«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы»

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 341
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23122


Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы

Жаннат Уразгалиевна -менің ұстазым. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деген халық даналығы. Апайым 5 – 11 сынып аралығында маған сынып жетекші болып қанатының астына алған. Өмір сүруге тәрбиелеген ұстазыма әрқашан басымды иемін. Шәкірт тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуінің арқасында Жаннат Уразгалиевна оқушыларының көпшілігі дәрігер, заңгер, мұнайшы, мұғалім тағы да басқа мамандықтарды иеленді. Өмірде өз орындарын тапқан еліміздің белді азаматтары болып, отанына қызмет етіп келеді.
Ұстаз- бала өмірінде ерекше орыны бар тұлға. Жаннат Уразгалиевнаның бізге берген тәлім –тәрбиесі мен білімінің арқасында оқушылары көптеген жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан орындар алып жүр . Апайымның әр сабағы оқушы есінде қалар қызыққа толы. Алдына барған әр шәкірттің маңдайынан сипап, өз ақылын айтып, досындай сырласады. Әрқашан қол ұшын беріп, көммекке дайын тұрады. Апайымның орны мен беделі мен үшін бөлек. Өмірлік тұлға ретінде, апайыма қарап бой түзеп, менің ұстаз болуыма да әсер етті. Қазіргі таңда да мен ұстазыммен бірге бір ұжымда қызмет атқарып келемін.
30 жылдай бала тәрбиесіне етене араласып, күш-қуатын сарқа жұмсап жүрген Жаннат Уразгалиевнаға алғысым шексіз. Тәрбие.орг сайтынан «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Капсалиева Ақмарал Бекбосыновна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar