Омоним қосымшаларды оқыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 287
  • Авторлық бағдарлама
  • 15/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20044


Омоним қосымшаларды оқыту
Қазақ тілін оқыту – үлкен шеберлік пен сыни ойлылықты қажет ететін үнемі жалғасын таба бермек үрдіс. Лексико-грамматикалық, синтаксистік жақтарын қарастыра берсек, балаларға ұғындыру мен меңгертудің жаңаша бір әдістерін ізденуді қажет етеді. Грамматикалық өзгерістерін айтатын болсақ, қосымшалары өте көп. Соның ішінде көптеген қосымшалар әрбір тақырыптарда әр түрлі болып жиі кездесе береді. Мәселен, -ды, -ді, -да, -де, -мен, -бен, -пен және тағы басқалар. Биылғы жылда менің ұстазым, жетекшім Абуталипова Әсемгүл Бағытбайқызымен бірге осы омоним болатын қосымшаларды жетене қарауды басты назарға ала отыра, оларды тереңірек қарастырып, сабақ барысында талдауда қателік пен шатастырулар жібермеудің жолдарын қарастырдық. Көптеген әдіс-тәсілдер арқылы оларды әрбір тақырыптарға, яғни грамматикалық тақырыпшаларға қатысты екендігін ерекше назарға ала отыра, есте сақтаудың, талдау барысында шатастырмаудың жолдарын қарастырдық. Осы тақырып бойынша ғылыми жұмыс жазып, осы ізденістеріміздің нәтижесін, бұйырса, облысқа апармақшымыз. Ғылыми жұмыстардың тақырыптары сан алуан, дегенмен де, жетекшіміз екеуміз қазақ тіліндегі ең өзекті мәселе ретінде аталмыш тақырыпты таңдаған едік. Осындай өзекті тақырыптарды әр бала жетекшілерімен жетене қарастырып отыратын болса, келелі және көкейкесті тақырыптар мен тақырыпшалар талдау барысында, болмаса тілді меңгерудегі қиындық тудыртпайтындығы, болмаса кедергілерді азайтатындығы мәлім болды. Жұмысымыздың нәтижесін келесі мақаламда жария етпекпін. Әзірше, осы мақала арқылы аудан, облыс мектептерінің жоғарғы буыны білім алушыларын ғылыми жұмыспен айналысудан қорықпаңыздар және де ғылыми ізденіске түсуден бас тартпаңыздар деген үндеу жасағым келеді. Себебі, ізденіс үстінде болу – өзіңді тағы да бір алға жылжытумен іспеттес. Барша замандас-құрбыларға ғылыми жұмыста табысқа жете берулерін тілеймін.
№28 Құсмұрын орта мектебі
9-сынып оқушысы Серік Аяжан Тәрбие.орг сайтынан Омоним қосымшаларды оқыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серік Аяжан

№28 Құсмұрын орта мектебі. 9-сынып оқушысы

Пікірлер: 0

avatar