Сайыс : «Жұлдызды сағат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 785
  • Авторлық бағдарлама
  • 23/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18801


Сайыс : «Жұлдызды сағат»
Мақсаты: Тәрбиешілердің білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, психологиялық біліктіліктерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа , тапқырлыққа тәрбиелеу.
Қымбатты әріптестер! Бүгінгі кеш-қызықты кеш,
Көрермендер халайық.
Ми –түйсікті қозғап, қазір,Биікке қанат қағайық. Бүгін «Жұлдызды сағат» атты ойынымызды сайыс түрінде жүргізуді ұйғарып отырмыз. Әрине, бұл сайыс болғандықтан, оның міндетті түрде жеңімпазы болады. Ойынға қатысушы сайыскерлерге сәттілік тілеймін. Әр сайыскер өзін таныстырып өтсін.
Ойын 7 кезеңнен тұрады.
1. Кім шапшаң сайысы.
2. Ой қозғайық.
3. Үй тапсырмасы бойынша сайыскерлерге «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру.
4.Практикалық жаттығу.
5. «Ізбен жүру» тренинг.
6 .Сыйлық сатып алу.
7. Финал.
1. кезең. Біздің күнделікті іс-әрекетіміз балаға тәрбие-білім беруге бағытталған. Бірақ бұл қасиеттерге қоса, адамға шапшаңдық та өте қажет. Ендеше сайысымыздың түрі «Кім шапшаң?».
Мақал-мәтелдердің бірінші жолдары айтылады да, жалғасын тәрбиешілер жалғастырады.Мейірімділікті анадан үйрен,Әдептілікті данадан үйрен. Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады.Оқи берсең, көзің ашылады.Отыра берсең жалқаулық басады.Тозғаннан жирен, Озғаннан үйрен. Тіліңмен бәрін істегенше, Қолыңмен бәрін істе.Адам адамнан тәлім алады. Топтан бөлінсең де, көптен бөлінбе.Аш бала тоқ баламен ойнамайды.Құлқынның құлы болғанша, Халқыңның ұлы бол.Байлық мұзға жазылған сөз, Білім тасқа жазылған сөз.
2. Кезең. Ой қозғайық. Логикалық сұрақтарға жауап беру керек.
1).Бір адам жиырмасыншы қабатта тұрады. Лифтіге кіріп 10-шы санды басады да, 10-нан шығып, 20-ға дейін жаяу барады. Неліктен?
2)Волганың ортасында не бар?
3)Екі адам өзенге келді. Жағада тек бір адамды ғана көтере алатын қайық тұр. Бірақ соған қарамастан екі адам да басқа жағаға өтіп кетті. Олар қалай өтті?
4)Шегеге жіп пен жүктен тұратын маятникті ілу керек.Үстелдің үстінде шеге, жіп және жүк(0,5 кг кір). Бірақ балға жоқ. Яғни тапсырманы қалай шешу керек?
5)Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы он торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
6)Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны?
7)Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
8)Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда 4-4-тен үлкен бұта бар.Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар. Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар. Барлық алма саны қанша?
9)Құлақ адамға не үшін керек?
3 кезең.
Үй тапсырмасы бойынша сайыскерлердің өз шығармашылық жұмыстарын таныстыруы.
Еңбегіңіз жұлдызшамен бағаланады.
А)Жұмысты жасағанда қандай көңіл күйде болдыңыз?
Б)Оған қандай ат бересіз?
В)Жұмысты жасауда қандай қиыншылықтар болды?
4 кезең.Практикалық ойлауды дамытуға арналған жаттығу. Бұл жаттығуды орындауға сізге 8 ши , желім, А-4 парағы беріледі. Сіздің міндетіңіз шилерден 2 төртбұрыш, 4 үшбұрыш шығаруыңыз керек
5. кезең. «Ізбен жүру» психологиялық жаттығу.
Сіздердің қолдарыңызға ұлтарақтар беріледі. Сіздің міндетіңіз адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді айтып шығу керек. Бірінші жақсы қасиет айтсаңыз соңғы әріпінен қарама –қарсы қасиетті бастауы керек.Мысалы: Суайт-тәртіпті.1-2 минут ойлануға болады. Кімнің жұлдызшасы көп, сол сайыскер бастайды.
6.кезең.Сыйлық сатып алу.
Бұл сыйлық қорабын жұлдызшасы ең көп сайыскеріміз ғана таңдай алады. Қай қорапты таңдайсыз?

7.кезең. соңғы. « Қанағаттанарлықсыз» деген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек.
Бүгінгі жеңімпазымызда ең көп жұлдыз болуы керек. Санайық.Мына бір құттықтау жолдарды сізге арнаймын.

Тұлпардай алшақ басқан тынысын кең,
Жол саларсын биік-биік шыңдарға сен.
Ұстаз деген ұлы тұлға қашанда
Тәрбие-білім беріп бақшада
Еңбегіңіз жаңа берсін қашанда.

Қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлықсыз Тәрбие.орг сайтынан Сайыс : «Жұлдызды сағат» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махамбетова Капиза Тусебаевна

Пікірлер: 0

avatar