Пейзаж және оның бейнелеу өнеріндегі маңызы.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 173
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23004


Калменшеева Венера
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж және оның бейнелеу өнеріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрымен таныстыру. Пейзаж бейнелеу заңдылықтарын үйрету;
Дамытушылық:Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: Студенттерді шығармашылыққа, жауапкершілікке, бір – бірін тыңдауға, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың технологиясы: СТО технологиясы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, « қарлы кесек» әдісі, «SWOT –талдау» әдісі
Пәнаралық байланыс: Технология
Сабақтың көрнекілігі: ДК, проектор, интербелсенді тақта, cлайд.



Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
А) Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын бақылау.
Б) Түрлі – түсті қағаздармен студенттерді топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«қарлы кесек» әдісі үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру
1.Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.
2. Натюрморт дегеніміз не?
3. Натюрморт жанрының даму кезеңдерін ата.
4.Натюрморттың қандай түрлері бар?
5. Натюрморт жанрында жұмыс істейтін қандай суретшілерді білесің?
6. Натюрморт жанрында жұмыс істейтін Қазақстан суретшісін ата.


ІІІ. Жаңа сабақ
Пейзаж және оның бейнелеу өнеріндегі маңызы.
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.

Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.
Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж
Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.




Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың «Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзажы - марина (И. Айвазовскийдің «Теңіздегі түнгі дауыл» картинасы) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.
Сәулет пейзажы (А. Остроумова-Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзажда (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
IV. Практикалық тапсырма
Елестету немесе қиялдау арқылы өз ойыңдағы көріністің суретін салу
1-топ. Графика өнері( түрлі түсті қарындаштармен жұмыс)


2-топ. Кескіндеме (бояумен жұмыс)


3-топ. Сәндік қолданбалы өнер (аппликациялау)



V. Жаңа сабақты бекіту
«SWOT-талдау» әдісі
«Пейзаждың бастауыш сынып оқушыларының дамуына әсері»





«Рефлексиялық нысана» техникасы

V.Бағалау
VI.Үй тапсырмасы: Пейзаж жанрына сурет салу.

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі»

«Бекітемін»
«Педагогика, психология және жеке
әдістемелер бойынша» ПЦК жетекшісі
¬¬¬ _______________А.Д.Джанизакова
«___»____________________2017ж

«Педагогика, психология және жеке әдістемелер бойынша» ПЦК апталығында өткізілген ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:Пейзаж және оның бейнелеу өнеріндегі маңызы
Пәні: Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі

Оқытушы:Калменшеева В.С.
Тобы:БА-31
Кабинеті:106
Күні:21.04.2017
Уақыты:17.35 Тәрбие.орг сайтынан Пейзаж және оның бейнелеу өнеріндегі маңызы. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калменшеева Венера

Пікірлер: 0

avatar