«Құстар-біздің досымыз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 506
  • Авторлық бағдарлама
  • 19/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22662


Ұйымдастырылған оқу қызыметінің картасы
күні:
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.
Білім беру саласы: әлумет
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты: Білімділік:Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Олардың көктемдегі тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстар туралы әңгімелеп беруге үйрету, алған білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық:Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру,есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Үш тілділік бағдарламасын жүзеге асыру.Сөздерді ағылшынша,орысша баламаларыменн айтуды үйрету. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу,еңбекке баулу.
Көрнекілігі: «Құстар бағы» бұрышын жасақтау,суреттер,аппликациялық бұйымдар
Пән аралық байланыс:сөйлеуді дамыту, аппликация,ҚМТҚ,орыс тілі,ағылшын.
Әдіс тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,жұмбақ шешу,мақал-мәтелдер айту,болжамдар,тыйым сөздер айту.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберін құру
Біз әдепті боламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Амандасып аламыз.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Көктем айлары? Үш тілде айту.
Осы жыл мезгіліне байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада орманда,
Құстар әні төгілді.
Синички, синички,
Красивые птички.
Семечки клюют,
Песенку поют!
Песенка ясна:
- К нам идет весна!
Ағылшынша тақпақ айтылады

Көктемнің ерекшеліктерін атаңдар.

Бүгінгі тақырыбымыз осы құстар туралы болады.Жалпы құстар сендерге таныс па?
«Құстар» асосациясын құру

Су құстары Құстар үй құстары

Дала құстары (суреттерімен)
Ендеше миымызға шабуыл жасайық.
Миға шабуыл: «Сөйлемді аяқта» ойыны
1.Құстар ұша алады өйткені...(қанаты бар)
2.Құстар қоректенеді...(құрт-құмырсқа, жәндіктермен,дәндермен)
3.Құстың жүні (мамық)
4.Көктемде алғаш келетін құс (ұзақ)
5.Адамның досы (қарлығаш)
6.Үй құстары...(тауық,әтеш,үйрек...)
7.Бейбітшілік құсы (көгершін)
8. Өз атын өзі айтатын құс (көкек)
9.Орман емшісі (тоқылдақ)
10. Құстың үйі (ұя)
Өте жақсы. «Құстар дыбысы» релаксация
Ненің дыбысын естідіңдер?
Бізге бүгін тобымызбен «Құстар бағына» саяхатқа шығамыз.
Не көріп тұрсыңдар?
Балалар біз бүгін экология сабағында «Құстар-біздің досымыз»тақырыбымен танысамыз.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Құстар табиғаттың бір бөлігі.Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.Құстардың түрі өте көп.Олардың бәрі пайдалы.
Балалар баққа қандай құстар ұшып келіпті?
Суреттермен жұмыс (орысша – қазақша аттарын айту)
Торғай - воробей, ұзақ – галка, көгершін – голубь, қарлығаш – ласточка ,тоқылдақ – дятель,сауысқан - сорока,қарға-ворона т.б
-Торғай туралы не білесіңдер?
-Торғай –дала құсы,оның басы,денесі, қанаты, құйрығы бар.Ол орманда мекендейді.Түсі қоңыр, қара болады.Оған ауа,су,күн,жәндік қажет.
Балалар ойын ойнағыларың келеме?
Ендеше «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық.
- Құстарға қатысты қандай тыйымды сөздер білесіңдер?
Тыйымды сөздер Құстың ұясын бұзба!
Ағашты сындырма!
Құсқа тас лақтырма!
Құстардың балапанына тиіспе!
Құстардың жұмыртқасын жарма!
-Сендер құстар туралы көп білесіңдер екен.Енді бір сәт сергіп алайық.
Сергіту сәті «Құстар»
1-2-3, Қарлығашбоп ұш.
4-5-6, Қарлығаш боп қалқы.
7-8-9-10, Өз орныңа қон. Көктем.Весна.Spring
March,april,may

Балалар білетін тақпақтарын айтады

Күн жылынады, қар ериді,түн қысқарады, күн ұзарады,ағаштар бүр шашады, құстар жылы жақтан ұшып келеді

Балалар өз ойларын айтады


Тәрбиешінің ойын әрі жалғастырып сөйлемді аяқтайды

Балалар саяхаттайды

суреттердегі құстарды екі тілде атайды
Рефлексиялық- түзетушілік

Енді орнымызға отырайық та мақал -мәтелдер қайталайық.
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады.
Ит тамағы үшін жүгіреді,
Құс тамағы үшін ұшады.
Сонымен қатар біздің ата-бабаларымыз құстардың ұшып-қонуы арқылы да ауа-райына болжамдар жасап отырған.
Қарлығаш келген кезде қораға қонса мал басы көбейеді, ал егер үйге қонса үйдегі адам саны көбейеді.
Түсіңе қарлығаш кірсе-бақытқа кенелесің.
Жыл құстары топ болып ұшса,көктем ерте келеді.
Міне балалар құстарды халқымыз осылайша ерекше бағалаған.Өз балаларын балапаным деп еркелеткен. Әншісін «бұлбұлға»,батырын «қыранға»,сұлуын «аққуға»теңеген .Сондықтан балалар құстарды аялап,қамқор болайық!
Қортынды
Ал енді өз ойымызды жинақтап шығармашылығымызды шыңдайық.
Міне мынау ағаш бұтағы осыған өз қиялдарыңмен «Жыршы құстар» компазициясын құрастырасыңар.Келген құстарға не жасауымыз керек?
(жұмыс барасында құстар әуені орындалып тұрады)
Көктем келді ертелеп,
Ауыл толды думанға.
Құстар біздің досымыз,
Тимеңдерші оларға.
Мадақтау. Балалар дайын суреттерді жапсырмалап әдемі компазиция дайындайды

Ұя-гнездо-nest

Балалар құстарға жем салып тақпақты бірге айтып оқу қызметін аяқтайды

Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы, жыл құстарын ажырата білу.
Түсінігі: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінігі.
Көрсете білуі:құстарға қамқорлық жасап,оларды қорғау.

Батурин жалпы орта білім беретін мектебі

Бекітемін:
Мекеп директоры: Сабиров Ж.Қ.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі жоспары.

Білім беру саласы: «әлумет»
Бөлімі: экология негіздері
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

тобы: мектепалды даярлық

Өткізген топ тәрбиешісі: Ильясова Б.Х.

2017-2018 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан «Құстар-біздің досымыз» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ильясова Б.Х.

Пікірлер: 0

avatar