Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
С есебі. Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп
  • 15.10.2016
  • 211 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19683

С есебі
Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп.

С.Бичтің айтуы бойынша: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?
Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз. (1)
Жалпы Жеті модуль идеяларымен таныспай тұрып, бірнеше педагогикалық әдістемелермен сабағымды түрлендіріп өткізетінмін. Дегенмен топтық жұмыс түрлерінен гөрі, көбінесе жеке тұлғаға баса көңіл бөлетінмін. Сабақта тыныштықтың орнауы, біреудің басқаларға кері әсер етпеуі үшін қатаң тәртіптің болғанын қадағалайтынмын. Оқушылар сабаққа әрқашан дайын болып келетін және менің қойған талаптарымның ернеуінен шығып кетпейтін.
Қазіргі таңдағы дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс – оқушыларды жан-жақты ойлауға мүмкіндік бермей, жай ғана жатталғандықтан механикалық түрде есте сақталып, мән-мағынасы тереңінен меңгерілмейді, мұндай білім тақырыпты немесе сынақ өткен соң керексіз болып, болашақта оқушы өмірде пайдалана алмайды.
Дәстүрлі жүйеде бірінші орында білім тұр, ал көркем шығармашылық ұмытылған сияқты. Оқушылар көркем шығармашылық іс-әрекеттері жан-жақты ұйымдастырылмаса, оның жеке қабілетін дамыту мүмкін емес. Адам табиғаты психологиялық және физикалық сапалар кешенінен тұрады. Ал дәстүрлі жүйе бейімділік пен қабілеттілікті айқындап, дамытып және ескеріп жұмыс істеуге жарамсыз.
Ал бізге ұсынылып отырған Жеті модуль бағдарламаның негізі – сындарлы оқытуы. Оқушылар топпен, еркін әрқашан қарым - қатынас үстінде, жұппен, тапсырмаларды талқылап бірінің білмегенін бірінен үйреніп сқұрау, әрқашан пікірлерін бөлісіп, өз қателіктерін өздері жөндеп отырады. Мұғалім тек көшбасшылық рөлін атқарып, оқушылардың сыни көзқараспен тақырыпты өздеріне түсінуге мүмкіндік пен шығармашылықпен ізденіске үлкен жол ашылды, сабаққа берілген көп уақытында өздері жұмыс жасайтын болды. Бұл оқытудың мақсаты – оқушының әр пәнімді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бірінші «бетпе - бет» кезеңіндегі мен біраз пайдалы ақпараттарды алдым. Таныстырылған әдіс-тәсілдердің біразын мен өз сабағымда қолданып жүргенімін, бірақ әдіс - тәсілдердің қалай аталатынын, қай жерде қалай қолдану керек екенін білмеппін. Сонымен қатар мен биылғы жылға өзіндік білімін арттыру бағытында ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеремін деп жоспарлап қойған едім, көктен іздегенім жерден табылғандай, курсқа келгенде қатты куандым десем де артық болмас. Осы аталған жеті модульді талқылау барысында мен осы алған білімді қалай өзімнің әріптестеріме жеткізсем екен деген ойда болдым. Себебі менің ойыма өзімнің жұмыс жасайтын мектебім келе берді, ең бастысы – осы материалды меңгерген мұғалім оқушыға сапалы біліммен қатар сол білімін шынайы өмірде қолдануға бағыт бере алады деген ойым күннен күнге арта түсті. Себебі қазіргі кездегі басты проблеманың бірі – оқушылар алған білімін практикада қолдана алмайды, теорияны тәжірибемен байланыстыра алмай нақты өз білімдерін көрсете алмай жатады. Осы арада «неге?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын курс аясында мектептегі тәжірибе кезіңде таптым: біз – мұғалімдер, ата-аналар – оқушыларға көп жағдайда мүмкіншілік бермейміз. Егер де әр оқушының көңіл – күйіне, жағдайына назар аударып, көзқарасымен санасып отырсақ, оқушы да өзінің білімін, дарындылығын, таланттылығын ерекшелігін көрсетіп, өзін таныта алады.
Өнеркәсіптік революция аяқталғаннан кейін білім алу әр адамның құқығы болып танылды. Алайда, ХХ ғасырдың басында Дьюи (1990) революция нәтижесінде қоғамның өзгергеніне қарамастан мектептер сол қалпында қалғанын айтты. Осы мәселені жою үшін ол мектептерге мынаны ұсынды: Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ – тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін-өзі басқаруды енгізу – бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады. (1)
Бұл шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан, Дьюидің көптеген көзқарастары әлі де өзекті. Оқушы мұғалім өзара қарым-қатынасының маңыздылығы, «мектептегі рухани атмосфераны» өзгерту әрекеті және өзін-өзі басқаруды қолдау сыныпта демократиялық оқытуды құру үшін қазіргі таңда да маңызды.
Іс-тәжірибе жинақтауда сабақтарымда парталарды біріктіріп топпен өткізуге ұйғардым. Ендігі менің алдыма қойған мақсатым – бір ай ішінде курста алған жеті модульде қарастырылған идеяларды, жекелеген әдіс тәсілдерді тәжірибемде тиімді пайдалану. Менің жеті модуль бағдарламасынан үйренген жаңа тәсілдерді практикада қолдану мақсатында сабақ беретін сыныптарымның ішінен жетінші сыныпты алдым. Нені өзгерткім келді? Тәжирибе барысында оқушыларды ынтымақтаса оқу әрекетін ұйымдастыруға жетеледім, сөз қорларының жақсаруына, бір біріне деген көзқарастың өзгергендігін байқағым келді.Жоспар бойынша бір ай ішінде төрт сабақ беруім керек болды. Оқушыларды үш топқа бөлу, әр топтан төрт, бес оқушыдан болғандықтан балалардың ыңғайларына қарай парталарды бөлдім. Ең алдымен, сабақ бермес бұрын, мен сыныпқа ендігі өтілетін сабақтарға өзгешелік енгізетінімді айтып, жаңа сабақтарға шолу жасап бейне мәтінді көрсетілімдер көрсету бойынша оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудардым. Сынып оқушыларымен «Достар табу өнері» атты сауалнама жүргіздім. Бұндағы менің мақсатым, жетінші сынып оқушыларының, соның ішінде зерттеуге алған Қ, Д, Ә атты оқушыларымның мәдениеті, үшеуінің өзіндік білім туралы, сыныппен және басқалармен қарым­қатынасын білдім. Мұндағы мақсатым - өткізгелі тұрған сабақтарымда кімге баса назар аударуым керек екенін білгім келді.
Топтарға бөліп сабақтарымды өткізген сәтте балалардың қызығушылықпен сабаққа қатысулары көрінді. Сыныпты уақыт, тәртіп ережелері мен сабақ барысында өзін-өзі ұстау, өзін-өзі реттеу нормаларына сай сақталу керектігін ескерттім. Алғашқы кезіңде қиындықтар да болғанын жасырмаймын. Айтар болсам, сабақты жүргізуде уақыттың жетіспеушілігі, оқушылардың бір-бірін тындамау, оқушылардың ұяң болуы, сонымен қатар топтасып жұмыс істеуі қиынға соқты. Сол себебті сабақты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып топ ережесін құрдым.
Осы бағдарламаның кез келген әдіс тәсілін қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістердің болғанын байқадым. Оқушылар өз ойын еркін айта алатын болды, бос сөз, құр дәлелдеулерден гөрі кез келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Пәнге деген қызығуы арта түсті, бір жағынан өз бойымда да көп ізденуге талпыныс күшейіп, әр сабағымды асыға күтетіндей дәрежеге жеттім. Сондай-ақ топтық жұмыстар мен жекелей жұмыстар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және шығармашылық қабілеттерін ұштай түсуге көп септігін тиігізетініне де көзім жетті. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысты.
Роджерстің пікір бойынша:
• Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Олар мұғалімнің өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды.
• Оқушылар өздерін отбасы мүшесі ретінде сезінгісі келеді. Олар мектептің директорынан бастап барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істей алатындай қоғамдастыққа ұқсас болғанын қалады.
• Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды.
• Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды; олар оқыту туралы шешім қабылдауда белсенді қатысушы болу үшін жеткілікті түрде оларға сенім білдірілгенін қалайды.
• Оқушылар таңдау жасағанды қалайды. Олар белгілі бір дәрежеде өз оқуын басқаруды қалайды. (3)

Мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Іс­тәжірибемді талдай келе өзімнің бір саты жоғары көтерілгенімді байқадым. Оқушылармен қарым­қатынасым, көзқарасым өзгерді, әр сабақта сауалнама арқылы ынталандырып отырдым, әр оқушының жауабын теріске шығармай қабылдай білдім. Оқушыларымның маған жазылған сыни көзқарастары мені сыни ойлауға әрқашан итермелеп отырды. Оқушылар маған күн санап есейіп кеткендей көрініп тұратын болды. Мен өзіме үнемі сабақ беріп болған соң есеп беруді дағдыға айналдырдым. Бұл менің педагогикалық тәжірибемдегі алғашқы және басқаларға ұқсамайтын үлкен өзгеріс болды.
Мектептегі атмосфера: Мектептегі мұғалімдер осы оқу жайлы көп сұрақтар қоя бастады: «Өзгеріп кетіпсің»,«Бұл қандай оқу»?, «Нені үйрендіңдер»?, «Оқу қиын ба?», «Оның ерекшелігі неде?» деп қызығушылық танытқан мұғалімдер болды. Әсірессе «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» технологиясынан оқыған мұғалімдер, олар сабаққа келіп жеті модуль қолданғанымды көріп осындай пікір жазды: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуль бойынша әдіс-тәсілдері бізге бұрыннан таныс, өз сабақтарымызда жиі қолданамыз, бұл модульді әрі қарай жетілдіру мақсатымен және жаңа бағдарламасымен қалай сабақ беру керектігін қызығушылық таныта Хурамхаз Жимсбэктің сабағын бақыладық, бізге ұнады, жаңа бағдарламамен берілген сабақтар өте қолайлы, мұғалім тек бағыттаушы рөлінде болды, ал оқушылар жұппен, топпен, ұжыммен оқыту үрдісіне бір-бірін оқытады, түсіндіреді, пікірлеседі, ақылдасып, бірлікпен, ұйымшылдықпен, оқыту мен тәрбие үрдісін қатар ала жүре отырып өз бетімен ізденіп шығармашылық ізденіске бет бұрды. Осы бағдарлама оқыту үрдісімен жаппай тереңдете жалғастыра беруіне өз пікір-ойымызды білдіреміз, деп ойларын білдірді. Әр мұғалім өзінің сабағын оқушының қабілетін ашуға, өзін оң жағынан танытуға мүмкіншілік беріп, бағыталған зерттеушілік жұмыстарға арнайды деп ойлаймын. Қазіргі қоғам құзырлы, ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгерген оқушыны талап етеді, ал мұндай оқушыны даярлау үшін мұғалім өзінің іс – әрікетіне сыни көзқараспен қарап, оқушыларды да сыни ойлауға үйрету керек. Көп ізденіп, оқушыларды да ізденушілікке бағыттап отыру керек деген ойға келдім. Бұлай ойлауыма түрткі болған да осы үшінші деңгей бағдарламасы.
Екінші«бетпе – бет» кезенің жұмыс барысында мынандай жетістіктерге қол жеткізуге болады: Оқушы бойынан нені өзгерте алдым,оқушыларға не ұнады?:оқушылар бұрынғы өткенді еске түсіріп, жаңа ұғыммен байланыстыра алатын дәрежеге жетті, оқушыларға сабақтар бойынша ұнағандары, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, пікір айту, тыңдау, кластер құру,жоба қорғау, БҮҮ кестесін толтыру, бағалау кезіндегі смайликтермен бағалау,кері байланыс түрлерінің өте ұнағандарын байқадым.Әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, өз біліміне өзі баға бере алатындай деңгейге жете бастады.
Жеті модульді пайдалана отырып тарих пәнін түрлендіріп оқыту, дамыта оқыту, оқушының пәнге қызығуын арттыру, ықыласы мен қабілетін жетілдіріуне көп көмегін тигізері сөзсіз.Топтық жұмыс оқушыларды бірлікке, татулыққа, бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелейді. Өздеріне деген сенімділік пайда болады. Оқыту теориясының негіздерін білу, түсіну, қолдану арқылы мен өз іс-әрекетіме талдау мен жинақтау жасауды үйрендім. Яғни, өз жұмысыма рефлексия жасап, оны бағалау арқылы оқу мен оқыту үдерісіне көзқарасым өзгерді.Мектептегі тәжірибеден кейін екінші «Бетпе– бет» кезеңіне келгенімде байқағаным әріптестерімнің, өзімнің өзгергенімді байқадым, топтық жұмысты ары қарай жалғастырып мектептегі тәжірибе кезінде орындалған тапсырмаларды талқылау және олар бойынша рефлексия жасадық. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде алған білімімізді бекітіп әрі қарай тереңдеттік, бір-біріміздің портфолиомызды бағаладық және өз түсініктемелерімізді беру бойынша, жылы лебіз тілек білдірдік.Болашақта жеті модулін қалай қолдануымыз керек екеніне ұсыныстарды айтып сәттілік тіледік.
Өзімдегі өзгерістер:Үш айлық оқудағы өзімдегі өзгірістерді байқадым: топпен жұмыс істеуге үйрендім, менің жаңа әріптестермен байланысым, пікірді айтқан кезеңде қысылмай өзіме сенімділікпен қарайтындығымды көрдім. Бағдарламаның жеті модулі теориясын оқып, мектептегі тәжірибеде қолданып және мұғалімдерімен тәжірибені алмасу арқылы жоғарыдағы айтылған мақсатыма жету үшін бір қадамға көтерілдім деп ойлаймын, маған бұл өте үлкен прогресс. Келешекте жеті модульді пайдалана келе, іздену тәжірибені жетілдіру, одан әрі дамыта келе жан жақты жаңа көзқарастағы тұлға тәрбиелеймін деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. МАН Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 49 бет
2. МАН Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 51 бет
3. МАН Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану 62 бет Тәрбие.орг сайтынан С есебі. Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жимсбэк Хурамхаз

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: өзгеріс, есебі., рефлексивтік, жайлы, енгізгендегі, мен, ОҚУ, оқытуды, Өз, тәжірибесіне
Көрсетілім: 211 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar