Ш.А.Амонашвилидің «Балаларды қалай сүю керек?» (Как любить детей?) атты шығармасына жазылған пікір Дайындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 391
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23123


Ш.А.Амонашвилидің «Балаларды қалай сүю керек?» (Как любить детей?) атты шығармасына жазылған пікір
Дайындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Н.Нуржаубаевна
Балаларды қалай сүю керек?
Қымбатты әріптестер! Баланы қалай сүю керек?- Бұл ұстаздар үшін таусылмайтын әлем. Ол тек педагогика әлемі емес, барлық ғылым саласының мәдениеті үшін де жұмбақ әлем, яғни рухани әлем.
Біз мына әлемді өзгерту үшін тәрбие беру үрдісін баланы сүю, жан тәніңмен қалтқысыз сүю арқылы біз өмірдің көп дағдысын рухани педагогикамен шешер едік...
«Білім беру үрдісінде рухани кең жүректі, гуманды тәрбиеші мен ұстаздар, балалар мен оқушыларды кең жүрекпен сүю қажет», - деп Амонашвили тұжырым жасады. Педагогтың махаббаты оқушыдан құралуы тиіс. Бірақ қалай сүю керек деп емес, нақты әрбір баланы сүю арқылы тәрбиелеудегі үрдісті жолға қою қажет.
Балаларды қалай сүю керек? Әлемде қанша мұғалім болса, біз сұрақтарымызға сонша жауап ала аламыз. Егер де біздің әрбіріміз баланы солай риясыз сүйе білсек, менің ойымша біз педагогика әлемінде ең жоғарғы жетістіктерге жетер едік. «Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек?» және Сухомлинскийдің «Баланы қалай сүю керек монифесті» еңбегін оқи отырып, мен де өзімнің жан дүниеме үңілуді жөн көрдім», - дейді Амонашвили.
Меніңше, адам педагогикалық махаббаттың не екенін білуі тиіс. Педагогикалық махаббат- бұл өте ғажайып от, ол адамды алға ұмтылдырады. Ол менің өмірімнің күш – қуаты. Осы күш арқылы мен оқушыларымды көруге асығамын. Олармен бірге қуанып, олармен бірге жабығамын дей келе, ол осы еңбегінде балалық шағын еске түсіре отырып, ол былай дейді: «Мен барлық жақсыны анамнан, әжемнен, атамнан үйрендім. Бірақ бала кезімде менде ата-анама көптеген қолайсыздықтар туғызғаным әлі есімде. Әрине, мен де мектепті жақсы көрдім,онда менің барлық өмірімнің әрбір сәттері өтті», - дейді.
Ол өзінің әкесі туралы былай баяндайды: «Менің әкем өз еркімен Ұлы Отан соғысына Қырымға кетіп, сонда қаза тапты. Әкеме деген махаббатым және барлық жақсы естеліктерім мені болашаққа жетелейді.Әжем ұйықтар алдында ертегі айтып, дұға-тілектер тілеп, менің жүрегімді тыныштандыратын. Мен де әжем сияқты бірнеше жылдан кейін өз балаларыма, немерелеріме ертегі оқитынмын. Атаммен бірге бау-бақшада жүзім күтіп, баптағанды ерекше жақсы көретінмін.Атам менің жүрегіме адамгершіліктің нәрін сепкен.
Ол өзінің анасы туралы былай дейтін: «Мен анамды жиі ренжітетінмін. Себебі, менің әр түрлі пәндерден екіліктерім көп болды. Мүмкін, мен ұстаздарды дұрыс түсінбеген болармын, бірақ олар мені еш аямастан екіні қоятын» деп бала көңіліндегі шынайы шындықты еске алатын.
Амонашвилидің мені ұстаздар жақсы көрді ме?-деген бөлімінде ол былай дейді: «Мектепті мен де жақсы көрдім». Мектептегі үлкен ұзын дәліз, үлкен аула, онда шуылдаған балалар даусы, қоңырау үні, достарымызды сағына кездесіп, бір-бірімізге көшіруге дәптер беретініміз, бәрі – бәрі осы мектепте өтетін. Ұстаздарым бізді жақсы көрді ме? Әрине, жақсы көрді. Бірақ олардың сүйікті оқушылары болатын...Мүмкін, олар талаптарын үнемі бұлжытпай орындағандықтан болар. Бірақ шынайы ұстаз махаббаты сезілмейтін».
Олардың үнемі бітпейтін үй тапсырмасымен, үздіксіз тексерістерімен, қорқынышты, сұсты түрлерімен, жазалау, қате түзеу, қатаң тәртіп ұстаздарға бізден, яғни шәкірттерінен жоғары тұрды.
«Мен батырмын», «Экзаменді қайта тапсыру», «Ағылшын тілі грузин әріптерімен», «Енді не болады?»- деген бөлімдерінде Амонашвилидің ұстаздарының қаталдығы, жоғары білім мен қатаң тәртіпті талап еткені туралы Амонашвилидің сабақтағы өмірінен мысал келтірілген. Ол 1945-1946 оқу жылында 7 сыныпқа дейін толық екілікке оқитын оқушы, кейін үштік, оқу жылының аяғында алтын алқамен бітірген. Бұл қалай болуы мүмкін?
Оның білуінше грузин тілінен Варвара Вардиошвили деген мұғалім беретін болған, біз ол туралы білетінбіз. Оны барлық сынып оқушылары жақсы көретін. Ол туралы оның әдемі сабақтары, оның сүйіспеншілікте, мейрімділікпен қалай көмектескені, оның шыншылдықты, әділдікті, өзінің шәкірттерін қалай қорғаштайтыны туралы үлкен сыныптардан аңыз еститінбіз.
«Сол күнді ұзақ күттік. Біз оны сыныпта күттік. Ол сыныпқа кірді. Варвара Вардиошвили өте ақылды, шыдамды, түсінігі мол, адал, шәкірттеріне деген махаббаты шексіз, яғни ол әр баланы сол қалпында жақсы көре білді, ол бізді шексіз сүйді. Барлық мектеп оны «Дейда Варо» деп атайтын, оның орысша аудармасы «тәте» болатын. Дейда Варо әрбір шәкіртін одан үміттенетінін, қолдайтынын, қорғайтынын, нағыз педагогқа тән қасиеттерімен баурап, шынайы ықыласымен баланы өзіне тарта білетін. Дейда Варо өзі бізге асығатын, ол біздің екінші анамыздай бола білді» - деп Амонашвили осы ұстазының бойынан шынайы педагогтік махаббатты көре білді.
Яғни қорыта айтқанда, «Педагогтық махаббат» ол - әрбір ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінен орын ала білуі қажет, әрбір шәкіртті сол қалпында жақсы көре білуі тиіс. Шынайы келбет пен шынайы болмысымен шәкірттерінің болашағының жарқын болуына үлес қосуы, әрбір шәкіртінің бақытты сәттерінің көп болғанын қалайтын адам, яғни ол «нағыз ұстаз- шынайы педагог деп білемін» деп өз пікірімді аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан Ш.А.Амонашвилидің «Балаларды қалай сүю керек?» (Как любить детей?) атты шығармасына жазылған пікір Дайындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектебі Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar