От пен судың пайдасы мен зияны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 72
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22991


 

Білім беру саласы: «Әлеумет» 

Бөлімдері: «Қоршаған орта»   

Тақырыбы: «От пен судың пайдасы мен зияны.»  

Мақсаты: Балаларды оттың және судың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, және зиянын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Балаларға оттан,судан  сақтанудың жолдарын, олардың  табиғатқа, адамға өміріне әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық,судан  т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Балаларды судың қасиетімен,құрамымен таныстыру(дәмі,түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні,қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту;суды үндемей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Балаларға екі стақан су,езілген бояу түрлері,қант немесе тосап.

Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,практикалық.

Қостілділік: Су-вода, от-огонь.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың оқу қызметі

Балалардың                             қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлеметсіңдерме балалар?

Көңіл күйлерің қалай?

Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдарма?

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік,

Күліп өмір сүрейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік.

 

Ал балалар жыл мезгілдерін қайталап өтейік.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.

 

Шаттық шеңберін өте қызығушылықпен жасайды.

 

 

Төрт мезгіл бар.

Көктем мезгілі.

Үш ай бар (Наурыз,Сәуір,Мамыр)

Ұйымдастыру – ізденушілік

Ал балалар бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы: «Судың пайдасы,зияны және оттың пайдасы зияны»

Балалар сендер су туралы және от туралы не  білесіңдер? Ал судың пайдасы және зияны қандай екен?Оның түсі,дәмі туралы не айтасыңдар?      Балалар судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз.

Ал қазір пайдасы мен зиянына тоқталайық.....(Көрнекіліктер арқылы балаларды сөйлету)

 .  Балалар судың түсін қалай өзгертуге болады?   Балалар  алдарыңда тұрған стакандағы суға екі түсті бояу құямыз,(түсін айырамыз)  Келесі стақанға тосап слып оның дәмінің және түсінің өзгергенін айтамыз.  Яғни балалар су қандай екен?(Сұйық екен)  Сендер тағы  қандай сұйық заттарды білесіңдер?Сүтті білесіңдер,(Сүттің түсі қандай?)-Ақ екен. Ал судың түсі жоқ екен.Жарайсыңдар,балалар.

 

Ал енді оттың пайдасы мен зиянына тоқталайық.

 «Балалар от деген біздің досымыз, және ол біздің жауымыз екен.»

Жалпы біз от деген сөзді қалай түсінеміз?

Олай болса суретке назар аударайық.

От біздің өмірімізге қуат береді, бойымызды жылытады. От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылынбайды.

Ал от деген сөзіміздің  түбіріне үңілсек ; От өрісі кең екен-мысалы: Отағасы, отау, отарба.

Міне от деген сөздің өзі жылылық дегенді білдіреді.

Енді балалар осы оттың пайдасымен қатар зияны да бар екен.

Ол үшін біз отты дұрыс пайдалануымыз керек.

Дұрыс пайдаланбасақ біз күйіп қаламыз,дала өртенеді, үй өртенеді, сіріңкені дұрыс пайдалану керек, Үлкен адамдар темекіні тартқан кезде дұрыс өшіру керек,үтікті қосып тастамау керек , газды ашық тастамау керек екен.

Балалар ол үшін біз қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауымыз керек екен. Ол үшін біз бәріне ұқыпты қарауымыз керек екен .Үйден шығарда тоқты, отты үтекті т.б. заттарды тексеріп шығуымыз керек екен.

 

Қазір балалар ойын ойнаймыз.

ОЙЫН:

«Алуға болатын зат және алуға болмайтын зат»

Шарты: Екі бала шығып ағашта өсіп тұрған алманы алады. Ол алманың артында сурет жасырылған, сол суретке қарап бала ұстауға болатын затты бір қалтаға, ұстауға болмайтын затты екінші қалтаға салады.

Мақсаты: Осы ойын арқылы біз балаларға қандай заттардан аулақ болып және үйде үлкен адамдар болмаған жағдайда өздеріне қауіп төндіретін заттарды ұстамауға үйретеміз.

        Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына ,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады,(қолмен көрсетіп,оңға солға қарайды)

Солға қарады.

Допты не деп ойлады?

Үлкен тау деп ойлады. (Өйткені құмырсқаға доп тау сияқты болып көрінді)

 

 

Балалар су туралы білгендерін тәрбиешіге айтып берді

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суды стақанға құйып,және оған әр түрлі бояулар қосу арқылы түсін өзгертеді.

 

 

 

Сүттің түсі ақ, ол да сұйық затқа жатады.

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

 

Балалар от деген сөздің өзі жылылықты білдіретінін білді.

 

Оттың үйге жылу беретінін тамақты отпен жасайтынын, тәрбиешімен қайталап айтады.

 

 

 

 

Отты дұрыс пайдалану керектігін айтады.

 

Газды, үтекті қараусыз қалдырмау керек екендігін айтады.

 

Балалар от пен судың пайдасы мен зиянын сурет арқылы жауап береді.

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге ойынды өте қызығушылықпен орындап шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін әр түрлі қимылдар жасап, тәрбиешімен бірігіп орындап шығады.

 

 

 

 

 

 

.

Рефлексивті түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Тәрбиеші балаларға әр түрлі сұрақтар қойып оларға жауап беруін талап етеді.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді. Балаларды мақтап-мадақтап жұлдызша таратады.

                        

                                             

 

 Күтілетін нәтиже:                                                                                                

Нені біледі: судың сұйық,иісі,дәмі жоқ,түссіз екендігін білуі керек;судың адамдар, өсімдіктермен жануарлар үшін қажеттілігін.

Оттың адам өміріндегі пайдасы мен зиянын білді.

Қандай түсініктерді игерді: судың сұйық,иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі;оның түсі,дәмі және иісінің әр түрлі қоспалар арқылы өзгеретіндігін;өсімдіктермен жануарлар үшін қажеттілігін.

Отпен әр қашанда абай болу керектігін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер:судың қасиеті туралы,суды үндемей білуді.

Оттың адам өміріндегі маңызы, от біздің өмірімізде атқаратын қызметі үлкенекендігін меңгерді.

 

Тәрбие.орг сайтынан От пен судың пайдасы мен зияны Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адилова Нуржанат Сагатбековна

Қарағанды қаласы КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar