Отбасы мен оқу-тәрбие сабақтастығы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 315
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22947


Отбасы мен оқу-тәрбие сабақтастығы

(Ата-аналарға арналған семинар)

«Елдің ертеңі-бүгінен басталады» деген қанатты сөзде қаншама мән-мағына жатыр.Жас ұрпақ тәрбиесіне «Бала жас, ол ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін түсінеді» деп қарау үлкен қателік. Халқымыз «баланы жастан» деп бекер айтпаған. Баланың бойына өз халқының тарихын, ата-тегін, салт-дәстүрін сіңіріп тәрбиелеу өмір талабы. Бала негізгі тәрбиені, өнегені ең алдымен отбасында ата-анасынан алады. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»-деген дүниежүзілік білім мен мәдениет ұстазы атанған, данышпан, ойшыл, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр Әл Фараби.

«Баламызды балабақшаға бердік, ендігі тәрбиені де, білімді де сонда алады» деп ойлауға әсте болмайды. Отбасындағы тәрбиемен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының сабақтастығын жандандыру мақсатында ата-аналарға арналған семинар өткіздік. Семинар барысында №33»Күншуақ» КМҚК бөбекжай балабақшасының «Біз көңілді балалар» тобының ата-аналары өзара сайысқа түсті.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады:

1.бөлім. Анкеталық сұрақтар.

2.бөлім. Ситуациялық сұрақтар.

3.бөлім. Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

4.бөлім.Тренингтер.

1.Анкеталық сұрақтар.

1.Бала тағдырына деген әкелік, аналық жауапкершілігіңізді қалай түсінесіз?

2.Қыз баланың тәрбиесіне қаншалықты мән бересіз?

3.Ер баланың қандай боп өскенін қалайсыз?

4.Өз тілегіңіздің орындалуы үшін тәрбиені қалай, қай бағытта жүргізесіз?

5.Балаңызға кітап оқып бересіз бе? Қандай ертегі, әңгімелер оқыдыңыз, аттарын, кейіпкерлерін атаңыз?

6.Балаңызбен бірге ойнайсыз ба? Қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, аттарын атаңыз, шартын түсіндіріңіз?

7.Балаңызбен жұмбақ шешіп, мақал-мәтел, нақыл сөздер, жаңылтпаштар жаттадыңыз ба?

8.Баланы еңбекке қалай баулисыз?Атап-атап айтыңыз.

9.Педагогтардың тапсырмаларын қалай орындайсыз?

10.Баламен бірге қандай спорт түрімен шұғылданасыз?

2.Ситуациялық сұрақтар.

1.Бала берілген тапсырманы орындағысы келмеген жағдайда қандай шара қолданасыз?

2.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? Бұл дұрыс па? Қалай ойлайсыз?

3.Балаңыз басқа баланың ойыншығын тартып алып, бергісі келмеген жағдайда қандай іс-әрекет жасайсыз?

4.Үйге берілген тапсырмаларды орындау балаға қиын болса, сіз көмектескіңіз келеді, бірақ түсінбейсіз, сонда не істейсіз? Баланы өз бетімен қалдырасыз ба? Немесе басқаша іс-әрекет жасайсыз ба?

5.Балаңыз белгісіз себеппен жылап жұбанбай қойғанда қандай амал жасайсыз?

3.Нақыл сөздер.

1.Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе.

2.Үлкенмен жағаласып сөйлеме.

3.Елгезек бол, бірақ ұшқалақ болма.

4.Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

5.Үлкендер отырған жерде аз, сөйлеп, көп тыңда.

Мақал-мәтелдер

1.Балалы үй-базар, баласыз үй қу мазар.

2.Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі

3.Оқу-өмір шырағы, кітап-білім бұлағы

4.Ақыл тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

5.Баланы ойын өсіреді.

56.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

7.Құсты самғататын қанат

Адамды самғататын талант.

8.Жеті атасын білмеген жетесіздіктің белгісі.

9.Баланың өскен бесігі-кең дүниенің есігі.

Жұмбақтар.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

2.Төрт аяғы бар,

Екі мүйізі бар

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

3.Үстінде екі тауы бар,

Кезікті бір жануар (Түйе)

4.Өзі айлакер, қу

Жүрген жері у-да, шу, (Түлкі)

Жаңылтпаштар.

1.Ай, ай Айдарбай

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіне айдай бар.

2.Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік пәштім,

Неше кіші ішік піштім?

3.Сегіз серке сүзіліп тұр,

Сегіз серке су ішіп тұр.

4.Тренинг.

Шеңберге тұрайық, екі алақанды бір-біріне қосайық. Не сезіндіңдер?Бұл қолдарыңның жылуы. Біз жылуымызды достарымызға береміз.

Тәрбие.орг сайтынан Отбасы мен оқу-тәрбие сабақтастығы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Магзумова Гулшат Кенжебековна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar