Егер қимыл-әрекеттер баланың жасына сай дамитын болса,онда сөйлеу тілінің дамуы да белгілі бір қалыпқа байланысты болады.Егер де қол саусақтарының қозғалыстарының дамуы артта қалса,онда сөйлеу тілінің дамуы да артта қалады. Нашар сөйлейтін балалардың саусақ әрекеттерінің әлсіздігі, ұсақ моториканың жеткіліксіз түрде дамығандығын көрсетеді. Н.С. Жукова, М.М. Кольцова, Е.М. Мастюкова, Т.Б. Филичева секілді атақты дефектолог-ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі, қол саусақтарының әртүрлі жаттығуларының сөйлеу тілі дамуына оң әсерін тигізетіндігін дәлелдейді.
Адамзат үшін қолдың жақсы дамуы көптеген пайдасын тигізеді: біріншіден қолдарды жақсы икемдену арқылы көптеген қажетті және пайдалы заттар жасауға болады,ал екіншіден қол саусақтарының ұсақ моторикаларының жақсы дамуы сөйлеу тілінің дамуын жақсартады, яғни «қол саусақтары қалай жұмыс жасаса, баста дәл солай жұмыс жасайды».
ЖСТ дамымаған балалардың сөйлеу тілін дамытуда, қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне - өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: түймесін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сөйлеу тілін меңгереді.Бірақ оның толыққанды өзіндік дәрежеде дұрыс қалыптасуына кейбір себептер кері әсерін тигізеді.Солардың біріне ұсақ моториканың нашар дамығандығын жатқызуымызға болады.
ЖСТ дамымаған балалардың сөйлеу тілін дамытуда, қол саусақтарының жаттығуларын қолданудың,яғни ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
ЖСТ дамымаған баланың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуының негізгі әдістеріне:баланың өзіндік жасына,деңгейіне сай қол саусақтарына арналған ойындар,нақтырақ айтқанда саусақ жаттығулары,ертегілері,саусақ көріністері түрінде қолдану баланың ұсақ моторикасының дұрыс қалыптасуына алып келеді.Баланың сөйлеу тілінің дамуы қол саусақтарының моторикасымен тығыз байланысты екендігін жоғарыда айттық. Яғни ұсақ моториканың дұрыс дамуының нәтижесі, артикуляциялық аппараттарды дұрыс қолдана алуына, дыбыстарды дұрыс айтуына,сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың әріптерді дұрыс жазуына мүмкіндік туғызады.
ЖСТ бұзылысы бар балалар қол саусақтарының қимылдарын дұрыс бағытта сирек қимылдатады. Әдетте балаларда қимыл-әрекеттерді меңгеру қиындықтары, сенімсіздіктер, синкинезия (дененің басқа мүшелерінің қимылдарының бірігуі)байқалады.
М.М. Кольцова қол саусақтарының қимылдары ОЖЖ дамуына әсерін тигізетіндігін және баланың сөйлеу тілін жылдамдататындығын анықтады.Олай болса ұсақ моторикаға жауап беретін бас миының тамыр аймақтары логопедиялық әрекет жүйесінде негізгі қажетті элемент болып табылады.Нақтырақ айтқанда жеке элемент ретінде ғана емес, түзету жүйесінде негізгі құрылым ретінде.
Саусаққа арналған жаттығуларды сәбилердің 2-3 айлығынан жасауға болады.Алысқа бармай-ақ өзіміздің қазақтың ұлттық « Қуыр,қуыр,қуырмаш», «он саусақ», «осы саусақ әкем,осы саусақ анам.... осы саусақ мен,яғни менің жанұям» секілді т.б ойындарды балаларды кішкентай кезінен бастап пайдалануымызға болады.
Мысалы ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.

- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.
Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».
Қолға көптеген өлеңдер арнап,әңгімелерде жазылған. Ал жалпы халық даналары қолдың қажеттілігін жұмбақтар арқылы білдірткен: «Ал, қанекей мынаны айта ғойшы, мына тонның екі жағынан жармасқан он ағайындылар не ол өзі?, мақалдарда: «Қолдарына ерік беру», «Көз қорқақ, қол батыр»,«Қолым босады».
Саусақ жаттығулары пассивті және активті деп 2-ге бөлінеді.
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.Пассивті жаттығуларға:уқалау,сипау,діріл жатады.
Біз саусақтың ұсақ моторикаларын дамыта отырып, адамның ішкі мүшелеріне әсер етеміз. Су – Джок терапиясының авторы Пад – Жеву біздің ағзамыздағы белсенді нүктелер қолымызда болатындығын дәлелдеді. Дамуында әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады.Оның негізгісі сылау,сипау,қысу,сілкілеу,қозғалту,дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары.Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер,зонд,дөңгелек,массаж доптар,спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланылады.Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады.
Активті жаттығуларға:дауыстың сүйемелдеуімен (түрлі тақпақпен, көрініспен т.б сүйемелдеу) және сүйемелдеусіз жатады.Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі.
Біз тәжірбие жинақтау үшін мектеп қабырғасында практикаға барғанда, балаларға саусақ ойындарын сергіту жаттығуларын, ертеңгілік жаттығуларды, барлық ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттері барысында үнемі пайдаланып көрдік. Нәтижесінде балалардың сөйлеу тілі, қимыл-қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.
Бала бақшадағы логопедиялық топтардағы жұмыс тәжірбиелері көрсеткендей балалардың сөйлеу тілін дамыту қол саусақтарының қимылдарын қалыптастыру деңгейімен тікелей байланыстығын нақтылайды.Біз саусақтарды жаттықтырып,бас миы қабығының жұмыс қабілеттілігіне жақсы әсер ете отырып,қолды жазуды жазуға дайындаймыз.Сондықтанда күнделікті өмірде баланың жеке қабілеттерін ескере отырып,жалпы және арнайы моториканың дамуы үшін тапсырмалармен ойындарды біріктіре отырып беру өте маңызды. Қолдың бұлшықеттерін дамыта отырып,балаларды тек жазу жазып, сурет салуға ғана машықтандырып қоймай, сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсетуге (түймелерді ағыту, бауларды байлау) де бағыт беруге болады, яғни сөйлеу тілін бір уақытта қалыпқа келтіре отырып,баланың интеллектуалды қабілеті дамиды.
Педагог-дефектологтармен педагог-психологтар қол саусақтарының жаттығуларын қолдану барысында тақпақ, мәтіндерді жаттатқызу сөйлеу тіліне, ойлауға, назар аударуға, эмоционалдылығын дұрыс дамытуға, ептілікке, жылдамдыққа өзіндік ықпал ететіндігін айтады.Бала тақпақтарды жақсы жаттаған сайын,оның сөйлеу тілі де айқындала түседі.
В.А.Сухомлинский айтып өткендей балалардың қабілеті мен дарындылығының қайнар көзі – олардың саусақтарының ұштарында. Саусақ арқылы,нақтырақ айтқанда өте жіңішке жылғалар арқылы шығармашылық ойлар қоректеніп,дамиды,сондай-ақ сөйлеу тілі нақты,анық қалыптасады. Тәрбие.орг сайтынан Қол саусақтарының жаттығуларын қолдану арқылы балалардың Жалпы сөйлеу тілін дамыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тыныстан Толғанай Қанатқызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №133 жалпы білім беретін мектеп педагог-логопед

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 315 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar