Құрақ және пэчворк

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 57
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23423


Элмира Сыпатаева Бағытқызы
Іле ауданы , Өтеген батыр кенті
М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Құрақ және пэчворк.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптағы құрақ және пэчворг туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа деген қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілеттілігін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, талғампаздылыққа, іскерлікке ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Өз бетінше жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. «Ой қозғау» стратегиясы:
2. Венн шеңбері
3. Сен маған, мен саған (сөз жұмбақПостер қорғау)
4. «Қызым еркем- ісімен көркем»
Сабақтың өтілу кезеңі:
«Ой қозғау» стратегиясы бойынша 10 сұрақ беріліп, оларды талдауға
2 мин бөлінеді. Командалық бір өкіл жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Пэчворк дегеніміз не?
3. Квилт дегеніміз не?
4. Жас жұбайлардың шымылдықтарындағы қолданылатын құрақ түрі қандай? (аққу)
5. Гүлдің атауына байланысты құрақ атауы (қызғалдақ)
6. Европа халқына құрақ құрау қалай аталады? (пэчворк)
7. Құрақтың қандай түрлері бар?
8. Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
9. Құрақты қандай мақсатпен құраймыз?
10. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады?

2 кезең бойынша венн шеңберін ойынын ойнаймыз
1 топ. Құрақ
1). Құрақ туралы мағлұмат
2). Құрақ және пэчворк ұқсастығы
2 топ. Пэчворк
1). Пэчворк туралы мағлұмат
2). Пэчворкпен құрақтың айырмашылығы.
3 кезең « Мен саған, сен маған». Үй тапсырмасы
Сөз жұмбақ бір-біріне ұсынады.
4 – кезең «Қызым еркем ісімен көркем»
Өз беттерінше жұмыс. Әр оқушы өздерінің жасаған жұмысын қорғап өтеді.
Сабақтың қорыту: Ойынының жеңімпазын шығару, оқушыны бағалау,
үй тапсырмасын беру. Тәрбие.орг сайтынан Құрақ және пэчворк Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Элмира Сыпатаева Бағытқызы

Пікірлер: 0

avatar