"Шебер қолдар" үйірмесі

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 236
  • Авторлық бағдарлама
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20802


Кез келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігі , арман – аңсарының жарқын айғағы. Қазақтың көркем қолөнері –өзінің тастума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептің құрылымы мен мазмұнын тұжырымдамасында көрсетілгендей, мектептің төменгі сатысында көркем еңбекті оқыту үрдісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие мен көркем білім беру және ұлттық өнерді оқыту ерекшеліктерінің ескерілуі аса маңызды мәселе болып отыр.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түрленудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті, ғылымды дамытуға барынша қолдау жасалынып отыр » -деген сөзі ұлттық мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылып отырғандығының бірден – бір айғағы. Эстетикалық тәрбие берумен қатар өзіміздің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға негіз болатын жағдай, қолөнеріне үйрету үйірмесі болып табылады Тәрбие.орг сайтынан "Шебер қолдар" үйірмесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баженова Мендыгуль Абилтаевна

Сосновка негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar