«Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорнындағы бағаның құрылуы»

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 987
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19146


Сабақ жоспары
Оқытушы: Туманбаева Шырайлым Мейирбекқызы
Пәні: Қонақ үй шаруашылығының экономикасы
Тобы: 3 Қонақ үй 13 б/б
Сабақ тақырыбы: «Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорнындағы бағаның құрылуы»

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Студенттерге қонақжайлылық индустриясы кәсіпорнындағы бағаның құрылуы туралы толық меңгерту.
2. Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін дамытып, есте сақтау қабілетін жақсарта отырып, сабаққа деген белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын
таныстыру арқылы кәсіпкерлік пен білімділікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, талқылау, сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: математика, маркетинг негіздері, кәсіпорын экономикасы
Көрнектілігі: Слайд, бейне ролик

Сабақ жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
• Оқытушы бүгінгі сабаққа студенттерді түгендеп алады, кабинеттің, тақта тазалығын қадағалау.
• «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
• Бейнеролик
Үй тапсыпмасын тексеру (25 мин)
• Слайд жасау: «Кәсіпорын экономикасындағы бағаның рөлі. Баға операциялары»
«Кәсіпорын экономикасындағы бағаның операциялары»
«Қонақ үй кәсіпорынындағы бағаның рөлі. Баға операциялары»
• Реферат жазу: «Кәсіпорын экономикасындағы бағаның рөлі. Баға операциялары
Үй тапсырмасын бекіту ( 10 мин)
• Карточкамен жұмыс
1.Кәсіпорын дегеніміз не?
2. Кәсіпорын экономикасы дегеніміз не?
3.Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары?
4.Кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жағдайлар?
5.Инновация дегеніміз не?
6.Кәсіпкерлік қызмет қалай жүзеге асады?
7.Баға дегеніміз не?
8.Бағаның жасалу процесі?
9.Баға негізін қалаушыларды ата?
Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу
кезеңі
Сұрақ – жауап:
1.Баға операциялары дегеніміз не?
2. Баға операцияларын қандай критерлер арқылы жүктеуге болады?
3.ҚР “Валюталық реттеу туралы” заң қашан қабылданды?
4. Валюталық операциялары нешеге бөлінеді?
5. Валюталық тіркеу нешеге бөлінеді?
6.Сыртқы саудада есеп айрысудың формулалары неше бөлінеді?

Жаңа білімді меңгеру кезеңі (20 мин)
Қонақжай индустриясы кешенді болып табылады. Ол түрлі кәсіпқой шешімдерді және жағдайларды игере білудегі тәсілдердің жиынтығы. Индустриялы кәсіпорын әртүрлі қызметтерді орындайды (мысалы, клубтар, қонақ үйлер, пансионаттар) және олар өзара байланысты. Қонақжай индустриясын зерттеуде ол өзіне әртүрлі салаларды және секторларды қосатынын білу керек, ара қатынас жүйесін ұғыну, яғни бұл жерде қонақжай индустриясын басқа индустриясының арақатынасы.
Қонақжай индустриясы фирмадағы және ұйымдағы қызметкерлердің бірігіп, олардың әрқайсысы қонақтардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған арнайы өздеріне лайық функциясын көрсетеді.
Орналастыру әдістерінің секторы. Туристерді орналастыру құралы кез-келген обьект, яғни түнеу орны, сонымен қатар тамақтану, ойын-сауық болып табылады.
ВТО ұсынысы бойынша орналастыру әдістерін 2 категорияға бөлді,
1. ұжымдық
2. жеке





Қонақ үй индустриясы – бұл экономикалық іс - әрекеттің негізгі бір бөлігі болып есептелінеді. Қонақжайлылық индустриясының дамыған көрінісі ретінде қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтер мен пансионаттарды әртүрлі мөлшерде төлем төлеп тұру болып есептеледі.
Орналастыру құралдары болып адамдардың уақытша тоқтауына мүмкіндік жасалған барлық объектілер саналады. Ал қонақ үй тұтынушылардың уақытша тоқтайтын, тамақтанатын және бос уақыттарын өткізетін объект болып саналады және ең кемінде 10 нөмір болу керек.
Қонақ үй қонақ үй индустриясындағы кәсіпорындарын мына критерийлер бойынша классификациялауға болады.
1) Нөмірлік қордың саны бойынша:
- шағын қонақ үйлер (150 орын);
- орта қонақ үйлер (150 – 299 орын);
- үлкен қонақ үйлер (300 – 600 орын) ;
- мегаотельдер (600 – ден жоғары);
Жаңа білімді бекіту кезеңі (15 мин)
1. Бір – біріне жақын орналасқан нөмірлер қандай бөлмеге тән?
2. Келген қонақтарды, клиенттерді қабылдап, қалаған бөлмелеріне орналастырып, оларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету функцияларын кім атқарады
3. Қабылдау және орналастыру бөлімінің функциялары қандай
4 Бұл қызметкер қонақтарды қарсы алып, тіркеп, төлем құжаттарын дайындап, қонақтардың барлық мәселелерін шешеді, яғни бағыт-бағдар береді, олар кімдер?
Қорытынды
Қонақ үй шаруашылығының мәселелерi (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмге экономикалық талдау жасаудың негiзi болып табылады. Қонақ үй секторының экономикалық талдауы тартылған инвестицияның тиiмдiлiгiн талдауында негiзделген.
Бағалау (3 мин)
Студенттердің белсенділігіне байланысты бағалау
Үй тапсырмасы (2 мин)
Студенттерді үш топқа бөліп: Қонақ үйді мысалға алу арқылы « Қонақжайлылық индустриясы » туралы практикалық тапсырма беру. Тәрбие.орг сайтынан «Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорнындағы бағаның құрылуы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туманбаева Шырайлым Мейирбекқызы

Пікірлер: 0

avatar