Қолшатыр мерекесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 236
  • Авторлық бағдарлама
  • 17/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23053


Жүргізуші: Құрметті ата- анлар, «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары!
Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз. Биыл 2014 жылдың  «Арайлы Алтын» күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін!
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
-Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

1-бала:Тоңазып атырап,
             Көп жеміс піседі.
             Сарғайып жапырақ,
             Саудырап түседі.

2-бала:Аспанды сұрғылт бұлт,
             Жан-жақтан жабады.
             Күн бірте суытып,
             Жауын көп жауады.

3-бала:Көк майсалы көрікті,
             Алқаптағы көп егін.
             Бұл күндері киіпті,
             Сары жібек көйлегін.

4-бала:Ағаштардан жамырап,
             Ұшты кенет жапырақ.
             Ой, алақай, тамаша,
             Шашу шашты жапырақ!

Ән: «Күз келді»

Жүргізуші: Балалар жаңбыр жауғысы келіп тұрған сияқты, демек бүгін біреудің мерекесі, ал ол кімнің мерекесі екенін білу үшін, жұмбақты шешуіміз керек.

Жұмбақ:  Күрке ғой көрсең алыстан,

                  Астында адам қорғалар.

                  Ұстасаң бір тал қамыстан,

                  Төбеден суы сорғалар.

Балалар: Қолшатыр.

 

                           Осы кезде жаңбырдың дауысы естіледі.

Жүргізуші: Ой, балалар, жаңбыр жауайын деп тұр, ортаға қолшатырды шақырайық. Бүгін оның мерекесі ғой.

                     Балалар дауыстап шақырады. Ортаға қолшатыр шығады.

Қолшатыр: Егер күн бұлттанып  түнеріп, жаңбырын төксе, қолшатырдың астына жасырынып, жаңбырдың тоқтауын күтеміз.

-Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен қолшатырмын. Менің не істейтінімді білесіңдер ме?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Балалар, қолымызда қолшатыр болмаса, жабырдың астында қалып, үстіміз су болатынын білмейсіңдер ме? Қолшатыр адамдарды жаңбыр мен қардан қорғайды.

Қолшатыр: Дұрыс айтады, мен болмасам сендерді қар мен жаңбырдан кім қорғайды.

                                   Ортаға екі пар етік шығады.

Етіктер: Егер жаңбыр жауса, сіздер аяқтарыңа етік киіп аласыңдар. Сосын аяқтарыңыз су болмайды. Солай ма балалар, сендер менімен келісесіңдер ма?

Балалар: Иә.

Қолшатыр(ренжіп): Мейлі сендердің аяқтарың су болмаса да, үсті-басыңыз су болады. Сендер етікті бастарыңа киіп алмайсыңдар ғой. Олай болса, сол етіктеріңмен қала беріңдер.

                         Қолшатыр есікке қарай жүріп кетеді.
Жүргізуші: Тоқта, қолшатыр ешқайда кетпе. Балалар қолшатырды ренжітуге бола ма екен, бүгін оның мерекесі. Қолшатыр бізбен бірге қал, ойын ойнаймыз. Балалар,  қолшатырдың бізге керек екенін білсін.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Шарты: Ортаға жапырақтар мен тамшыларды шашып тастайды. Көңілді әуен ойналып, жүргізуші «күн» дегенде, балалар бір себетке жаңбыр тамшыларын, ал, екінші себетке жапырақтарды жинау керек, жаңбыр жауғанша тездетіп жинау керек. Ал, жаңбырдың дыбысы естіліп, жүргізуші «жаңбыр» дегенде балалар қолшатырдың астына жасырынады. Ойын басталмас бұрын жүргізуші екі себетті ортаға қойып, біріне тамшыларды, біріне жапырақтарды, жаңбыр жауғанша тездетіп жинау керектігін ескертеді.

Жүргізуші: Балалар көрдіңдер ме, қолшатыр болмағанда біз қайда жасырынатын едік, үстіміз су болатын еді. Енді қолшатырдың қандай көмегі бар екенін білдіңдер ме? Тіпті етіктердің өздері де қолшатырдың астына жасырынып қалды.

Қолшатыр(мақтана, келемеждеп): Етіктер, етіктер. Жаңбыр жауып еді тіпті сендер де, су болып, менің астыма келіп жасырындыңдар.

Жүргізуші: Жарайды сендер дауласпаңдар, балалар одан да біз оларға жаңбыр туралы ән айтып берейік.

Ән: «Жаңбыр»

Қолшатыр: Балалар, сендер мен туралы, жаңбыр туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақтар.

Мама зонтик мне купила

Взрослый, настоящий.

Ярко-розовый, красивый,

С ручкою блестящей.

Если дождь польет опять,

Под зонтом пойду гулять!

 

Не боимся мы дождей

И прохладных, хмурых дней.

Будем петь и веселиться,

Взявшись за руки, кружиться.

 

Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.


Жүргізуші: Иә, қолшатыр, саған балалардың тақпақтары ұнады ма?

Қолашатыр: Иә, енді мен сендермен би билегім келіп тұр.

Жүргізуші: Балалар, олай болса, қолшатырмен бірге би билейік.

 

Би: «Қолшатыр»

 

Жүргізуші: Балалар, енді ойын ойнасақ қайтеді?

Балалар: Иә.

 

Ойын: «Кім орындыққа тез отырады»

Шарты: Қолшатыр мен етіктер төбелеріне теңіз жағалауындағыдай қолшатырды ұстап тұрады, сол шатырдың астына бес орындық қойылады. Ойынға алты бала қатысады, әуен ойналғанда, балалар орындықты айнала жүгіреді, ал жаңбырдың дыбысы естілгенде, орындыққа отырып қалу керек. Кім отыра алмай қалса, сол бала ойыннан шығады. Сөйтіп, орындық пен бала азая береді де, соңында қалған бала жеңіске жетеді.

Қолшатыр: Жарайсыңдар, балалар, сендерге риза болдым көп рахмет, енді мен сендермен қоштасатын уақытымда жетті.

Етіктер: Иә, балалар, қолшатыр дұрыс айтады, бізді басқа балабақшада балалар күтіп қалды. Біз соларға барайық. Келесі кездескенше сау болыңдар.

                   Үшеуі балалармен қоштасып, музыка әуенімен шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар, манадан бері жаңбыр, қолшатыр туралы айтып жатырмыз. Қазір жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Бұл құбылыстар қай мезгілде болады, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Иә, ол күз мезгілінде болады.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, күз мезгілінде болады.  Балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты.

   Осы кезде желдің дауысы шығады да, әуен естіледі. Ортаға билеп күз ханшайымы шығады.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдерме, қонақтар!
Мен –Күз ханшайымымын! Жайдары, жарқын жүзбін. Сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Рахмет, саған Күз ханшайымы! Отырыңыз жайғасып! Балалар, сендердің күзге арнап жаттаған тақпақтарыңды тыңдайық.

Тақпақтар.
1-бала: Күзде жауын,бұлт,тұман,
             Сары жапырақ жауады!
             Сары құйын ұйытқан,
             Сапырады ауаны.
2-бала: Тапталады табанға,
             Судыр-судыр жапырақ.
             Өрттей сары бояуға,
             Малынғандай атырап.
3-бала: Қайтқан құсты көрдің бе,
              Қаптай ұшқан әуелеп.
              Күткен күзім келдің бе,
              Сыңсып бағың мәуелеп.
4-бала: Қамба толды астыққа,
              Алғыс саған,алтын күз!
              Бір уыс дән шаштық та,
              Қап-қап қауын алдық біз.

5-бала: Қуандырып біздерді
              Мерекелі күз келді
              Кел, жемісті Алтын күз
              Кемелденсін халқымыз

6-бала: Астық жеміс жиылды
              Қамбамызға құйылды
              Ардақты күз мың алғыс
              Алдық өнім сыйыңды
7-бала: Көбейді құт береке
              Астық толы қоймамыз
              Құтты болсын мереке
              Алтын күзді тойлаймыз

Күз х/мы: Балалар, мен өзіммен бірге түрлі жапырақтарымды ала келдім. Кәне, сол жапырақтармен би билейік.

Би: «Жапырақтар»

Күз х/мы: Балалар, сендер жеміс-жидектер мен көкөністердің барлығы күз мезгілінде пісетінін білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Күз х/мы: Олай болса мен сендерге жемістер мен көкөністер алып келдім. Сол жемістер мен көкөністермен ойын ойнасақ қайтеді. Мен сендердің көкөністер мен жемістерді қалай айыратындарыңды , әрі шапшаңдықтарыңды біліп, көргім келіп отыр. Ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

 

Ойын: «Кім тез жинайды?»

Шарты: Екі командаға бес баладан бөлініп тұрады. Екі команданың қасында екі себет болады, ал алдында жақта, әріректе ортада үстел үстінде табаққа салынған көкөністер мен жемістер салынған. Сол жемістер мен көкөністерге балалар, қапшықты аяғына киіп, секіріп барады да, бірі жемістерді, ал екінші команда көкөністерді жинайды. Қай команда тез, әрі дұрыс жинаса, сол жеңіске жетеді.
Күз х/мы: Жарайсыңдар, тапқыр, әрі шапшаң екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым.

Жүргізуші: Балалар, енді күз ханшайымына «егін жина» әнін орындап берейік.

 

Ән: «Егін жина»

 

Күз х/мы: Балалар, өнерлі екенсіңдер, мен сендермен қоштаспаймын, әлі де азғантай уақыт боламын, бірақ мені басқа да бүлдіршіндер күтіп отыр. Мен соларға барайын сау болыңдар.

    Әуен ойналып, шығып кетеді.

Жүргізуші: Мінеки, балалар, көптен күткен күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізде аяқталды. Құрметті қонақтар қош сау болыңдар.

 

Тәрбие.орг сайтынан Қолшатыр мерекесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акмурзаева Татьяна Коспаевна

Мангистауская обл. Город Актау Ясли-сад №56 «Жулдыз»

Пікірлер: 0

avatar