Отбасы-тәрбиенің ұясы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 577
  • Авторлық бағдарлама
  • 09/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18958


Ақтөбе-2016

Тақырыбы: Отбасы-тәрбиенің ұясы
Мақсаты: Ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілерімен, имандылық, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу.
Ата-аналар мен сынып тәрбиешісінің және оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру,оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін дамыту;
Ата-ана мен баланың өзара сыйласымдылығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.

Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта.

1. Презентация (Өз отбасын слайд арқылы таныстыру)

2. Отбасы тәлімі-тәрбие діңгегі (Сұрақтарға байланысты өз ойын ортаға салу)

3. Ата-ананы қадірлеу-әр перзенттің парызы (Оқушылар ойларын тыңдау)
4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе

5. Сөз асылы-мақал.”Сыңарын тап” ойыны.(Көрермен қонақтарға мақал жасыру)

6. Қанатты сөздер

7. Тренинг ойын

8. Қорытынды

Барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
`` Ата-ана-бәйтерек,бала-жапырақ``деген дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректік заттар алып,оны жапырақтарына жеткізеді. Жақсы ата-ана да бәйтерек сияқты. Отбасында бала нені көріп өссе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-ол өзінің отбасы.
Бүгінгі ата-аналар мен балаларды біріктіріп ашық тәрбие сағатын өткізудегі басты мақсаты ол ата-ана мектеп-оқушы болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. Өйткені біздің мақсатымыз,көздегеніміз бір. Ол егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар тәрбиелеу.
Өз баласының болашағына алаңдап,``қайтсемде баламды адам етем``деген ата анасының үміті,арманы баласымен бірге орындалады.
Бүгінгі сабағымызда бала тәрбиесіндегі ата-ананың, отбасының орны жайлы ой бөлісемін деп келіп отырған әжелерімізді таныстырып өтейін.
1. Базар әже немересі Айдана
2. Мағрипа әже немересі Гүлім
3. Балдай әже немересі Диана
4. Тұрсын әже немересі Әлия

Бала ,бала,бала деп,
Бар өмірін арнаған
Жанұясы жарасқан
Барма сіздей сыйлы адам! – деген ыстық ілтипатпен әжелеріміз немерелерімен бірге өз жанұяларымен таныстырып өтсе дейміз

2. Пікірсайыс кезегін берейік ата-анаға,
Кімнің ойы дұрысын зерделесін бала да,
Кімнің сөзі келісті,әжелер пікір бөліссін,
Тақырып болсын тәрбие,ой қозғалсын жемісті.

Әжелерге қойылатын сұрақтар:
1.Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
2.Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз?
3.Қазіргі болып жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма?
Онымен қалай күресуге болады?
4.Дені сау, тәрбиелі, өрелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз?
5.Бақытынды балаңнан ізде дегенді қалай түсінесіз?
6.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
7.Ұлттық ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәні неде?
8.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті болғаны дұрыс деп ойлайсыз?
9.Отбасын бақытты ету кімнің қолында деп ойлайсыз?
10.Өзіңізді бақытты деп ойлайсызба?

3.Ата-ананы қадірлеу - әр перзенттің парызы
Баланың ойы ұшқыр-ақ
Тұрады олар жалындап
Тәрбие жайлы ой қозғап
Талассын пікір арымдап
Бала ойын тыңдайық
Ерік беріп оларға
Өмірге мынау шыңдайық
Деп оқушылар пікіріне берейік
Санжар : ата-анасыз өмір жоқ,яғни адам жоқ.Демек,бала ата-ана өмірінің жалғасы.Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент тілеген,перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған.Содан кейін ``баламның табанына кірген шөнге менің маңдайыма кірсін`` деп,әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенге мойындарына бұршағын салып ``өзімді алып,баламды аман қалдыр!`` деп құдайға жалбарынған,өздерін балаларын құрбан еткен.``Бала-ата-ананың бауыр еті``,``балалы үй-базар,баласыз үй-мазар``деген сияқты толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатыр емес пе?
Абылай:Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп сазына қандыратын да ана.Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі,қан тамыры,елдік жады болып табылатын тілі де ана тілі деп аталады.өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін,балбыратып уілдететін,жылауын қойғызып,уататын тұңғыш тәтті сазы,пәк те балғын көкірегіне құйылатын ән-өлеңі де сол ғазиз Ана бесікке сүйеніп отырып,емірене айтатын бесік жыры.
Алия:Ал нәрестенің өмірінің нәрі-ана сүті.Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі’’Ана сүтін ақтау’’деп аталады.Оның жөнін халық:’’Ананды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де ана сүтін өтей алмайсын’’,-деп түсіндіреді.
Ислам жолы да ананы бәрінен артық көріп,ардақтауды талап етеді.
Анушируан Әділ патшаның:’’Құдайдың көнілінен қалай шығуға болады?’’-деген сұрағына,дана уәзірі Бұзұрхмехр:’’ананды қуанту арқылы’’-деп жауап берген екен.
Құдайберген:”Ананың көңілі-балада,баланың көңілі-далада” демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Әсіресе, қоғамда тәртіп әлсіреп, қара дүрсін бизнес пен жұмыссыздықтың етек алуына байланысты қазіргі кезде отбасылық дәстүрлі қарым-қатынастарға қатты нұқсан келгенін жасыруға немесе оның зардабын елемеуге болмайды. Оған ішімдік пен есірткі араласып, халқымыздың ежелден қатты қастерлейтін ата-ананы, үлкенді, қызды сыйлау, қадірлеу сияқты әдеп-инабат дәстүрлері құнсызданып кетті. Егер егемендікке жеттік, ұлттық тілімізге биік мәртебе тиді, салт-дәстүрімізге оралуға мүмкіндік туды дегенге тоқмейілсіп, қазіргі жалпылық сипат алып бара жатқан қожырауды жете елеп-ескеріп пәрменді шара қолданбасақ, онда қатты қателесеміз және болашақ ұрпақ алдында қатты ұятқа қаламыз.
Шынар;Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі.Мұны әке-шешесін аңыратып,ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзікараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та,оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.Ата-анаға қажеті,баласынан күтері-жалғыз материалдық жәрдем бе екен?Қайта,ата-анасы баласымен бірге тұра алмаған күнде,жиі-жиі көрісіп,жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп,мейірін қандыруды,баласын,келін мен немерелерін көріп,көңілдерін көншуін,олардың сый-құрметін көріп,тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?!Бір кездегі баласының әлі көк өрім жас кезінде құдайдан жатпай-тұрмай,жалына сұрағандары да сол емес пе?Дүниеге бала әкеліп,оны азаптанып өсіріп,енді соның қызығын-қызметін көре алмай,тірідей суынып,қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай,дүниеден көшкен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?Абайдың «Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік»,-дейтіні содан шығар.
Бағдат:Балаларының ұрысқақ,жанжалқой,дөрекі-дөкерлігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын қаупі,азабы болады.Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп,қабақтарынан кірбің кетпейді.Олардың жанына өте-мөте бататыны-әлпештеп өсірген ұл-қызының ата-анасын адам деп елеп,олардың ауру-сырқауын,қам-қайғысын бір сәт те болса қаперлеріне алмайтыны.
Бұған қарама қарсы еңбекқор,кіші пейіл,жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап,хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып,ішім-жем,киім-кешек,ұйқы демалысын қадағалап,сәл нәрсенің өзінен олардың көңілін тауып,мерейін өсіреді.Демек,ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтем десе,алдымен,әдепті болулары керек,өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарып,отбасына кіріс кіргізіп,әке-шешенің қарттығын қажетті
тыныштықпен және дәулетпен қамтамасыз етулері қажет.
Нұргүл: Ата-ана да адам,сондықтан олардың қателесетін, жаңылсатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп, дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау-бала тұрмақ,жасы кіші адмның ісі емес.Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жаныңа қатты батса да,сабыр етіп, өзіңді өзің басып,ата-ананың қасиетті мәртебесін,өзіңді дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың-міндет.
Мұхаммеджан: Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Кәдулігі үй тіршілігі жағдайында киім-кешегін,керек-жарағын лып еткізіп алып беру, астына көрпе-көпшігін төсеу,алдында дастарқан жайып,кесесін ұсыну,қамшысын қолына ұстатып,атына қолтықтап мінгізу немесе сырттан келгенде түсіріп алып,атын байлау,шешенің ине жібін тауып беріп,ас-суын әзірлеу немесе көмектесу,кір жуып,қора-қопсы,ауланы,үйдің айналасын сыпырып-сиыып тазарту, саған не басқаларға дауыстап бірдеңе айтып жатса, тез үн қатып, жай мәнісін сұрау, ұл-қыздың қалт жібермей атқаратын қарапайым әдеп-инабат талаптары ғана.
Құралай: Ата-ана ауырып-сырқағанда, қартайғанда, бала-шағасы өте сезімтал жүрекпен, шын пейілмен, ауырсынбай, тыжыранбай қызмет көрсетуінің мәні зор. Ондайда үлкендердің хал-ахуалын жиі сұрап, дәрі-дәрмегін уақытымен ұсынып, шайын демдеп беріп, қарттың шамасы келмейтіндей болса, өз қолымен ішкізіп, көрпе-жастығын жайлы болатындай етіп түзетіп отыруы қажет. Айналаның жаңалығын айтып, үйге әкелген жаңа нәрселері болса, алдымен көрсетіп, қандай талап-тілектері барын сұрап отыруы ләзім. Соған-ақ үлкендердің көңілі көтеріліп, жаны рақаттанып, батасын беріп, әкелген дүниесіне құтты болсын айтып, бір жасап қалады. Сезімтал жанды ұл-қыз үшін мұның өзі бір зор қуаныш, бойларын жігерге толтыратын адамгершілік емес пе! Әдепті, адал ұл-қыздың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-ананы олар дүниеден қайтқаннан кейін де жиі еске алу, өсиет –аманатын қалтқысыз орындау, зиратына барып тұру, қарыз-құрызын өтеу, ол кісілердің тіршіліктегі замандас, достарына құрмет көрсету- тәрбиелі ұрпақтың ізгі парызы. Және ақырында өз алдына жақсылық болып оралатын тәрбие жемісі- құнды адамгершілік іс.
Жанат: Ата-ана алдындағы әдептілік-баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Мәселен, шәкірт баланың оқуын жақсы оқуы,сабақтас жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болып,ұстаздарына,мектептегі басқа да үлкендерге ілтипат көрсетуі, мектептің ішкі-сыртқы тазалығын,ауласын айналасын көкалдандыру түрлі қоғамдық іс-шараларды атқарысуға ынта қойып әрі іскерлікпен араласуы да ата-анасын сыйлаудың, үміт- тілегін ақтаудың белгісі, болашақта оларға сүйеніш,қамқор,айналасына қадірлі болар азамат өсіп келе жатқанының нышаны.
Сайып келгенде, ұл-қыз әдептілігінің негізі-ата-ананы риза қылып,үнемі алғысын,батасын алуда.Сонда үлкендердін мерейі көтеріліп, ұл-қыздың өркені өспек.
4. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе».
Абай – дана, ғұламасы елімнің,
Абай – ақын, мақтанышы жерімнің.
Абай атты бір данышпан болмаса,
Ақ қарасын кім айырмақ өмірдің?!
Он жетінші қара сөзін сахналау.Жиырма тоғызыншы қара сөзін айту.

5. «Сөз асылы –мақал», «Сыңарын тап» ойыны
(Құрметті көрермен, қонақтар,сіздерге де көңіл бөлген жөн сияқты, Қазақта қонақ-кәде деген де бар.Олай болса, сергіту сәтімізде мына мақалдардың сыңарын тауып көрелік.)
1.Ұяда .........................., ұшқанда ...............................
2.Ата-....................., бала.......................
3.Әдепті бала.......................................
...................... ата-анасын қақсатар.
4.Баланың ұяты................
Қыздың ұяты..................
5.Аға..........................................,
Іні............................................
6.Ағасы бардың .................................
Інісі бардың ........................................
7.Атаңа ........................................
алдыңа .....................................
8.Төртеу ...................................................
Алтау ...................................................
9.Ағайын .......................
Ана ...........................
10...................................... орман
Жақсы іні ...............................
11.Өз ағасын ...............................
Кісі ағасын .............................

6. Даналық әліппесі (Ұлағат сөздер)
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие- бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-
Әрқашан да үлкендердің міндеті

7.Менің тағдырымның бақытты билеті (тренинг)

8.Алдымен сүй, ардақты ана-атаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады!
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ата-ананың жасалады,-дегендей ..Базар.. әжеміздің ақ батасын алайық.

9.Қорытынды:
Қымбатты ата-аналар мен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатынан көптеген мазмұнды пікірлер,ата-анаға да,балаға да қажетті тартымды ойлар айтылып,нақты қорытындылар жасалды.Тәрбие сағатына жоғары дайындықпен келген ата-аналарға алғыс айтамыз.Еңбектеріңіз жанып,балаларыңыз биіктен көрінсін!
Оқушылар,сіздер де айтылған әрбір ақыл кеңестен өмірге қажетті тұжырымдарды ойға тоқып,еліміздің білімді де білікті азаматтары болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Отбасы-тәрбиенің ұясы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұбаева В. Б.

Пікірлер: 0

avatar