Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Озат құқықтанушы » танымдық сайысы
  • 04.08.2016
  • 335 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19312

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (41.2Kb)

Бисенова Молдир Сабыровна
әлеуметтік педагог, Темір ауданы , Алтықарасу ауылы
Алтықарасу мектеп- балабақшасы



«Озат құқықтанушы » танымдық сайысы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;
Дамытушылық: оқушылардың тыңдау , ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау;
Тәрбиелік : Конститутция , т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету адамгершілік, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
Түрі: танымдық сайыс
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс, сәйкестендіру .
Пәнаралық байланыс : Қазақстан тарихы, дүние тарихы , қазақ тілі , қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар , кітаптар, буклет,заңдар жинағы,арнайы үлестірмелер, плакаттар.
Барысы:

1. « Біліміңді байқап көр!»
2. « Өз құқығыңды біл»
3. « Ойды аяқта»
4. Тарих тереңіне үңілсек
5. «Тәртіп орнат»
6. « Құжатты тани біл»
Жүргізуші: « Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! »
Ойынға 2 топ қатысады.
« Біліміңді байқап көр! » кезеңінде оқушылар әр түрлі фигуралар таңдап ондағы берілген сұрақтарға жауап береді.
І топ «Фемида»
1. Маңызды мемлекеттің мәселелердің шешуі немесе заң қабылдауы, жалпы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешуді қалай атаймыз.? (референдум)
2. Мемлекеттік биліктің бірлігі жоғарылығын әжне дербестігін айқындайтын ұғымды атау (егемендік)
3. Қазақ халқы өзінің Президентін қашан сайлады. (1991 жылы 1желтоқсан)
4. Мемлекеттің негізгі заңы ... (конститутция)
5. Халықтың билік қайнары ретінде танылуын негіз еткен , қоғамның саяси ұйымдастыру формасы (демократия)

6.Адамдардың жүріс –тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық (заң)
ІІ топ « Заңгерлер»
1. Карл Маркстің досы (Ф. Энгельс)
2. Пирамида және форма сипатында құрылған жүйе(иерархия)
3. Сотта куәлік ететін адам ( куәгер)
4. Заңдар жинағын жасау (кодификация)
5. Саясатта партиялар мен қозғалыстардың қаншалықты танымал екендігін білдіретін белгі (рейтинг)
6. Азаматтардың құқықтары , бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын орган(сот)

« Өз құқығыңды біл»кезеңі ( бала құқықтары бойынша)
1 топ « Фемида»
1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? ( баланың туылған кезінен бастап)
2. Неше жасқа толған бала тұлға болып есептеледі (18)
3. Баланың өз пікірін білдіруге, ақпарат алуға, ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме , шектеусіз бе?
( шектеусіз)

2 топ « Заңгерлер»
1.Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға , оларға кіруге құқылы ма?(иә)
2.Неше жасқа толған бала Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды? (15)
3. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.(16)
« Ойды аяқта» кезеңі
1 топ. « Фемида»
1. Заңның құйрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жақсы)
3. Туғанды биде ... (иман жоқ)
4. Таста тамыр жоқ ...( биде бауыр жоқ)
5. Туғанына бұрғаны ... (биді құдай ұрғаны)
2 топ. « Заңгерлер»
1. Әр адамның құдайы ...( оның ары)
2. Қолыңмен істегініңді ...( мойныңмен көтер)
3. Жазасын тартпайтын ...( жамандық болмайды.)
4. Ұрлық түбі ....қорлық
5. Біреуге ор қазба ...( өзің түсесің)
«Тарих тереңіне үңілсек»
Әр топқа әлемдік құқықта, тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі.
Тапсырмалар дүние жүзі және Қазақстан тарихы бойынша беріледі.
« Фемида» тобына дүние жүзі тарихы бойынша
1 .Солон заңдары
2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)
3. Орыс шындығы «Салистік шындық»
4. Ману заңдары (Индия заңдары)
Хронологиялық тізбек бойынша (дұрыс жауабы)
1. Ману (Индия заңдары)
2. Хаммурапи заңдары ( Вавилон заңдары )
3. Солон заңдары
4. Орыс шындығы
« Салистік шындық»
« Заңгерлер» тобына Қазақстан тарихы бойынша
1. Тәуке ханның « Жеті жарғысы»
2. Шыңғыс ханның жасасы
3. Есім ханның ескі жолы
4. Қасым ханның қасқа жолы.
Хронологиялық тізбек бойынша ( дұрыс жауабы
1. Шыңғыс ханның жасасы
2. Қасым ханның қасқа жолы
3. Есім ханның ескі жолы
4. Тәуке ханның « Жеті жарғысы»

« Тәртіп орнат» кезеңі ІІ топқа бірдей
1 Құқық А Еліміздің негізгі заңы
2 Конститутция Б Мемлекет басшысы
3 Мемлекет В Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4 Азамат Г Тәуелсіздік
5 Құқықбұзушылық Д Заңдар жүйесі
6 Президент Е Заң шығарушы органдар
7 Парламент Ж Заң жүйесін бұзу
8 Егемендік З Құқығы бар ел тұрғыны
1 Құқық Д Заңдар жүйесі
2 Конститутция А Еліміздің негізгі заңы
3 Мемлекет В Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4 Азамат З Құқығы бар ел тұрғыны
5 Құқықбұзушылық Ж Заң жүйесін бұзу
6 Президент Б Мемлекет басшысы
7 Парламент Е Заң шығарушы органдар
8 Егемендік Г Тәуелсіздік

«Құжатты тани біл» кезеңі
1 топ « Фемида»
1. Шетелдіктер асырап алған , Қазақстан азаматы болып табылатын бала азаматтығын сақтай алады ма? ( Өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.)
ІІ топ « Заңгерлер»
2. Қазақстан азаматтығына қабылдану үшін қандай шарттар қойылады? ( Қазақстан аумағында заң жүзінде кемінде 5 жыл тұрақты тұратын, не Қазақстан азаматтарымен кемінде 3 некеде тұратын адамдар қабылданды.)
Қорытынды: Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызме етер азамат болыңыздар! .Келесі сөз кезегін әділ қазыларымызға береміз.
Осымен « Озат құқықтанушы» сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан «Озат құқықтанушы » танымдық сайысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бисенова Молдир Сабыровна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 335 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar