Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Паразиттің организмге әсері
  • 28.04.2016
  • 359 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18863

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (19.4Kb)

Паразиттің организмге әсері

Токоплазмоз- іштен туа біткен немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС – ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентті және созылмалы формада өтетінзоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі көңіл аудармай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл маңызы келесі Жағдайларға байланысты:
1. Ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда
2. Көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9 аралығында)
3. Осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады
4. Осы инфекция көбінесе кезде нығаяды, әсіресе СПИД көрінісі
5. Бактериологиялық қарулар тобына кіреді
Токсоплазмоз – қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы – апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі – жұмырланған, ұзындығы – 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте – 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады. Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады. Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады. Мысықтар және мысық тұқымдастар – токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады. Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян. Ас қорыту жолдары арқылы регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді. Цисталар көп жылдар латентті түрде өтеді, сақталады. Көпшілік жағдайда токсоплазма жұқаннан кейін симтомсыз тасымалдаушылық қалыптасады. Токсоплазмалар жүйке жүйесінде, жатыр, көз тіндерінде өсіп – өнуге бейімделге, сондықтан ауру жұқтырған адамның ағзалары зақымдалып, дертке шалдығады, түсік тастау, өлі бала туу т.б. жағдайлар болады. Токсоплазмоз жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі – қысқы, қысқы – көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Қала тұрғындары арасында токсоплазма жұгушылық біршама жоғары. Емі, этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады:
• тиндури (хлоридин)
• делагил
• аминохинел
• бисептол
• тетрациклин
• спирамицин
Ұзақ курспен емдейді. Созылмалы формасы – этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде. Көбінесе десенсибилизация, иммуностимуляция әсер беретін препараттармен емдейді. Екі қабат әйелдерде – токсоплазмозға тексерген кезде реакциялар оң болса –«Д» бақылау (3 айда – тексеру). Реакциялардың титрі үдей түссе емдеу керек. Созылмалы формада – екі қабат кезінде емдеу қажеті жоқ. – Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің ережелерін орындаудың маңызы күшті. Төмендегідей сақтық шараларын ескерген жөн: 1. Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып токсоплазмалар сақтаушыларды – үй тышқандардын және синантропты кеміргіштерді жою қажет; 2. Қасапхана, ет комбинаттары, құс фабрикаларының жұмыскерлерін оқтын-оқтын тексеріп тұру; 3. Мал етінен жасалатын өнімдердің технологиясын қатаң сақтау; 4. Барлық жүкті әйелдерді токсоплазмоз ауруына қарсы тексеру; 5. Қан құйғанда жұғудан сақтану үшін донолардың қанын мұқият тексеру қажет. Токсоплазмоз ауруының ошақтары – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының маңайында бар. Тәрбие.орг сайтынан Паразиттің организмге әсері Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сауранбаева Гульжан Кемелбековна

Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Биология кафедрасының мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 359 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar