Құс –адамның досы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 251
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22919


Қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақтың тақырыбы

«Құс –адамның досы»

Сілтеме

Қоршаған ортамен таныстыру,Экология негіздері» оқулық әдісте-месі, «Бастауыш мектеп, Биолог анықтамалығы,Биология салауат-тылық негіздері» журналдары, слайдтар, қосымша ақпарат көздерінен мәлімет, тірек-сызбалар

Сабақтың мақсаты

Балаларға бір сағат көлемінде құстардың түрлері, мекені, пайдасы, маңызы, оларды қорғау туралы әңгімелеу арқылы экологиялық тәрбие беру,қазақ халқының тұрмысын мен өнеріндегі құстардың рөлі мен бейнелерін ұғындыру

Оқыту нәтижелері

-Ұжымдық топтасып жұмыс жасайды;

-Бір-бірімен тіл табысады;

-Келісімге келуге үйренеді;

-Бұрынғы білетіндерін салыстыра отырып қорытынды жасайды

Негізгі мақсаттар

-Топпен жұмыс жасауды ұйымдастыру

-Балаларға жүйелі тапсырма беру арқылы дүниетанымын тереңінен кеңейту, жұмысын бағалау

Болжамданған нәтиже

- Құстардың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы туралы білім қалыптасады

 

Сабақтың кезеңдері

Ресурс

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушы-лық-қозға-лушылық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд, бейне-проек-тор

Балалармен амандасу.

Оқу іс-әрекетін қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,өлең жолдарын айтқызады.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту болсын,

Қыз қолында гүл болсын.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

(Балалар қоршаған ортамен сәлемдесу)

Балалардың оқу іс-әрекетіне дайындығын тексеру. Балалардың назарын оқу іс-әрекетіне аудару.

Джиксо әдісі бойынша 2 топқа бөлу.

- Балалар амандасады.

 

 

Балалар өлең жолдарын қайталай отырып, топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Джиксо әдісі бойынша 1,2 санау арқылы 2 топқа бөлінеді:

1-топ :Дала құстары

2-топ: Үй құстары

 

Ұйымдас-тыру-ізде-нуші кезең

 

Слайд, бейне-проек-тор, дәптер,түрлі түсті қалам,А 4 формат

СТО,АКТ,топтық жұмыс

Оқу іс-әрекетінің мақсатын ашу

Педагогтің әңгімесі:

Балалар кәзір қандай мезгіл? Көктем мезгілінің қыс мезгілі-нен қандай айырмашылығы бар?

-Балалар айналамызға кеңінен көз жүгіртіп қарасақ табиғаттың қандай керемет сұлу екенін кө-реміз.Табиғат аясына шыққанда қандай дыбыстарды естиміз?

(Құстардың сайрауын)

Яғни,бүгінгі біздің тақырыбы-мыз «Құс-адамның досы»

Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

Құстар — жылықанды омырт-қалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауыр-сындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал ал-дыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

«Суреттер сөйлейді» ойыны.

Суретпен жұмыс.

Балаларға бірнеше құстардың суретін слайд бойынша көрсетіп, атын айту

«Ассоциация» әдісі

-Балалар, құстар дала мен үй құстары болып 2 топқа бөлінеді

Кәне, бәріміз бірге берілген құс-тардың суреттерін салыстыра отырып, 2 топқа бөлейік


Тауық
Қарға Сауысқан

Бәбісек

 

Сергіту сәті

«Құстар қалай дыбыстайды»

Балаларға айналамызда қандай құстарды білеміз?

Кане,бәріміз бірге дыбыстап кө-

рейікші.

«Қарлығаш әулие» аңызын мәнерлеп айтып беру.

Ел ауған «Ақтабан шұбырынды,

Алакөл сұлама кезінде Төле би киіз үйін жықпай, қасиетті жұ-тын қимапты.Сонда жоңғар қол-басшысы Төле бидің көшпей қалуының себебін сұрапты.

-Шаңырағыма бір бейкүнә қар-лығаш ұя салып еді.Ол жер бе-тін топан су басқанда Нұһ пай-ғамбарымыздың кемесін сақтап қалған,адам баласын жылан шақпақ болғанда,қызғыштай қорыған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып,балапанда-рын сарнатып кете алмадым,-дейді Төле би.

«Бір ауыз сөзге татин, мың ауыз сөзге татитын» Төленің ғажап болмысын,әділ шешімін таны-ған жоңғар қолбасшысы:

-Шын әулиенің өзі екен,-деп өзі-не де,еліне көз алартпапты.

Міне,балалар,қарлығаш құсы-ның қадір қасиеті қандай керемет.

Құстардың пайдасы өте зор.

Олар табиғаттағы зиянкестер-мен күресіп, орасан зор пайда әкеледі.

-Тоқылдақ орман дәрігері.Ағаш-

тағы құрттарды жейді.Қаратор-ғайлар шегірткелерді жояды.

Сондықтан балалар, біз құстар-ды аялап, қорғауымыз керек

Дәптермен жұмыс.

Қарлығаштың бейнесі бейнелен-ген сурет береді.

Бағалау: «Үш шапалақ»

Слайдта берілген сурет бойынша жаңа сабақтың тақырыбы мен мазмұныны түсінеді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Балалар жасай алады:

*Құстар туралы өз білімін ұсына алады;

*Құстардың түрлерінің сызбасын көрнекілікпен көрсете біледі;

*Құстардың түрлері бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

*Таным әрекетіпроцесінде қарым-қатынас шеберлігі орнайды;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға таныс құстардың дыбыстарын дыбыстайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарлығаштың бейнесі бейнелен-ген суреті сәйкес түспен бояйды.

Бағалау: Егер 2 топ мүшелері бір-бірінің жауаптарына қанағаттан-са,3 рет шапалақтайды.

Рефлексиялық-түзе-тушілік

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

Үйге тап-сырма беру

Рефлексия

 

Қорытындылау

Сабақта алған білімдерін пысық

тауға арналған сұрақтар:

1.Құстар немен қоректенеді?

2.Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

3.Құстар,табиғатқа,адамға қан-дай пайдасын тигізеді?

Бағалау: Смайликтер

Балаларды ауызша бағалайды.

Құстарға байланысты тақпақтар, жұмбақтар,жаңылтпаштар жаттау.

Ауызша пікірлерін сұрау.

Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.

 

 

 

 

 

Бағалау:балалар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіреді.

 

 

 

Өз ойларын ашық айтады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Қоршаған ортамен таныстыру,Экология негіздері» оқулық әдістемесі

2.«Бастауыш мектеп» журналы

3. «Биолог анықтамалығы» журналы

4. «Биология салауаттылық негіздері» журналы

5.Интернет көздерінен қосымша ақпарат көздері

6. «Оқыту үшін бағалау құралдары» жинағы

7. «Әдістемелік тәсілдер мен әдістер» жинағы

Тәрбие.орг сайтынан Құс –адамның досы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенбекова Мөлдір Аскаровна

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Мәдениет ауылы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar