Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
СӨЙЛЕУШІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТІ (ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМА НЕГІЗІНДЕ)
  • 26.10.2016
  • 200 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19812

Қазіргі лингвистика үшін, еш қоспасыз, революциялық болып танылатын, өйткені орталығында адамның өзі тұратын, тілді әрекет тұрғысынан қарастыратын, тілді және тілдік процестерді зерттеудің бағытын түбегейлі өзгерткен антропоөзектік деп аталатын адамға қарай бұрылу тән болып отыр. Өмірге деген мұндай көзқарасты түсіндіру қуатын күшейтетін және қолдану саласын кеңейтетуге мүмкіндік жасайтын аралық ғылымдар – психология, әлеуметтану, логика, семиотика және т.б. мен лингвистика зерттеулерінің әдістері мен тәсілдерін оңтайлы біріктірген біршама жаңа бағыттар әкелді. Осыдан барып әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, коммуникативтік лингвистика, прагматика және т.б. сияқты бағыттардың қажеттілігі келіп туындады. Тілді әрекет және оның нәтижелері ретінде зерттеуге көп назар аударатын жаңа лингвистикалық парадигмада мәтін коммуникацияның жоғары бірлігі танылды. Және мұндағы зерттеушілік мүдде мәтін түзуші дәстүрлі механизмдерден мағына түзуші (мәтінді түсіну) механизмдеріне қарай ауысқаны байқалады[1,130].
Сөздіктер мен анықтамалықтарда берілген қатал нормалық белгі этнос пен мемлекеттің біте қайнасуына мүмкіндік жасайтын, яғни тілге орталық жүйеленген күштерді жатқызатын негізгі тілдік белгіні көрсетеді. Соның арқасында тілдің ұрпақпен сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Сөйлеу тілі, ережеге сай, әдеби тіл нормасының деңгейінде болады, бірақ та сөйлеу тілінің жекелік сипатына,оның дамуы мен өсу қарқындығына байланысты импровизациялау, нормативтік емес лексиканы қолдану және тағы басқа тілдік норманың бұзылуының арқасында, нақты бір қатынас жағдайларында кері кетіп те жатады. Бұл тілдегі әдеби, кодталған түрлерімен қатар жаргон, арго, профессионализм, диалектілік және жекелік ерекшеліктердің болуына әкеліп соғады және сөйлеу тіліне тән орталық тенденциялар туралы дәлел болады [2,12]. Кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі осы түрлер – диалектизм, жаргонизм сандары, сөйлесім, грамматикалық және басқа да ерекше айқын байқалатын әдеби тіл нормаларынан ауытқулардың функционалдық мәні зор және де оларды қолданушылардың әлеуметтік статусын, білімі мен мәдениеті тұрғысынан сипаттап береді.
Сөйлеудің тілді қолдану заңдары бойынша, тіл негізінде құрылатыны өте маңызды, сонымен қатар тіл сөйлеу арқылы баииды, сөйлеуде жаңа сөздер, бұрыннан бар, белгілі сөздердің жаңа мәндері, жаңа сөз қолданыстары жасалынады. Тілдегі барлық жаңа мәндер алдымен сөйлеуде қалыптасады, окказионализм түрінде қалуы мүмкін (немесе тіл құралына айналады).Осы жағдай көркем сөйлеудің творчестволық сипатымен бірге әртүрлі неологизмдер, окказионалдық сөз қолданыстары жиі туындайтын ерекшеліктерін де білдіреді. Осы мәселе тұрғысынан драмалық шығарманың сөйлеу тілін зерттеу өзекті болып отыр. Ең ақырына келсек, сөйлеу материалдық әрекет, ол сезім органдарымен – есту қабілеті, көру қабілеті және соқырларға арналған мәтінге қатысты сезіну қабілетімен де қабылданады. Тіл ақылмен жетіледі, бұл – категориялар мен қатынастар сөйлеуден алынады, оны басқарады, бірақ сезім органдарына тікелей әсер етпейді.
Драмадағы сөйлеу тілі тағы да бірқатар арнайы ерекшеліктерге ие. Қарапайым сөйлеу тілінің құймасы бола отырып, драмадағы сөйлеу тілі мезірет, ишара, тұрыс, жүріс тұрысымен және вербалды сөйлеуді сүйемелдейтін басқа да вербалсыз құралдармен берілетін коммуниканттардың көңіл-күй бейнесін, жан дүниесін, психикалық жағдайын береді. Қарапайым сөйлеу коммуникациясының шартында көрсетілгендей, визуалды, тікелей сөйлесу телефон, электрондық почта және т.б. арқылы сөйлесуге қарағанда үлкен коммуникативтік табыс (зерттеушілердің бақылаулары бойынша 30 дан 50%-ға дейін) әкеледі, сол сияқты кейіпкерлердің вербалды қатынасын сөйлеушілердің сөйлеу процесінің эмоциялық құраушылары – тұрыс, мезірет, ишара арқылы (дескриптивті, суреттеу арқылы) қабылдануын қамтамасыз ету драмалық сөйлеу шығармасында маңызды болып табылады. Сол үшін де бірінші кезекте, сөйлеу кезеңіне қатыспайтын 3-ші адам сипаттамасын немесе әңгімелесуші адамның сипаттамасын, өзін-өзі сипаттауы үшін қызмет ететін ремаркалар, сол сияқты репликалар қолданылады. Бейвербалды қатынас құралдары вербалды құралдармен бірге сөйлесімнің жасырын мағынасын жасаушы, әзіл, емеурін білдіру сияқты белгілердің қолдныстарына мүмкіндік жасайды.
Сонымен, драмалық сөйлеу шығармасындағы тіл мен сөйлеу түсініктеріне дифференциациялау жүргізе отырып, олардың бірлігі мен бір-бірімен ажырмайтын қабілетін танып білеміз. Тіл жүйені көрсетсе, онда сөйлеу – осы жүйенің қызмет етуі, жүзеге асуы болып есептеледі деген қорытынды жасау дұрыс деп ойлаймыз. Драма тілін жанр ерекшелігіне байланысты, өз кезегінде, кейіпкерлердің сөйлеу тіліне құрылатын, сөйлеу шығармасы ретінде зерттеу міндетін қоя отырып, қарастыратын обьекті ретінде сөйлеуді алып, сөйлеуге ғана тән маңызды сөйлеу қабілеттерін көрсетеміз.Оларға мыналар жатады:
1.Сөйлеу шығармасы (мәтін) автор мен оқырман арасындағы көркем коммуникацияны көрсететіндіктен, драмалық сөйлеу шығармасына қатысты оны жасайтын сөйлеуді жіберуші – драматургтің анықтаушылық мәні болады. Онсыз сөйлеу шығармасы болып саналатын драма мәтіні мүмкін болмайды. Бұл сөйлеудің қасиеті дербестелгендік (эгоцентрикалық) деп аталады [3,13].
2. Сөйлеу, ережеге сай, тыңдаушыға арналған сөйлеушінің нені ойлайтынын, нені сезінетінін беру мақсатында жасалады. «Сөйлеудің екінші маңызды ерекшелігі сол, оның тікелей сөйлеу актісімен байланыстылығы, яғни –сөйлеудің адрестілігі» – деп жазады Г.Я.Солганик [3, 14].
3. Сөйлеудің жалпы психотүрмен, темпераментімен, сол сияқты сөйлеушінің эмоциялық жағдайымен, оның сөйлеу пәні мен адресатына қатынастарымен өтетін жағдаятпен тығыз байланысы экспрессивтілік деп аталатын сапасын жасайды. Оның тілдік құралдары эмоциялық айшықталған және образдық лексика, эмфатикалық және одағайлық сипат лексикасы, күшейтілген грамматикалық конструкциялар, лепті сөйлемдер және қайталамалар болып табылады. Аталған сөйлеудің сапасы сөйлеу актісінің табиғатымен түсіндіріледі және сөйлеу субьектісі/жасаушымен де оның адресатымен де байланысты болып келеді, өйткені «менсіз сөйлеу мүмкін болмайды, сенсіз сөйлеудің мазмұны кетеді», – деп айтқан болатын ғалым А.Р.Бейсенбаев[4,16]. Егер сөйлеудің аталмыш сапалары көркем драматургиялық коммуникацияның екі – 1) жіберуші/автор және оқырман/адресат арасындағы 2) пьеса кейіпкерлері арасындағы деңгейін сипаттаса, байланыстылық пен кесіп айту, біздің ойымызша, коммуникацияның екінші деңгейіне тән болады және кейіпкерледің сөйлеу сипаттамасында маңызы зор. Сөйлеудің байланыстық белгілері көркем шығармадағы кейіпкерлер сөйлеу тілінің маскулиндік немесе феминдік белгілері болатыны жайында дәлелдеген арнайы зерттеулердің нәтижелері осы тұжырымдамаға негіз болды (Нерознак, Антинескул).
Байланыстылық «коммуникацияның үздіксіз ағынына, сөйлеу қатынасын іштей ұйымдастыруға икемдейтін сөйлеу актісінің құрылымдық компоненті» ретінде анықталады. Мұндағы «сөйлеу контактісін механикалық қосылған байланыспен немесе коммуниканттардың шығуымен теңестіруге болмайды. Сөйлеу контактісін орнату сөйлеушінің интенциясына кіреді» [5, 19]. Кесіп айтпау «абайлау, қандай да бір қашықтықта ұстаудың қатаң сипаттамаларын жұмсартудан... шығады. Басқа жағынан алсақ, субьектінің турашылдық, айтқан сөзінде тұрудан қашуға тырысуы кесіп айтудың себебі бола алады» [6,64]. Кесіп айтпау түсінігі сұрақтар және т.б. жұмсарту сипатындағы лексиканың көмегі арқылы бүркемеленеді. Ол авторлық сөйлеу тілін шынайы дискурс ретінде және кейіпкерлердің сөйлеу тілін фикционалды дискурс ретінде қарастырады. О.Л. Антинескулдің ойынша, «бұл асимметрияның ерекшелігі автордың гендерлік тілдік тұлғасымен белгіленеді: әйел-авторлардың шығармаларында көрсетілген ось бойынша ауытқу немесе тиісті прагматикалық «зарядтар» арасындағы айырмашылық ер-авторлар шығармаларына қарағанда жоғары болып келеді» [6,64].
Сонымен, қоршаған ортаның сөйлеушінің (жазушының) тұлғасы туралы, түсінігі қалыптасатын, тілдік тұлғаны сипаттайтын ерекше экспонат болатын сөйлеу обьективті және айқын көрсеткіштер болып табылады. Белгілі болғандай, «сөйлеу әдебі тұлғаның негізгі сипаттамасын құрайды» [7, 414]. Сөйлеудің мағыналық жағы, оның формалық құрылымы, сол сияқты «қарым-қатынас және хабарлау (әдептен озу, ресми, құрметтеу, немқұрайды қарау, тура, жанама және т.б.) .) –¬ осының барлығы сөйлеуші индивидтің әлеуметтік жағдайын, жасын, жынысын білімін, ақыл-ойын, мәдениетін, рухани құндылығымен қоса оның мінезін, психологиялық түрін, сол сияқты сөйлеу кезіндегі сабырлы, қуанышты, алаңдаулы, үрейлі, қайғылы және т.б. психологиялық жағдайын әсерлі сипаттап бере алады» [7,414]. Біздің ойымызша, драма кейікерлерінің сөйлеу тілі вербалды «виртуалды шындығы» – кейіпкердің фикциональді дискурсы болғандықтан, зерттеулік мәнін жоя алмайды, өйткені драмалық сөйлеу тілінде өзінің жанрлық ерекшелігіне қарай лингвомәдени қоғамдастықта айтылған сөйлеу қатынасы, оның ережелері мен нормаларының үлгілері бар. Драмадағы сахна тілінің кейіпкерлердің болып жатқан оқиғаға өзінің қатынасын, эмоциялық жағдайын, өзінің мүддесін, сол сияқты өзін тұлға ретінде көрсететуін білдіретін диалог, монолог пен репликалар арқылы білдіретін формалары бар. Сондықтан да драмадағы сөйлеу тілі сол арқылы автордың қандай да бір образ жасайтын және драматургиялық шығармаға, оның әрекет етуші адамдарына талдау жасайтын, оның идеялары олардың сөйлеу тілін қарастырмаусыз мүмкін болмайтын, қол жетпейтін құрал болып табылады.
Драмалық сөйлеу шығармасының адресаты оқырман/ көрермен болып табылады. Драманы жазу кезінде оның адресаты болып көбінесе автордың өзі өкіл немесе оның қандай да бір бөлшегі (мысалы, жастар, әскери қызметкер және т.б.) адресат болатын лингвомәдени қоғамдастық болады. Уақыт өткен соң автордың өзі қатысты сол лингвомәдени қоғамдастықтың басқа ұрпағы адресат болады. Адресат факторы (Н.Д.Арутюнованың термині) сөйлеудің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге формасына да әсерін тигізеді. Бірінші сапасы – сөйлеудің дербестелгендігі – сөйлеуге қайталанбастық пен жекелік береді, екінші – сөйлеудің адрестілігі – сөйлеуші мен тыңдаушы үшін ортақ ойды беруге арналған осы құралдары қолдануға ұмтылу әрекеті олардың адресатының сөйлеу тілін түсінуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын тілдік құралдар мен формалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, коммуникация бойынша серіктестер адресаттың да адресанттың да сөйлеу тәжірибесінде кездесетін, көптеген нұсқаларының ішінен адресат түсінетін сөйлем түрлерін таңдап алуға шақырады. Үшінші сапасы – экспрессивтілігімен – динамизм мен икемділікті қамтамасыз ететін, коммуникативтік жағдаяттағы сөйлеуді туғызу процесімен байланысты болып келеді. Мұнда сөйлеушінің тілдік құзіреті айқындалады. Сөйлеудің байланыстылық пен кесіп айту сияқты сапалары сөйлеушінің тілдік құзіретінен басқа, оның интенциясы мен дискурстың гендерлік аспектісін бейнелейді. Жоғарыда айтылғандар осы жұмысымыздағы драмалық сөйлеу тілін талдау барысында лингвистикалық, психолингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, коммуникативтік, когнитивтік, прагмалингвистикалық, гендерлік тәсілдерді қолдануға негіздеді, ал ол болса қазіргі тіл білімінің мультилингвистикалық немесе интеграцияланған парадигмасын көрсетеді.
Драмалық сөйлеу шығармасының кейіпкерлер тіліне, олардың сөйлеу тіліне құрылған сипаты диалог барысындағы кейіпкер репликасының адресаты сахнада тұрған басқа кейіпкер және онымен бір уақытта кездесетін – көрермен/оқырманның (оқуға арналған Lesedrama түпнұсқасындағы үш субъектілік қатынас) болуы сияқты жанрлық ерекшеліктерге негізделген. Сондықтан да сөйлеу қатынасының субьектілері бұрынғыдай екеу емес, (сөйлеуді жіберуші – қабылдаушы/сөйлеу адресаты), үшеу: сөйлеуді жіберуші – қабылдаушы/ 1-сөйлеу адресаты (басқа кейіпкер) және қабылдаушы/2-сөйлеу адресаты (оқырман/көрермен).
Драма көрсетілген ұстанымдар тұрғысынан әлеуметтік лингвистикалық талдаудың тамаша үлгісін береді. Мысалы, Ә.Тәжібаевтың «Гүлден дала» пьесасында кеңес дәуіріндегі ауылдың қызу тіршілігі, ондағы әлеуметтік топтар өкілдерінің конфликтілері туралы сөз болады. Ауылдың басшысы мен жаңа заман өкілі – жас маман – партия ұйымының хатшысы арасындағы келіспеушілік – ескі мен жаңашылдықтың, жас пен кәрінің таласы олардың өзара репликаларынан айқын байқалады. Мұнда тек екі кейіпкердің ғана келіспеушілігі емес, жаңашылдыққа ұмтылған жастар мен кертартпа ескі көзқарас иелерінің тартысын да байқаймыз:
Арман. Анығырақ айтуға бола ма, жауыңыз кім, Телеке?
Телғара. Көзіңе шұқып көрсетуге болады. (Саусағын шұқшитып.) Сенсің, Арман Абзалов.
Арман. Қате айтасыз, жолдас председатель! Мен партия ұйымының секретарымын!
Телғара. Ұйымнан садаға кет! Келгеніңе айдан асқан жоқ, туыспен туысты атыстырдың, ортамызға от тастадың сонда жауым емей кімімсің?
Арман. Сіздің көзіңізбен көріп, сіздің ұғымыңызбен ұғыну маған қиын. Сондықтан да сізше сөйлеу де маған оңай болмас-ты. Жалғыз-ақ ескертерім бар: қыйсық отырсаңыз да түзу сөйлеуге тырысыңыз. Айтқан сөз – атқан оқ; ауыздан шықса қайтпайды. Артық сілтеп кем өкінсеңіз кешірілмейді. Оны да ұмытпаңыз.
Телғара (кекете мырс етеді). Я тағы нең бар? Өзің соқтығып, мені кіналауға да әзірсің-ау деймін, жолдас секретарь! (Дірілдеп.) Ендеше саған да ескертейін: менің атым Телғара, фамилиям - Темірбеков! Жыйырма жылдың суығын да, жылуын да көріппін, жыйырма жылдың ащысын да, тәттісін де татыппын. Содан бері бір өкінген емеспін. Тауың болса құлата бер төбеме? Телғара бұдан былай да өкінбейді!
Жанас. (Арманға). Менің фамилиям қалай еді осы?
Арман (күліп). Ұмытпасам Темірбеков болу керек, Жәке.
Жанас (Телғараға). Есіттің бе, ме де Темірбеков екем. Әке мен шеше екеумізге тең ортақ. «Темірбеков» атану асқан қасиет болса, маған да қалдыр сол қасиеттің біразын... Сен айтқан жиырма жылға көбіміз де ортақпыз. [Ә.Тәжібаев – Гүлден дала,419 бет.]
Бұл үзінді полилогқа қатысушылардың әлеуметтік статусы мен әлеуметтік рөлін көрсетеді: өзінің ауыл басшысы екенін, әлеуметтік статусын нақтылап тұрған – ауыл председателі, (1), оның көзқарастарымен мүлдем келіспейтін, қарсылығын ашық айтып тұрған – саяси өкіл, партия ұйымының хатшысы (2), жас хатшыны қостап тұрған, председательдің бірге туған жақыны, ағайыны болса да ойы, көзқарасы бөлек, сол ауылдың атқамінер қызметкері – Жанас(3). «Жыйырма жылдың суығын да, жылуын да көрген, жыйырма жылдың ащысын да, тәттісін де татқан» ауылдың председателі мен «Сіздің көзіңізбен көріп, сіздің ұғымыңызбен ұғыну маған қиын», «Артық сілтеп кем өкінсеңіз кешірілмейді» деп жасқанбай үкім айтқан – партия ұйымының хатшысы, оған қарсы «Тауың болса құлата бер төбеме?Телғара бұдан былай да өкінбейді!» деген ауыл председателінің негативтік қарсы жауап репликасынан, әлеуметтік топ өкілдері арасындағы келіспеушілік – дискурс жағдаяты белгілі болып отыр.
Жазушы-драматург тартысқа құрылған оқиғаны дәл жеткізу мақсатында кейіпкерлердің психологиялық көңіл-күйін беретін экспрессивтік тілдік құралдарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді де ұтымды қолданған. Кейіпкерлердің сөйлеу тілінде иллокутивтік күші басым, прагматикалық ықпалға тола сөйлеу актілерінің барлық түрлері де кездеседі. Қос мақсатты сөйлеу актілері де бар. Кейіпкерлердің осы диалогтық тұтастығындағы жауап репликаларынан біз олардың ашу-ызасын, бір-бірлерін кінәлауды, жазғыру, бұйыру, кекесінді де байқаймыз. Даулы мәселе төңірегінде реплика алмасқан кейіпкерлердің көзқарастары қанша қарама-қайшы болса да әлеуметтік статусы жоғары, жасы жағынан кіші Арман қоғамда қабылданған сөйлеу этикетін барынша сақтауға тырысқан. Бұл коммуникативтік қатынас сәтсіз аяқталды, себебі қатынасқа қатысушылардың ешқайсысы өз интенцияларына қолдары жетпеді. Осы полилогта: коммуниканттардың жасы кіші болса да (статусы мен сөздеріне қарағанда ең үлкені – партия ұйымының хатшысы, ауылдың председателі де одан статустық жағынан теңесіп тұрғанымен, жасы, өмірлік тәжірибесі жағынан үлкен адам), олардың ұлттық тегі, туыстық белгілері, әлеуметтік көзқарастары, иллокутивтік интенциялары, психологиялық көңіл-күйлері мен әлеуметтік көзқарастары анық байқалады.
– коммуниканттардың статусы мен рөлінен белгілі бір әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға деген олардың әлеуметтік анықтамалары, бағыттары келіп шығады
– Хаймстің айтуы бойынша қатынас болып жатқан жағдай мен сөйлеу актісінің «сахнасы», яғни «психологиялық жағдай», дәл осы жағдайда міндетті емес, бірақ председателдь, хатшы қатысқандықтан, ресмилік белгі бар коммуникативтік жағдаяттан тұрады;
– Хаймстің енгізген «негізгі белгісі», яғни сөйлеу актісінің экпрессивтік-стилистикалық айшығы. Барлық полилог фамильярлық-сыпайылықтың негізгі белгісінде өтеді, ол туралы олардың сөйлеу тілінің экспрессиясы белгі береді... Мысалы, «Қате айтасыз, жолдас председатель! Мен партия ұйымының секретарымын! (1)», оған берген адресанттың жауабы нық, зілді: көңілі толмағандығын көрсеткен екіші адресант риторикалық сұрақтар пайдаланады: «Ұйымнан садаға кет! Келгеніңе айдан асқан жоқ, туыспен туысты атыстырдың, ортамызға от тастадың сонда жауым емей кімімсің?»; ашу-ызасын да бар қарсылығын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, сөйлеу шығармасы құрылған әрбір полилогқа қатысушылардың «белгісі» әлеуметтік жағдаяттың – коммуниканттардың арасындағы рөлдік қатынастардың, олардың статусы мен барлық жағдайлардың бейнесі болады.
А.Д.Швейцер мен Л.Б.Никольскидің: «Сөйлеу әрекетін бақылау әлеуметтік-коммуникативтік жүйе мен сөйлеу тілі ұжымдарының ерекшеліктерін терең анықтауға мүмкіндік береді» [8,154] деген белгілі тезистерінің драмаға қатысты кері мағынасы да бар.Сөйлеу әдебін әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан талдаған кезде кейіпкерлердің сөйлеуі, сөйлеу әдебінің әлеуметтік қыры жағынан оның субьектісі туралы ауқымды сипаттама береді. Драма кейіпкерлерінің сөйлеу тілдері аяқ астынан болмайтынын, керісінше, оны драматугтің арнайы жасайтындығын ескерсек, «эксперссивтік қолданыс деп атауға болатын әлеуметтік белгіленген тілдік белгілер» қолданылады, олар бойынша драманың әрекет етуші тұлғаларының және кеңірек алсақ, нақты драмалық шығармада өзінің бейнесін тапқан сол тарихи кезеңнің барлық әлеуеті мен этнолингвомәдени қоғамдастықтың әлеуметтік портретін құрауға болады [8,161]. Әлеуметтік лингвистикалық талдау мұнда әлеуметтік лингвистика сөйлеу әдебін қандай да бір әлеуметтік тиімді нұсқасын таңдау процесі ретінде қарастырылатындықтан, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі әлеуметтік түзетілген нұсқасының барлық жиынтығын ескеруге бағытталады.
Осыдан барып «әлеуметтік тиімді нұсқаларды анықтайтын және оларды қолданудың әлеуметтік жағдайын нақтылайтын ережелер жиынтығы» деп түсінілетін әлеуметтік лингвистикалық норма түсінігі келіп шығады [8,162]. Барлық басқа нормалар сияқты әлеуметтік лингвистикадағы норма да территориялық, әлеуметтік, уақытша, этномәдени сияқты түрлерімен ажыратылады. Сонымен, қаратпа сөздің асимметриялық моделіне сәйкес балалар ата– аналарына «сіз» , ал ата – аналары балаларына «сен» деп дәстүрлі қарата айтқан қаратпа сөздер қазақ отбасының патриархалдық құрылымын көрсетсе, орыс лингвомәдени қоғамдастығында архаикалық түрінде қарастырылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сухих С.А. Прагмалингвистическое измерение коммуникативного процесса // Дисс. д-ра филол.наук: 10.02.19 – Краснодар, 1998. – 458 с.
2. Львов М.Р. Основы теории речи: Учебное пособие. – М.: Изд.центр "Академия", 2000. – 248 с.
3. Солганик Г.Я. Стилистика текста: Учебн.пособие – 3-е изд. – М. Флинта: Наука, 2001. – 256 с.
4. Бейсенбаев А.Р. Эгоцентрические единицы в летописном тексте. – А.: КАРАТ PRINT, 2002. – 172 с.
5. Школьник Л.С. Речевое воздействие: основные проблемы и исследования // Проблемы организации речевого общения. – М., 1981. – С.24-31.
6. Сонич Т.П. Языковое выражение некатегоричности в свете коммуникативно-прагматической грамматики// Прагматика и структура текста. – M., 1983. Вып. 209. – С. 57-70.
7. Лингвистический энциклопедический словарь / Гл.ред. В.Н.Ярцева. – 2-е изд., дополненное – М.: Большая Российская энциклопедия, 2002. – 709 с.
8. Швейцер А.Д., Никольский Л.Б. Введение в социолингвистику: Для институтов и факультетов иностр. языков. – М: Высш.школа, 1978. – 216 с. Тәрбие.орг сайтынан СӨЙЛЕУШІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТІ (ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМА НЕГІЗІНДЕ) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карашева Толкын Алимжановна

Алматы қаласы, №141 жалпы білім беретін мектеп ағылшын тілі мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 200 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar