Сын есімнің шырайлары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 742
  • Авторлық бағдарлама
  • 04/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19314


Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің шырайлары
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру,түрлерімен таныстыру,
Дамытушылық : тақырыпты өрбітіп, сөйлемдер құрауға жаттықтыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгеру сабағы.
Көрнекілігі : интербелсенді тақта, «БББ» стратегиясы ,үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың әдісі: проблемалық ,сыни тұрғыдан элементтер,топпен,жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:ұйымдастыру кезеңі ,оқушыларды түгендеу
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Психологиялық
ахуал туғызу Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1.Сабақта сендерге сәттілік тілеймін. 1.Сабаққа мақсат қояды: менің жақсы баға алғым келеді,жаңа сөздермен сөйлемдер құрамын,т.б.
2.Сыныпты ғаламшар суреттері бойынша топқа бөлу.
3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.
4.Топ ережесін құру. 2.3 топқа бөлінеді.
3.Өздері топ басшысын сайлайды
4. Барлық топ бірлікте топ ережесін құрады. А – 4 парағына жазады.
ІҚызығушылықты
ояту. Сын есім туралы не білесіңдер? Интербелсенді тақтадан: есімнің өзіне тән шырай категориясы бар. Олар төрт түрлі болады:
1. Жай шырай (Положительная степень). Заттың сапа белгісін білдіріп, басқа затпен салыстырмайды. Мыс: биік тау, үлкен қала, жаңа қағаз.
2. Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень). Заттардың бойындағы сапа – белгісінің артық, я кем екендігін салыстыра көрсетеді.
Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.
а) – рақ, - рек, -ырақ, - ірек.
Мыс : күштірек, тазарақ..
ә) – лау, -леу, - дау, - деу, - тау, - теу.
Мыс: кішілеу, сарылау, күреңдеу, ақшылдау, көктеу, таныстау.
б) – ғыл, - ғылтым, - ғылт, - ғыш, - шыл, - шіл, - шілтім, - шылтым, - шілтім.
-ақ, - қай.
Мыс : бозғыл, бозғылт, сарғылтым

3. Күшейтпелі шырай.(превосходная степень) Заттардың бастапқы жай белгісін күшейте түсетін түрі.
Мыс : қап- қара, қып-қызыл, ұп-ұзын.

4. Асырмалы шырай. (усилительно – увиличительная степень) Заттардың бойындағы сапа белгісін асыра немесе төмендете көрсету.
Мыс: өте қара , тым үлкен, ең жақсы
Сұраққа жауап береді.Кестенің бірінші бағанасын толтырады.
ІІ.Миға шабуыл (Кестеге жазады) «БББ « стратегиясы Білемін: Қысқаша сипаттама:
1.Заттың сын-сипатын, түр-түсін, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
Сұрақтары: қандай? қай? Мысалы: жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме,
кіші (қай?) қызы.
2.Сын есімнің түрлері.
Негізгі сын есімдер – сынды білдіретін түбір сөздер: ақ, жас, кәрі, аласа.
Туынды сын есімдер жұрнақтар жалғау арқылы жсалады. Қар–лы, ақыл–ды,
тұз-ды.

Білемін. Білдім. Білгім келеді. Білдім: 1.Төмендегі сын есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай анықтап, бұларға шырай жұрнақтарын қосып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жаса.

Кең, көк, қатты, кіші, қолайлы, әлді, жуас, мықты, әдепті, ащы, жұқа, қоңыр, еріншек, үркек, жемқор, таза, тұнық, терең, жүйрік, көркем, салқын, жершіл.

Кәртішкемен жұмыс. 3.Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі шырай түрін жасап, сөйлем құраңдар.
Ауыр, аласа, қызыл, ақ, жіңішке, кішкене, ұзын.
«Сағат» сергіту сәті
Оқушылардың барлығы сергіту сәтін жасайды.

«Кластер» стратегиясы. Мұқият қарайды.Бейнежазбада айтылған мәліметтер бойынша «кластер» толтырады.
Мәтін үш бөлікке бөлініп, сын есімнің төрт шырайын табып,дәптерлеріне жазады. Жаңа сабақты түсінеді, бұрынғы білімдерімен салыстырады. АКТ қолданады.
ІІІ. Мағынаны тану.
«ЖИГСО»стратегиясы бойынша топ мүшелері ауысып, бір-біріне түсіндіреді. Бір-біріне сұрақ қояды. Топ басшысы бағалап отырады. Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады, содан соң жұппен, топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады. Келесі топпен бөліседі.
Тапсырмаларды орындау
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріне орындайды.
ІІІ. Ой толғаныс
«БББ» стратегиясын жалғастырады.1. Осы сабақ бойынша білгендерін екінші бағанға толтырады. Үшінші бағанға қандай мәлімет білгілері келетіндерін жазады.
Тест жасайды (10 сұрақ- жауап) Кестені толтырады.

Жауабын интербелсенді тақта арқылы тексереді.
Үй тапсырмасын беру «БББ» стратегиясының үшінші бағанына жазған сұрақтары бойынша мәліметтер жинап келеді. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Рефлексия

«2 жұлдыз, 1 тілек» жазады Стикерге өз ойларын жазады. Тәрбие.орг сайтынан Сын есімнің шырайлары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жабаева Сәуле Мәдениетқызы

Пікірлер: 0

avatar