Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұстаз туралы
  • 21.12.2016
  • 74 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20628

Ұстаз туралы
Ұстаз сенің ой-санаңды өсірген
Шалыс бассаң қадамыңды, кешірген.
Бола білген ата-анаңдай өзіңнің
Еңбектерін болмас ойдан өшірген.

Ұстаз деген – ұлағатты ұлы есім
Білім нәрін еккен жасқа әр ісін.
Бар өмірін үйретуге арнаған
Әрі ақылшың, ұстаз сенің – өрісің!

Болашақтың ертеңі үшін, елі үшін
Мақсат етті шәкіртінің жеңісін.
Бағыт сілтеп, жол көрсеткен сол жанға
Құрмет тұтып, сәлем беру борышың!

Ұстаз болу!
Үлкен өнер ұстаз бола білу деген
Сол есімге лайықты жүруменен.
Санасына сіңірген жас ұрпақтың
Тәрбиелеп үйреткен білімменен.

Өзгелерге арнаған бар уақытын
Үйрету деп біледі әр бақытын.
Мектебінің тірегі бола білген
Ұстаздардың еңбегі – нағыз алтын! Тәрбие.орг сайтынан Ұстаз туралы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ботабаева Гульназ Жамбырбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: туралы, Ұстаз, Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 74 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar