«Шуақ шашқан - Наурызым»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 299
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22638


Тақырыбы: «Шуақ шашқан - Наурызым»
Мақсаты: Напурыз айының шығыс халықтарында жыл басы болып саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыз айының 22 –нде күн мен түн теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан суйіп жатыр нұр көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын, ағайын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз- күн мен түннің теңелетін мерекесі. Сондықтан да халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесінде тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса осы мерекені бастау үшін құттықтау сөзді балабақща меңгерушісі Жаримбетова Ғайни апайымызға берейік.(Сөз сөйлейді)
Тәрбиеші: Рақмет апай.
- Қане, балалар, ендеще не тұрыс, көктеммен бірге келген Наурыз қызымызда қарсы алайық!
Наурыз қыз: Армысыздар, баршаға,
Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілетін ән-күйменен,
Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам!
Тәрбиеші: Рақмет сізге Наурыз қыз. Жыл бойы көптен күткен Наурыз қызымызда келіп жетті. Ал, Наурыз қыз, сіз өзіңізбен бірге кімдерді ертіп келдіңіз?!
Наурыз қыз: Мен құр қол келген жоқпын. Мен өзіммен бірге әжелерімді, келінімді, сонымен бірге қазақтың салт-дәстүрі «Ат қою» рәсәмінде ала келдім.
(Есіктен әндетіп әжелер келеді)
-Армысыздар балалар, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!(Шашу шашады)
1-әже:
-Айтпақшы құдағи, суйінші, Ұлыстыңұлы күнінде мен немерелі болдым. Сол немеремнің атын сізге қойғызсам ба деп едім.
2-әже: Жарайды, құдағи. Немереңнің бауы берік болсын!
1-әже: Келін қайда жүр екен? Баланы алып келегой.
2-әже: Тфай-тфай, атасынан аумай қалыпты. Құдағи, немерең үлкен азамат болсын! Туған күні Наурыз айымен қатар келген екен, немереңнің атын мен Наурызбай деп қояйын! Сенің атың – Наурызбай!(құлағынан 3 рет қайталайды.)
-Міне, азан шақырылып немереңнің аты да қойылды. Наурызбайдың ғұмыры ұзақ болсын!
1-әже: Рақмет құдағи, немеремнің атын қойып бергеніңе мен өте риза болып тұрмын. (Баланы келінге тапсырады). Бұрынғы үлкендердің жолымен «орамал тон болмайды, жол болады» демекші мына орамал сізге берген сыйым болсын!
2-әже: Рақмет.
Тәрбиеші: Құрметті ақ жаулықты әжелер, апалар! Олай болса сіздер бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыздар. Жоғары шығып, жайғасып отырыңыздар. Мерекеге арнап біздің балалардың дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Би: Бір топ қыздардың орындауында «Қарлығаш» биі.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
Жандос: Кел, балалар, ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Галина: Жыл басы Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Нұртас: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Айша бибі: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Бақыт байлық тілеймін,
Бүкіл қазақ жеріне.
Тәрбиеші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпез өрендерге тамсанайық.
Аңыз бенен ертегіден бізге жеткен,
Алдар көсе қонағымызды қарсы алайық. (Алдар келеді. Балаларға ойын ойнатады)
1-кезекте: «Арқан тартыс ойыны»
2-кезекте: «Асық ату ойыны».
Алдар көсе: - Ал балалар, Сендер бұл ойынды қайдан біліесіңдер, а! Сендердің ойын ойнағандарың маған ұнады. Ендеше мен ауыл аралағанды әрі қарай жалғастырып, көптеген тойларға қатысайын. Сау болыңдар, балалар!(Шығып кетеді)
Наурыз- бабамның сөзі,
Наурыз – анамның сөзі.
Ғасырдан ғасырға жеткен
Наурыз- даламның сөзі – деп, ендігі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Айша: Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып, ақ жүзің.
Айзере: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Айару: Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел Наурызды тойлайды.
Бахтияр: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым – армысың.
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Ернар: Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Рақмет, балалар.
- Ал әжелер, апалар, Өздеріңізге белгі қазақтың салт-дәстүрлерінің тағы бір түрі «Сыбаға сақтау» деген бар. Сол дәстүрімізді осы мерекеде тағы бір жаңғыртып жіберсек қалай болады?! (Әжелер салт-дәстүрді орындайды).
Ата бата береді.
Тәрбиеші:
Қоытынды: Ән қосылып әніңе,
Сән қосылып сәніңе.
Ырысты боп Жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып, ойыңа
Бой қосылып, бойыңа
Аман-есен жетейік,
Келесі Наурыз тойына! Тәрбие.орг сайтынан «Шуақ шашқан - Наурызым» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гайни Жаримбетова

Пікірлер: 0

avatar