Шай қайнатуды үйренеміз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1063
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18894


Технологиялық карта №19
Күні: қаңтар 2016 жыл
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Д\о: Шай қайнатуды үйренеміз
Мақсаты: Білімділігі: Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру (шәйнекке шай салып, су құю).
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, жұмбақ жасыру, қонаққа бару, ойын, сергіту сәті, сұрақ-жауап, қорытынды.
Көрнекілігі: демонстрациялық материал, шай ішуге арналған заттар мен суреттері
Сөздік жұмыс: ыдыстар, шай
Билингвальды компонент: ыдыстар – посуды, шай – чай
Жүру барысы:
Шаттық шеңбері
Білер қазақ баласы,
Сәлем – сіздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
(Е.Өтетілеуұлы)
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасып, өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақ жасыру
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсық тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? (ыдыстар)
Ыдыстардың суреттерін көрсетеді.
Ыдыстардың суреттерін тамашалайды.
Сұрақтар қою:
-Балалар мынау нелердің суреттері? (ыдыстар)
-Олармен біз не істейміз? (Біз олармен тамақ ішеміз, анамызға көмектесеміз).
-Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме? (кесе, шайнек, қасық т.б білетіндерін айтады.)
-Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
-Шай ішкенде үстел үстіне не қойылады? (Балалар қуаныш сезімін білдіреді).
-Балалар бүгін біз шай жасап үйренеміз.
Шай ішуге арналған заттармен таныстыру.
-Біз шай ішу үшін қандай заттар қажет деп ойлайсыңдар.
-Иә, шәйнек, шай, сүт, қант т.б. қажет екен.
-Балалар, сендер шай жасаудың тәсілдерін үйренгілерің келе ме?
Ендеше Әжеміздің үйіне қонаққа барайық.
Әжемен амандасу. (Балалар Әжемен амандасады).
Әже балаларға өзінің шай жасау әдісімен таныстырады. (Үстелінің жанына айнала отырады).
Әже: -балалар, мен сендерге шай дайындап көрсетейін.
-Мынау менің қолымдағы үнді шайы, ал мынау өзімнің сауған ешкімнің сүті. Ешкі сүті өте пайдалы. Мынау өзімнің ерте тұрып пісірген бауырсағым мен жасаған құртым. (Әженің дайындаған шайын мұқият қарап отырады).
-Мен алдымен самаурынға суымды қайнатамын.
-Балалар, естеріңде болсын: ыстық суды ешқашан өз еркілеріңмен ұстауға болмайды, тек үлкендердің көмегімен пайдаланасыздар. Жарай ма, өйтпесе күйіп қаласыңдар. Осы ыстық суымды құманыма құйып, үнді шайымнан саламын. Міне, қараңдаршы, қандай керемет күрең қызыл шай шықты. Осы күрең қызыл шайымды кесеге құямын. Ол өте ыстық. Осы кеседегі шайыма ешкімнің сүтін құямын. Міне, қараңдаршы, иісі қандай керемет шай шықты. Енді осы шайым тәтті болу үшін шақпақ секерімнен саламын. (Шайдың дайындалу әдісімен танысады).
-Міне, балалар көрдіңдер ме, әжелерің сендерге керемет шай дайындап көрсетті. Балалар балабақшаға оралады.
Сұрақтар қою:
-Балалар біз кімге қонаққа бардық? (Әжеге)
-Әже бізге не үйретті? (шай дайындап көрсетті).
Дидактикалық ойын: «Орнын тап»
Ойын шарты: әр тағамды өз ыдыстарымен сәйкестендіру.
Мысалы: сүт сүт құйғышқа құйылады. (Тапсырманы орындайды).
Сергіту сәті.
«Көңілді күн» видеороликпен орындау. (Сергіту сәтін видеороликпен орындайды).
-Балалар, Әжеміздің үйреткен шай дайындауын мына суреттер бойынша рет ретімен орналастырып көрейік.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Балаларға шай дайындауға қажетті суреттер беріледі. Балалар сол суреттерді рет ретімен орналастыруы қажет.
Қорытындылау.
-Балалар, біз сендермен не жасап үйрендік?
-Кімге қонаққа бардық?
Шайды салғаннан кейін қандай су құю керек? (Балалар сұрақтарға жауап береді).
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. (Балалар қуанады).
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ыдыстарды дұрыс қолдана білуді;
Түсінеді: шай әзірлеудің ретін;
Қолданады: шай ішуге арналған ыдыстардың аттарын күнделікті өмірде.

МКҚК №59 «Ақбөбек» балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Тәрбиеші: Қосмағамбетова А.М
ІІ кіші «Құлыншақ» тобы

2015-2016 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Шай қайнатуды үйренеміз Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосмағамбетова Айгерим Мырзағалиқыз

Пікірлер: 0

avatar