Тұрдыбек Алшынбаев «Жақия»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 25
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23255


Әдебиеттік оқу Уақыты:29.04.17ж Кабинет:101 Мұғалім: Бекмурзина Ж
Сабақтың тақырыбы Тұрдыбек Алшынбаев «Жақия»
Жалпы мақсаты Оқушыларды Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» мәтінінің мазмұнымен таныстыру, түсініп оқуға үйрету; Жолымтайдың атасының әңгімелеуі арқылы сұм соғыстағы болған жағдаймен таныстыру; Отанын сүюге,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру,ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын,шығармашылығын дамыту.

Күтілетін нәтиже Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады, түсініп оқуға үйренеді, өз сөздерімен әңгімелей білуге машықтанады.
Сілтеме Ана тілі оқулығы 4-cынып
Ресурстар Оқулық,оқулық әдістемесі.Тақырыпқа байланысты байланысты суреттер.Слайд
Оқыту әдістері СТО стратегиялары,топтық жұмыс,кері байланыс
Сабақ бөлімдері мен уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І Ұйымдастыру
ІІ Психологиялық дайындық Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

Күндей күліп,
Гүлдей жайнап,
Біз үлкейіп өсеміз!
Қанат қағып,
Арман қуып,
Біз мақсатқа жетеміз!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Ұлы Отан соғысының ержүрек батырларының атымен топқа бөліну.

1-топ «Әлия»
2-топ «Мәншүк»
3- топ «Төлеген»

Топтың ережесімен таныстыру.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Әр топ атына сәйкес құрамында сол сөз кездесетін бір сөйлемнен айтады.

Қызығушылықты ояту

Топтастыру стратегиясы Бейнежазба «Ұлы Отан соғысы»
-Бейнежазбадан нені байқадыңыздар?

Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?
«Соғыс» сөзін топтастыру
Қираған қала,қайғы,қасірет,өртенген аспан,жараланған жауынгер,отқа оранған аспан,үйлер,бомбалаған ұшақтар,автоматтың,пулеметтің дауыстары т.б.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

ІІІ Жаңа сабақ

ІVОқулықпен жұмыс

Бағытталған оқу стратегиясы

«Жуан және жіңішке» сұрақтар стратегиясы

Ой толғаныс

Топпен жұмыс
1941 жылдың 22 маусым күні сағат таңғы 4 -те фашистік Германия Отанымызға тұт қиылдан шабуыл жасады. Әлемді дүрліктірген алапат дауыл халықтың жүрегін қан жылатты. Тыныш жатқан халықты бір-бірінен ажыратып, анасын баласынан, баласын анасынан, бауырынан, әкесінен айырған сұрапыл соғыс басталды.
Тұрдыбек Алшынбаевтың "Жақия" мәтінімен танысамыз.

Авторға тоқталу.
1936 жылы 25 сәуірде Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағындағы Шәуешек қаласында дүниеге келген. Шыңжаң мұғалімдер институтын бітірген .1965–1988 жж. аудандық «Жаңа өмір», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, аға редактор, «Біздің Отан» (қазіргі «Шалқар») газетінде жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1988 жылдан шығармашылық жұмыста.
Алғашқы әңгімелері 1965 жылдан жариялана бастады. «Өткел» (1977), «Жалбыз иісі» (1980), «Асу да асу бел еді» (1987) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді.

Оқушыларға соғыс үнінін тыңдату

Мәтінді мәнерлеп оқи отырып, оқиғаның одан әрі қарай
қалай өрбігенін сұрау

Әр топтан бір оқушыға мәтінді тізбектеп оқыту

— Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?
— Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
— Әңгіме кім туралы?
— Қасымбек досы қалай қаза тапты ?
-Әңгімеде жау ұшқыштары мен танкілерін неге теңеген?
— Жақия досының ерлігін жалғастырды ма?
1-топ «Бес жолды өлең» Жақия стратегиясы

2-топ Мәтіннің желісімен берілген тіркестерден әңгіме құра
3-топ Мәтін мазмұны бойынша постер қорға


Оқушылар бейнежазбадан көргендерін баяндайды.

Автор туралы мағлұмат алады.

Мәтінді өз ойларымен жалғастырады



-Оқушылар бес жолды өлең құрастырады.
Мұндағы мақсат: оқушылар заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді табады,сөйлем құрап, сол сөзге мәндес сөзді ойлай біледі.
-Берілген тіркестерден әңгіме құрайды.
Сөздікпен жұмыс Траншея- терең ор
Шеп-кедергі, қамал
Катюша-«Бм -13»миномёті
Қорытынды Бейнежазба
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында
Осы Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызды еске алып 1мин үнсіздік жариялайық.
Үйге тапсырма -Мәтіннің мазмұнын айту
-Бейбітшілік тақырыбына сурет салу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Өзін-өзі бағалау,мұғалімнің бағалауы.
Кері байланыс -Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады? Қандай тапсырма қиындық туғызды?
Алма ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жапырақ стикерлерге жазып,ілесіздер. Жапырақтарды өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Тұрдыбек Алшынбаев «Жақия» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекмурзина Ж

Пікірлер: 0

avatar