Үш тілді білу – елге үлгі болу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 460
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22765


№ 137 жалпы орта мектебі

Үш тілді білу – елге үлгі болу

Сыныбы: 11 «А»
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Бурабаева Мақпал

2017ж

Пәні: қазақ тілі _______________ Тексерілді М. Елемесов

Сабақтың тақырыбы: Үш тілді білу – елге үлгі болу Мұғалімніңаты-жөні: Бурабаева Мақпал
Күні: 01.03.2017
СЫНЫП: 11
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:
Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Берілген сұрақтарға жауап бере алады.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Берілген сөздерді үш тілге аударып айта алады.

3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Сөздерді қатыстырып мәтін құрап айта алады.
Тілдік мақсат: Тыңдалым:
Айтылым:.
Оқылым:
Жазылым:
Ресурстар: тарапта қағаздар, түтікшелер топқа бөлуге арналған,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Алдыңғы оқу:
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
(1-3 мин) Сынып оқушыларына жағымды ақуал қалыптастыру.Түрлі-түсті түтікшелер арқылы
оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу.
Түтікшелердің түстерін үш тілде айту.
жеке жұмыс
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
1-деңгей (білу, түсіну):
(7-10 мин)
«Таң қалдыра таныстыру» әдісі
Өз жанұясын үш тілде таныстырады (қазақ, орыс, ағылшын)
(1-2 ұпай)
жеке жұмыс
2-деңгей
(қолдану, талдау):
1-топ Ана, гүл, іні, кітап,қызыл;
2- топ. Ата, бала, дәптер, сары, терезе;
3-топ. Әке, қыз, қаламсаб, көк, есік;
4-топ. Әже, сәби, тақта, қара, мектеп;
Берілген сөздерді үш тілге аударып айтады. (2-3 ұпай)
топтық жұмыс
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):

Сөзжұмбақ құрастыру
топтар өзара тексеру (4-5 ұпай)
топтық жұмыс
ЖАҢА САБАҚ
(5-7 мин)

( Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру және мұғалімнің сабақтың мазмұнын ашуы)
1.Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің сабақ тақырыбын түсіндіруі
Кіріспе сөз.
Үш тілді білу – елге үлгі болу
“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”
Н. Ә. Назарбаев

САБАҚТЫ БЕКІТУ
1-деңгей (білу, түсіну):
(15-20 минут) «иә, жоқ» стратегиясы
І топтың сұрақтары.
1) Междометие является частью речи? (да)
2) В предложений глагол бывает сказуемым? (да)
3) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да)
4) Англияның астанасы Гастинг қаласы (жоқ)
5) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә)
2-топтың сұрақтары
1) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ)
2) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә)
3) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ)
4) – лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу салыстырмалы шырай жұрнақтары (иә)
5) Шылау сөйлем мүшесі бола ма? (жоқ)
3-топ сұрақтары
1.Фонетика изучает состав слова? (нет)
2. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ)
3. Антонимы слова противоположного значения? (да)
4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ)
5. – ған, - ген, - қан, - кен есімшенің жұрнақтары (иә)
4-топ сұрақтары
1. «Әлдекім, кейбіреу» белгісіздік есімдіктері ( иә)
2. Англияның астанасы Лондон (иә)
3. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ)
4. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да)
5. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия) (1-2 ұпай)

2-деңгей
(қолдану, талдау):
Жұмбақтар:
1) Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл, язык, language)
2) Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)
3) Жаза – жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған. ( бор, мел, chalk)
4) Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (Сағат, часы, clock)
5) Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріп, буква, letter)
6) Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың. (Мектеп, школа, school)
7) Жылт – жылт еткен, жылғадан өткен,
Базарды басқан, кентті кешкен (Су, вода, water)
8) Мамықтай ұлпа, қанттай ақ, қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар, снег, snow)
9) Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (Тұз, соль, salt)
10)Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян, заяц, rabbit) (2-3ұпай)
жеке жұмыс
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
1.« Ана тілім – арман қанатым»
2. « Өнер алды – қызыл тіл»
3. «Тіл – өмірдің айнасы»
4. « Тіл – қоғам үні»
үш тілге аударып айту (4-5 ұпай)
топтық жұмыс
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
1-деңгей (білу, түсіну):
(5-7 мин) Міне балалар, тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.
Оқулық мәтініндегі тақырыпты оқу, (1-2 ұпай)/ «3»

2-деңгей
(қолдану, талдау):

мәтіндегі сөздерге морфологиялық талдау жасау. (2-3 ұпай) / «4»

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) шешендік сөздерге қойылатын талаптар (4-5 ұпай) / «5»

БАҒАЛАУ
(2-3 мин) 13-15 - «5»;
10-12 - «4»;
7 -9 - «3»;
1-6 - «2»
КЕРІ БАЙЛАНЫС
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ БІР ТІЛЕК» КЕРІ БАЙЛАНЫС АЛУ ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

Келесі сабақта өз жоспарыңызда қандай өзгерістер енгізген едіңіз?

Тәлімгер: Ағабекова К Тәрбие.орг сайтынан Үш тілді білу – елге үлгі болу Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бурабаева Мақпал

Пікірлер: 0

avatar