«Шебер қолдар» үйірмесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 4734
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19503


«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Қабанбай батыр атындағы орта
мектебі мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің І санатты, І деңгейлі бастауыш
сынып мұғалімі Окасова Тулеш Хасеновна



«Шебер қолдар» үйірмесі
/Авторлық бағдарлама/

Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі-сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезінде балалардан алдын болжай білуді, жинақталуды, уақытты ұтымды пайдалануды, іскерлік қатынасты талап етеді. Балалар көп уақытын компьютерде өткізеді де табиғатпен аз қарым-қатынаста болады. Сол себепті де елгезек, ықыласты болудан қалып барады, сондықтан да мектепте жеке шығармашылық қабілеті тәжірибелік қана емес, рухани дамуы қажет.
Үйірмедегі сабақ еңбек және эстетикалық тәрбиеге тәрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларына қажетті қолданбалы өнердің ең бастылары – қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен және матамен жұмыстар бұл кең тараған сәндік-қолданбалы өнер болып табылады.
Қажетті құралдардың қарапайымдылығы, қажетті құралдардың қолжетімділігі, жұмыс істеуге жағдайдың барлығы оқушылардың сәндік—қолданбалы өнермен айналысуға көп мүмкіндік береді. Үйірменің теориялық бөлімі өткізілетін тақырыптың қысқаша түсінігі және қалай жұмыс істеу керектігін түсінідіріп берсе, ал практикалық сабақ бірнеше тапсырмалардан тұрады. Бастапқы кезеңде материалды өңдеу жұмысын меңгереді.
Балаларда бастаған істі соңына дейін аяқтай білуді үйретуге, қарапайым еңбек тәртібін сақтауға, қажетті материалдарды үнемді және ұқыпты пайдалануға, құрал-жабдықтарды пайдалану және оларды сақтауға тәрбиелеу қажет. Үйірме жұмысында ең негізгі көңіл аударатын басты мәселе ол еңбек қауіпсіздігі және санитарлық гигиенаны сақтау.
«Шебер қолдар» үйірмесі біріктірілген сипатта болады. Біріктірілген сипатта дегеніміз, қоршаған ортаның әр түрлі материалдық жақтарымен, жалпы заңдылықтарға біріктірілген адамның бойында бар қасиеттерін іске асыруға негізделген, яғни, шикізат технологиясын, энергияны, ақпаратты қайта өңдеуде деп көрсетілген.
Үйірме бағдарламасы 1-4 сынып оқушыларына арналып жасалынған. Үйірме аптасына 1 рет, жылына 34 сағат өткізіледі. 1 сыныпта жылына 33 сағат. Курстық бағдарламасының негізгі мазмұны 1-2 сыныптарда VІІ бөлімнен, ал 3-4 сыныптарда ІХ бөлімнен тұрады. Балалар әр бөлім бойынша көрсетілген мақсатқа сай нақты материалдармен танысады. Берілген тақырыптарға сәйкес балалардың өз беттерінше ізденістері мен шығармашылықтары да жұмыс барысында жүзеге асады.
Сабақтарда ауызша, практикалық әдістер, көрнекіліктер қолданылады. Жұмыс формасы: ұжымдық, топтық, жеке.
Үйірменің мақсаты: Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Үйірменің міндеті: Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың физикалық және психологиялық күштері нығайады;
2. Бағдарламаны оқыған кезде және әр түрлі заттар мен бұйымдарды жасағанда жаңа білімді, икемділікті, дағдыны меңгереді.
3. Оқушылардың шығармашылық шамасы, рухтандырушылық қасиеті артады, көтеріледі, ашылады.
4. Басқаның да өзінің де еңбегін бағалауды біледі.
5. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастырады.



Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
1 - сынып

№ р/р Бөлім атауы Теория Практика Барлық сағаты
1
Кіріспе 1

1

2 Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігін сақтау. 2 6 8
3 Матамен жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау. 1 5 6
4 Табиғи материалдармен жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау. 1 4
5
5 Ермексазбен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігін сақтау. 1 4 5
6 Тоқыма материалдармен жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау. 1 4 5
7 Қорытынды сабақ. 3
3
7 26

Барлығы 33

33 сағат

Бағдарлама мазмұны (33 сағат)

1. Кіріспе (1 сағ.)
Теория – 1 сағ
• Бағдарлама мазмұнына кіріспе.
• Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.
• Жұмыс орындарында тәртіпті сақтау.
• Техника қауіпсіздігін сақтау.
2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу (8 сағат).
Теория – 2 сағат
• Қағаз және қатырма қағаз түрлерімен таныстыру.
• Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)
Практика – 6 сағат
• «Мозайка» техникасымен таныстыру (1 сағ)
• Мозаика «Жаз туралы естелік» (1 сағ)
• «Күзгі орман» аппликациясын жасау (1сағ)
• Өз ойлары бойынша құттықтау ашық хаттарын жасау (2 сағат)
• Оригами (1 сағ)

3. Матамен жұмыс (6 сағат).
Теория – 1 сағ
• Тігінші мамандығымен таныстыру (1 сағ).
Практика – 5 сағат
• Көктеп тігу. Жаттығу, машықтану (1 сағ)
• «Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы
(2 сағ)
• «Ормандағы үй» құрақ бастармасы (топтық жұмыс) (2 сағат)
4. Табиғи материалдармен жұмыс (5 сағат).
Теория – 1 сағ
• Флористика..
Практика – 4 сағат
• Кепкен жапырақтардан композициялар жасау (1 сағ)
• Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен жануарлардың мүсінін жасау (1 сағ)
• «Біздің орманның жануарлары» атты композиция жасау (топтық жұмыс) (1 сағ)
• Мозаика «Көңілді өрнек» (ұсақ тастарды, дәндерді, жапырақтарды қолданып) (1 сағ)
5. Ермексазбен жұмыс істеу (5 сағат).
Теория – 1 сағ
• Мүсінші – сәулет өнерінің маманы.
Практика – 4 сағат
• Үлгіге қарап адамдарды, жануарларды мүсіндеу (1 сағ)
• «Алма ағаштағы алма» ермексазбен әйнекке бастырма жасау (үлгі бойынша) (2 сағат)
• Оқушылардың өз ойлары бойынша мүсіндеу (1 сағ)
6. Тоқыма материалдармен жұмыс (5 сағат)
Теория – 1 сағ
• Жіптердің әр түрлілігі туралы әңгіме
• Үзілген жіптерден бастырма жасау
Практика – 4 сағат
• Үзілген жіптерден бастырма жасау «Күшігім» (2 сағат)
• Маталардан жапсырма. «Колобок-кішкене дөңгелек нан» (1 сағат)
• Маталардан жапсырма. «Әдемі гүл» (1 сағат)
7. Қорытынды сабақ (3 сағат).
Практика – 3 сағат
• Шығармашылық жұмыстар көрмесі

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
2 сынып

№ р/р Бөлім атауы Теория Практика Барлық сағаты
1
Кіріспе 1

1

2 Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу 2 6 8
3 Матамен жұмыс 1 5 6
4 Табиғи материалдармен жұмыс 1 4
5
5 Ермексаздан сомдау 1 4 5
6 Тұздалған қамырдан жасалған сыйлықтар мен ойыншықтар 1 5 6
7 Қорытынды сабақ 3
3
7 27

Барлығы 34

34 сағат

Бағдарлама мазмұны (34 сағат)

1. Кіріспе (1 сағ.)
Теория – 1 сағ
• Бағдарлама мазмұнына кіріспе.
• Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.
• Жұмыс орындарында тәртіпті сақтау.
• Техника қауіпсіздігін сақтау.
2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу (8 сағат).
Теория – 2 сағат
• Қағаздың шығу тарихынан шағын мәлімет.
• Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)
Практика – 6 сағат
• «Мозайка» сабағының технологиясы (1 сағ)
• Мозаика «Менің досым» (1 сағ)
• «Күзгі алма бағы» аппликациясын жасау (1сағ)
• Өз ойлары бойынша құттықтау ашық хаттарын жасау (2 сағат)
• Оригами (1 сағ)
3. Матамен жұмыс (6 сағат).
Теория – 1 сағ
• Тігінші мамандығымен таныстыру (1 сағ).
Практика – 5 сағат
• Түйме тігу. Жаттығу, машықтану (1 сағ)
• «Қонжық» жұмсақ ойыншығын тігу технологиясы (2 сағ)
• «Жайлауда» құрақ бастармасы (топтық жұмыс) (2 сағат)
4. Табиғи материалдармен жұмыс (5 сағат).
Теория – 1 сағ
• Гербарий...
Практика – 4 сағат
• Кепкен жапырақтардан, гүлдерден гербарий жасау (2 сағ)
• Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен жануарлардың мүсінін жасау (1 сағ)
• Мозаика (ұсақ тастардан, дәндерден, ермексаздан, жапырақтар) (1 сағ)
5. Ермексаздан сомдау (5 сағат).
Теория – 1 сағ
• Мүсінші – сәулет өнерінің маманы.
Практика – 4 сағат
• Үлгіге қарап адамдарды, жануарларды мүсіндеу (1 сағ)
• Ермексазбен әйнекке бастырма жасау (үлгі бойынша) (2 сағат)
• Оқушылардың өз ойлары бойынша мүсіндеу (1 сағ)
6. Тұздалған қамырмен жұмыс (5 сағат)
Теория – 1 сағ
• Қамырды дайындау жолы туралы әңгіме
• Тақтадан басқа балалардың жасағанын көрсету.
Практика – 4 сағат
• Гүлдер мен жануарларды мүсіндеу (2 сағат)
• Ертегі желісі бойынша мүсіндеу (топтық жұмыс) (1 сағат)
• Қамырдан өз ойларымен мүсіндеу (1 сағат)
7. Қорытынды сабақ (3 сағат).
Практика – 3 сағат
• Шығармашылық жұмыстар көрмесі





Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
3-4 сынып

№ р/р Бөлім атауы Теория Практика Барлық сағаты
1
Кіріспе. Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау. 1

1

2 Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу. Қағаздың тарихынан. 2 4 6
3 Тоқыма материалдармен және матамен жұмыс 1 4 5
4 Табиғи материалдармен жұмыс 1 3
4
5 Ермексазбен жұмыс. 1 3 4
6 Кесте тігу техникасы 1 2 3
7 Тұздалған қамырмен жұмыс 1 3 4
8 Сіріңке қораптарымен, пластмасс құмыралармен жұмыс 1 3 4
9 Қорытынды сабақ 3 3
9 25
Барлығы 34
34 сағат

Бағдарлама мазмұны (34 сағат)

1. Кіріспе (1 сағ.)
Теория – 1 сағ
• Бағдарлама мазмұнына кіріспе.
• Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.
• Жұмыс орындарында тәртіпті, тазалықты сақтау.
• Техника қауіпсіздігін сақтау.
2. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу (6 сағат).
Теория – 2 сағат
• Қағаздың тарихынан мәлімет.
• Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)
Практика – 4 сағат
• Жазу кітапшасын құрастыру (1 сағ)
• Қағаз тілшелерінен әсем гүл дайындау (1 сағ)
• Өз ойлары бойынша құттықтау ашық хаттарын жасау (1 сағат)
• Оригами (1 сағ)
3. Матамен және ою оюмен жұмыс (5 сағат).
Теория – 1 сағ
• Мата шығаратын фабрикалармен сырттай таныстыру және ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру (1 сағ).
Практика – 5 сағат
• Тігіс түрлері. Жаттығу, машықтану (1 сағ)
• Сәндік дорба тігу және дайындау технологиясы (2 сағ)
• Түскиіз даярлау жолдары (топтық жұмыс) (2 сағат)
4. Табиғи материалдармен жұмыс (4 сағат).
Теория – 1 сағ
• Мозаика әлемі тарихынан ...
Практика – 3 сағат
• Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозаикалар (1 сағ)
• Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен жануарлардың мүсінін жасау (1 сағ)
• Сабаннан үй жасау (1 сағ)
5. Ермексазбен жұмыс (4 сағат).
Теория – 1 сағ
• Ермексазбен жұмыс істеу технологиясы мен тәртібі.
Практика – 3 сағат
• Ермексаздан жасалған картина (1 сағ)
• Ермексазбен әйнекке бастырма жасау (үлгі бойынша) (1 сағат)
• Оқушылардың өз ойлары бойынша мүсіндеу (1 сағ)
6. Кесте тігу техникасы (3 сағат)
Теория – 1 сағ
• Кестелеу тарихынан
• Айқас тігіспен кестелеу техникасы. Кестелеу әдістері
Практика – 2 сағат
• Айқас тігіспен өрнекті кестелеу (1 сағат)
• Өз ойларынан кестелеу (1 сағат)
7. Тұздалған қамырмен жұмыс (4 сағат)
Теория – 1 сағ
• Тұздалған қамырмен жұмыс істеудің және қамырды дайындаудың технологиясы
• Интербелсенді тақтадан орындалған жұмыстарды көрсету.
Практика – 3 сағат
• Адамдар мен жануарларды мүсіндеу (2 сағат)
• Ертегі желісі бойынша мүсіндеу (топтық жұмыс) (1 сағат)
8. Сіріңке қораптарымен, пластмасса құтылармен жұмыс (4 сағат)
Теория – 1 сағ
• Қалдықтармен жұмыс істеу тарихынан (1 сағат)
Практика – 3 сағат
• Сіріңке қорабынан поезд вагондары мен поровозын жасау (1 сағ)
• Пластмасса құтыдан қалақша жасау (1 сағат)
• Сіріңке қорабы мен пластмасса құтыдан өз ойларынан бұйымдар жасау (1 сағат)
9. Қорытынды сабақ (3 сағат).
Практика – 3 сағат
• Шығармашылық жұмыстар көрмесі

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Интернет желісі
2. Докучаева Н. “Сказки из даров природы”.
3. Кочетова С. В. “Игрушки для всех” (Мягкая игрушка)
4. Перевод с польского М. Прушковской. Поделки и сувениры из соленого теста, ткани, бумаги и природных материалов. Москва. Мой Мир.2006
5. Құрастыру және қол еңбегі (әдістемелік нұсқау) Алматыкітап 2003 Ф.Жумабекова, А. Ойшыбаева
6. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2012ж Т.Оралбекова
7. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2013ж Т.Оралбекова
8. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 2014ж Т.Оралбекова
9. Еңбекке баулу (оқыту әдістемесі) Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 1999ж Г.Шмекеева
10. Еңбекке баулу (дидактикалық материалдар) Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы. «Атамұра» 1999ж Т.Оралбекова, Г.Шымекеева, Н.Қыдырова
11. Еңбекке баулу (дидактикалық материалдар) Жалпы білім беретін мектептің 44-сыныбына арналған. Алматы. «Атамұра» 2000ж К.Өстеміров, Б.Қалназаров, Д.Әлмағамбетова
12. Новые игрушки своими руками. Художник-конструктор С. Долгов. Москва. «Стрекоза-Пресс» Тәрбие.орг сайтынан «Шебер қолдар» үйірмесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Окасова Тулеш Хасеновна

«Қабанбай батыр атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

Пікірлер: 0

avatar