Шәкірт толғанысы

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 368
  • Авторлық бағдарлама
  • 28/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23135


Шәкірт толғанысы

«Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің !» -
демекші, ұстаздың адам өміріндегі рөлі туралы айта берсек, айтылатын дүние өте көп.
Мен өзім ұстазыма қарап бой түзеп, үлгі алдым десем артық айтқандық емес. Өзім оқыған мектепте 8 сыныпқа келгенде сынып екіге бөлініп, бізге сынып жетекші болып Игниязова Айгүл Байбозқызы тағайындалды. Сол уақыттан бастап апайымыздың қаталдығын, талапшылдығын байқадық және талапты орындата білді. Біздің сынып мектептегі сабақ оқитын оқушысы аз, бірақ тентектікте алдына жан салмайтын сыныптардың бірі болатын. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүріп, бізге адал, қамқор, шыншыл болуға баулыды. Сыныпқа 11 сынып бітіргенге дейін сынып жетекшілік етті. Сол аралықта біз мектептегі түрлі іс-шараларға, білім сайыстарына белсене қатыстық және де жүлделі орындарды жеңіп алдық. Қазіргі уақытта сол сыныптан бітірген оқушылар әр жерде, әр түрлі мамандық иесі. Әлі күнге дейін сынып жетекшімізбен қарым-қатынасымыз жақсы және де мерекелерде жиналып, құттықтап барамыз, қал-жағдайын біліп тұрамыз.
Әрбір адамның өмірінде өзіне үлгі аларлық тұлға болады. Менің өмірімде де ұстазымның орны ерекше. Қазіргі таңда сол мектепте, бір ұжымда қызмет жасаймыз. Әлі баяғыдай апайым сияқты. Үнемі ақыл-кеңес сұрап барамын, қолынан келген көмегін аямайды. Қасымда жанашыр адамым бар деп, мен де сенімді айта аламын.
Айгүл апайға денінің саулығын, басының амандығын, отбасына бақыт, жұмыстарында табыс тілеймін. Тәрбиелеп отырған көзінің ағы мен қарасындай болған ұл-қызының қызығын көріп, шәкірттері оза шапсын дегім келеді. «Ұстаздың атын шәкірті шығырады» деп білемін. Үлгілі ұстаз, аяулы ана, сүйікті жар болып ұзақ та бақытты өмір сүруін тілеймін. Бұл шәкірт тілегі. Сол кісінің шәкірті болған мен үшін мақтаныш!
Шәкірті: Нургалиева Меруерт Сазанбаевна Тәрбие.орг сайтынан Шәкірт толғанысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нургалиева Меруерт Сазанбаевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, "Құрық ауылының №1 орта мектебі" КММ химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar