«Ұстаз» ұлағатты есім

  • Жүктеулер: 15
  • Көрсетілім: 411
  • Авторлық бағдарлама
  • 23/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23121


«Ұстаз» ұлағатты есім

Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекеміз - Ұстаздар күні де келіп жетті.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қызықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық.
Қай жерге барса да төрден орын алатын ұстаздар қауымына әріптес болу бақыты мағанда бұйырыпты. Мен мектеп табалдырығын аттаған сәтте алдымнан жарқырай шығып қолыма қалам ұстатып, әліппе жаттатқан аяулы ұстазым Зияда апайымды көрген сайын менде ұстаз болуды армандадым. Сол арманым шындыққа ұласып бұл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Әрине мұғалім мамандығы оңай жұмыс емес, қиыны мен қызығы қатар жүретін мамандық. Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдерінен үйренгенімізді өз шәкірттеріміздің бойына ұялатуға тырысамыз.
Ұстаздар қауымы, біздер, әр баланы білім тұңғиығынан нәр алдырып, ізгілік пен адамгершіліккке баулып, табандылықпен еңбек етіп, алдына биік мақсаттар қоюды үйретуге тырысамыз.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздарым, әріптестерім, бүгінгі мереке сіздердің мерекелеріңіз! Сіздерге денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыстар тілеймін.
Алдыңызда отырған шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Құрық ауылы №1 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Чабаева Мадина
Автор: Чабаева Мадина
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп Тәрбие.орг сайтынан «Ұстаз» ұлағатты есім Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чабаева Мадина Елеусиновна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar