Шыншыл достар әлемі

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 33
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23228


«Шыншыл достар әлемі»
атты оқу-қызметі
Тақырыбы: «Шыншыл достар әлемі»
Білімділік: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу;
Дамытушылық: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: шыншыл, адал болуға үйрету.
Шаттық шеңбері
Арым таза,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адамдыққа сенемін!
Әңгімелесу
Балалар сендер «Достық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балабақшада сендер кімдермен доссыңдар?
Досың қандай болғанын қалайсың?
Балалардың жауаптары:
Достық деген екі адамның арасындағы сыйластық.Достар бір-бірін жақсы түсінуі,топтағы барлық бала бір-бірімен дос болуы.
Балалар, достық туралы тақпақтарымзды айтайықшы.
1.Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.

2. Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

3. Дос болайық бәріміз,
Әрқашан дос біргеміз.
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту қып үстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз.
Атсын күліп таңымыз.
Дос жайлы мақал-мәтелдерді есімізге түсірейікші.
1. Ағаш тамырымен
Адам досымен мықты.
2. Жаман дос-көлеңке,басында күн барда, қашып құтыла алмайсың; бұлт төнсе,іздеп таба алмайсың.
3.Досы көпті жау алмас.
4.Дос-достың кемшілігін кешіре білер.
-Балалар,бүгін біз «шыншылдық» қасиетімен танысамыз.
- «Шыншылдық» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шыншыл бала қандай болады?
Балалардың жауаптары:
Өтірік айтпау,досыңды алдамау, өтірікшімен дос болмас едім.Тек шын сөйлеу,әділ болу керек.
Шыншыл адманың жүрегі жылы, мейірімді болады. Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға үйренеміз.
Әңгімелеу
В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші : Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.
Сергіту сәті.
Достарменен бірге біз
Күлімдейік күлейік
Қолды созып күнге біз
Шат көңілмен жүрейік.
Өсеміз біз күліп-ойнап
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп ойнап
Бір адамның баласындай.
Тәрбиеші :Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Ойын «Жақсы мен жаман»
- Әжеге көмектескен бала қандай бала?
- Ағашты сындырған бала?
- Құстарға жем берген бала?
-Ойыншықтарын сындырған бала?
- Үстел басында сөйлесіп тамақ ішкен бала?
- Киімін жинайтын бала?
Жағдаяттарды талдау.
1.Нұрислам ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетті. Ол қандай сөз?
2. Топтағы бөлме гүлдерін суарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып алды. Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар , мына гүлді кім сындырды ?» - деп сұрады.
3.Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді,Аслан оны қайтадан шашып тастады. Сәуле мен Асланды қандай балалар деп айтуға болады?
4.Нұрсауле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.
- Нұрсауленің орнында болсаң, не істер едің?
-Шындықты мойындап,айта білу-батылдық.Сондықтан «Шыншыл бала-батыл бала» деп айтады.
- Шынайы дос қандай болу керек?
Балалар жауаптары,сұрақтарға жауап береді.
«Шыншыл бала-батыл бала.
Өтірік өрге баспайды.»
Сөздерді қайталап айтады.
Жүректен – жүрекке
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес алу үшін
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін
- Қызыл тіл не үшін керек?
- Тек шындықты айту үшін керек.
Олай болса, шындықпен дос болайық,балалар.
Біз бүгінгі оқу іс-әрекетте өтірік пен шындық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды, өтірікші баланы ешкім де жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсіндік.
Балалар,айналамызда көңіл күйі көтеріңкі,жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй мен саулық тілеп, төмендегі өлең жолдарын бірігіп айтайық:
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Бақшамыз жайнады
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз. Тәрбие.орг сайтынан Шыншыл достар әлемі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дюсенбекова Айткул Тапеловна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar