«Сыйынамын ана деген тәңірге».

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 615
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18892


Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі
Сыдықова Патима Жасұзаққызы

«Сыйынамын ана деген тәңірге».

1 Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Нұрболат
2 Ана қуанышы,әлем қуанышы, әр отбасының, отанымыздың мерейі,деніңізге саулық ,отбасыңызға бірлік, береке ,кенен табыс тілейміз.Назерке.жүргізуші
3 Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болып жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз,
Бақыт қонсын басыңызға.
Қолдап жүрсін тәңіріңіз. Нұрболат

4 Хор «Ана туралы жыр».
5 Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық . Нұрболат жүргізуші.
6.Ендігі кезекте балаларыңыздың өздеріңізге арнаған өлең жолдарына береміз.
1- оқушы Құтты болсын ардақты ана.
Келтірген дүниеге ерлер дана
Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сенде ғана
Ән. Сүлей Данияр «Қазак кыздары».
2-оқушы. Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялаған біздерді,
Көп жасасын ақ анам.

.
Ән. Тастемір Еркін «Ана».

3-оқушы. Анасыңдар әр үйге панасыңдар,
Бала десе от болып жанасыңдар.
Сәтті болса ұрпағың мерей тойың,
Қыз күлкісін сусындап қанасыңдар.
Би. «Көктем» қыздар тобы.
4-оқушы. Әйел қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап ,өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Ән.Сапаралы Мейрамбек « Сәби бақыты».

5- оқушы Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Ән. Әке- ана. Аружан және Мұрат.
Би. Жігіттер тобы. « Наурыз» биі.
6оқушы. Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән. « Анашым». Қабылбек Ердәулет.
Қорытынды.
Құрметті қонақтар біздің «Сыйынамын ана деген тәңірге» атты тәрбие сағаты аяқталды. Көріп тамашалғаныңыз үшін рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Сыйынамын ана деген тәңірге». Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сыдықова Патима Жасұзаққызы

Пікірлер: 0

avatar