Төрт түлiк туралы жырлар

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 33
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23232


Сабақтың тақырыбы: Төрт түлiк туралы жырлар.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой- өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой – қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.

Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын даярлау Оқушылар оқу- құралдарын даярлайды. Сабаққа зейінін аударады
Психологиялық дайындық Екі көз неүшін керек?
- Жақсыларды көру үшін
Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін
Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең
Туған жерге жету үшін Шеңбер бойына тұрып орындайды
Оқушылар бірге жауап айтады
Топқа бөлу Үстел үстіндегі қима қағаздарды алып, әр бала өз орнын тапсын.
1 - топ Құлыншақ
2 - топ Бұзауқан
3-топ Қошақан Қима қағаздар арқылы топ құрайды

Үй тапсырмасы Ал, енді, балалар үй тапсырмасын еске түсірейік. «Тікелей эфир»
1. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
2. Бесіктің қандай пайдасы бар?
3. Бесік жырынан үзінді айтып бер.
1. Бесік тазалық кепілі
2. Бесікке баланы оң жақтан бөлейді
3. Бесікті ашық қалдырмайды
Миға шабуыл Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1-топ
Таптым-таптым, тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.

Түйе
2- топ
Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу,
Ерубай екеу,
Мамық жалғыз.
Жылқы
3-топ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Сиыр
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Қой
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.
Ешкі

жұмбақты шешеді
Мағынаны тану

Қазір «Төлін тап», «Пірін тап» ойынын ойнайық.

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті Төрт түлік жырлары.
«Мал баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі малға мұра. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Кең даланы малсыз елестету мүмкін болмаған. Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы. «Малым жанымның садағы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабамыз.
Ендеше 1 - тапсырма:
- Төрт түлік жайлы не білетініміз
жөнінде, ой қозғап көрейік.
Төрт түлік + төлімен
Төрт түлік + пірімен
Төрт түлік малды шақыру
Түліктің пірлері:
Жылқы иесі – Қамбар ата
Түйе иесі – Ойсыл қара
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой атасы – Шопан ата
Ешкі иесі – Сексек ата деп аталады.
• Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі.....,
Қой төлі...,
Сиыр төлі...


Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 – қатар кім оқиды?
Торы құлын .
Мүйізді ешкі келеді,
Топ – топ, топ – топ.
Сұсты көзбен қарайды,
Тақ – тақ, тақ – тақ.
Кімде — кім сүт ішпесе,
Тойып тамақ жемесе,
Мүйізді ешкі келеді,
Сол баланы сүзеді.
Дәптермен жұмыс
Мойны-садақтай
Төбелі –жұлдыздай
Жүні-құндыздай
Жалы-жібектей
Саны-білектей
Көзі-моншақтай
Құйрығы –шашақтай
Өзі-жұп-жұмыр
Құйрығы- шашақтай
Ерні –жып-+жымыр
Даусы –шіп-шіңгір
Басы- құп-құлдыр
2 – қатар.Сиыр .Сиырдың адам үшін қандай пайдасы бар?
3 – қатар Қой ,ешкі
Қойдың адам өміріне қандай пайдасы бар?
Ешкінің қандай пайдасы бар?
Қошақаным әнін айтады

Малды шақыру
Түйені – «көс – көс»
Жылқыны – «құрау – құрау»
Сиырды – «ахау – ахау»
Қойды – « пұшайт – пұшайт»
Ешкіні «шөре – шөре» деп шақырады

Оқушылар мәнерлеп оқиды

Қорытынды Мақал – мәтелдер
1. Түйе атасы – нар
2. Ат – адамның қанаты
3. Мал бақсаң – сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан
4. Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
5. Ешкілі қой өрлеген.

Жасырынған сөзді тап




Үйге тапсырма Ұнаған төлдерін жаттау .Сөздік жұмыс жазу. Күнделікке жазу
Бағалау Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сауаттылығына қарай бағалау Күнделікке баға қойдыртады Тәрбие.орг сайтынан Төрт түлiк туралы жырлар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муслимова Айгуль Муслимқызы

Жамбыл обылысы,Мерке ауданы № 9 Савва атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar