Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 437
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22946


Тақырыбы: «Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар»
Мақсаты: Қолдың бұлшық еттеріне жаттығулар жасата отырып , дамуларына ықпал жасау. Ептілікке баулу. шапшаңдыққа тәрбиелеу. Салауатты- өмір салтын ұғындыру.
Әдіс - тәсілдер: АКТ,ойын технологиясы.Ертегі желісінен үзінділер.
Қажетті құралдар: Үнтаспа, штанга, балаларға арналған гантель, қолдың бұлшық етін нығайтатын резеңке.
Ғажайып сәт: Штанга көтерген «Балапан» арнасының кейіпкері - Спортокус.

Іс -әрекет
кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы

3 минут

Ұйымдастырушы-
лық,
ізденімпаздық

14 мин



Рефлекциялық,
түзетушілік


3 мин

Бір қатарда маршпен сап түзеп спорт залына кіреді.
Сәлемдесу.

Бүлдіршіндерінің денсаулықтары туралы мәліметті балабақша мейіркеші -Оразаева Жанар апайдан сұрап білейік.

Шеңбер бойында айнала жәй жүріп келе жатып бой қыздыру жаттығуларын орындау.
Саппен келе жатып екі қолды кеуде
тұсында бүгіп сермеу.
Оң қапталға сермеу.
Сол қапталға сермеу.
Екі қолды жоғары көтеріп алақанды соғып,аяқтың ұшымен жүру.
Екі қолды белге ұстап сол иықпен бұрылып, шеңбердің ішкі бетімен жүру және оң иықпен бұрылып шеңбердің сыртқы бетімен жүру.
Екі қол белде табанның сыртымен жүру,
екі қол белде өкшемен жүру.
Маршпен жүріп бір қатарға сап түзейді
Бейнежазбаға назар аудару.
(Бейнежазба. « Балапан» телеарнасының сүйікті кейіпкері Спортокус және оның достары) .
Ғажайып сәт:
Зіл темір көтерген көңілді Спортокус келеді .
Сәлеметсіздер ме балалар ! Мен де спортты ұнатамын,сіздермен бірге жаттыққым келеді.Сіздерге әкелген қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған гантелім бар.(Балаларға гантельді тарту етеді) .
Б.қ. Маршпен гантельді оң қолға ұстап жүреді.
Сапта келе жатып үш қатарға бөлінеді.
Үш қатармен орындарында сап түзеп тұрады.

Жан-жақты дамыту жаттығулары.
(гантельмен)

1. Мойынға арналған жаттығулар.
Бастапқы қалып:
Денені тік ұстау, гантель оң қолда өкше бірге, аяқтың арасы сәл алшақ қалпында тұру.
Б.қ.
1-Басты оңға бұру.
2-б.қ
3- басты солға бұру.
4-б.қ,
1-басты артқа шалқайту.
2- б.қ.
3- еңкею.
4-б.қ 4 рет.
2.Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ Аяқтың арасы сәл ашық, гантель төменде.
1- оң қолды жанымызға созу.
2- қолды бүгу.
3-қолды жанымызға созу.
4- б.қ. келу 4 рет.
Б.қ
1- сол қолды жанымызға созу.
2- қолды бүгу.
3-қолды жанымызға созу.
4- б.қ. келу 4 рет.
3.Белге арналған жаттығулар.
Б.қ.Аяқ иық деңгейінде.
Гантель оң қолда,сол қолымызды белге қойып сол қапталға иілу.
1-4 рет. 2 рет.
Гантель сол қолда,оң қолымызды белге ұстап оң қапталға иілу.
1-4 рет. 2 рет.
4. Еденде отырып , қолды иық тұсымен

бірдей арқа тірей орындалатын жаттығулар.
Б.қ. Көлденеңнен отырып аяқ үстіне
гантельді қойып көтеру.
1-аяқты бірдей жәй көтеру.
2-б.қ 4 рет
5. Жеңіл секіруге арналған жаттығулар.
Б.қ аяқ бірге, қол белде.Еденге қойылған
гантельдің үстінен қос аяқпен жай секіру.
1-алға секіру,
2-Б.қ келу. 4 рет
Негізгі қимылды жаттығу.
Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Бейнежазбаға назар аудару.«Кім күшті » ертегісінен үзінді.
Тәрбиеші:Балалар бір сәт бейне жазбаға назар аударайықшы: Біздің де күшіміз көп болсын десек қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған негізгі қимылды жаттығуларды Спортокуспен бірге орындайық.
1. «Резеңке арқылы қолдың бұлшық етін шынықтыру».
2. «Кедергілер арасынан төрт тағандап еңбектеу».
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қол күресі».
Ойын шарты: Балалардың қолы столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады, немесе партадан ұстайды.Осылайша ұстасқан екі ойыншы тәрбиешінің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Енді төрт ойыншыдан екі-екіден жұптасып,ойынымызды бастайық.
Тыныс алу жаттығулары:
Аяқтың ұшын сәл көтеріп, екі қолды қапталға созып терең тыныс алу.
Б.қ
Спортокусқа ризашылық білдіру :


Мадақтап ,қортындылау.


Топқа баруларыңызға рұқсат.

Сау болыңыздар! Маршпен сап түзеп залға кіреді.
Балалар қонақтармен амандасады.

Мейіркеш апай балалардың денсаулықтарының жақсы екендігін айтты.

Көтеріңкі күйде болып бой қыздыру жаттығуларды орындады.

Жаттығуларды орындау барысында музыка ырғағына сай белсенді қозғалыс жасады.

Бейне жазбаға назар аударып тамашалады.

Ғажайып сәтті ерекше көнілмен қарсы алды

Спортокустың
сыйға тарту еткен гантельдеріне қуанды.
Балалар Спортокуспен бірге -жан-жақты дамыту жаттығуларын жасауға келісті.

Дене тәрбиесінің денсаулыққа пайдасының зор екендігін ұғынды.

Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды тапсырмаға сәйкес жасап менгерді.

Бейнежазбаға назар аударып қуанышпен қабылдады.
Қимылды жаттығуларды қайталап орындады.

Қол күресін бар ынталары
мен ойнап жеңімпаз болуға талпынды

Тыныс алу жаттығуларын орындады.

Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық дене мүшеміз.
Денсаулық – ол тыныққан,
Біздің жүйке жүйеміз.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай!.

-Сау болыңыздар!
Балалар маршпен спорт залдан шығады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:.Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды жасай білді.
Меңгереді: Гантельді еркін пайдаланып тапсырмаға сай жаттығуларды жасап меңгерді.
Игерді: Арақашықтықты сақтап, достық қарым - қатынаспен белсенділікпен оқу қызметін игерді. Тәрбие.орг сайтынан Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алгазиева Райкуль

Пікірлер: 0

avatar