Тұтыну заттары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 80
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23479


Материал тегін жариялап, сертификат алу

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚ: Мектеп №44 орта мектебі
Күні:. Мұғалімнің аты-жөні: Боденбаева Гүлшат
СЫНЫП: 1 «В» сынып Қатысқандар:24 Қатыспағандар:
Оқу мақсаттары • 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын олардың қайдан келетінін анықтау

Бағалау критериилері:
• Тұтыну заттары ұғымын түсінеді.
• Тұтыну заттарын таниды
• Өмірге қажет екенін танып, біледі. Ойлау деңгейлері:
Білу
Түсіну
Қолдану

Тілдік мақсат:
• Мәтіндегі тұтыну заттары сөздеріне байланысты тілдік сөздермен таныстыру.
• Тұтыну заттарына байланысты сөздерді үш тілде танып білу, үйрену.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: нан-хлеб- bread тамақ-еда- food сорпа-суп-soup көйлек-платья- underwear аяқ-киім-обувь- shoese үй-дом- houze жиһаз-мебель -furniture шалбар-брюки- pants шұлық-носки-socks

Талқылауға арналған сұрақтар:
• Тұтыну заттары дегеніміз не?
• Оларға нелер жатады?
• Үй жиһаздарының қандай түрлерін білесің?
• Киім түрлері?
• Жыл мезгілдеріне қарай адамдар қалай киінеді?
Не себепті ..... деп ойлайсың?
• Тұтыну затарының адам өміріне маңызы бар ма?
• Әдемі киініп,әдемі үйде тұру үшін адам не істеу керек?

Алдыңғы оқу: 1.1.1.4 Тауар ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурс-тар Дерек-көздер
Басы
Шаттық шеңбері:



Тұтыну заттарына байланысты топқа бөлу.
«киім», «жиһаздар», «Тамақ». плакаттар,түрлі түсті қарындаштар,суреттер ,эл.оқулық
Ортасы
Тапсырмалар:
1.Постер жасау. (әр түрлі суреттер беріледі керектісін жапсырады)

2.Жұмбақтар жасыру
Адамның сәні
Онсыз жоқ мәні (киім)

Аузы бір-
Қос құбыр (шалбар)

Сұйық еді аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Ішсең ,дәмі тәтті-ақ (айран)

Сыртын отқа қақтайды,
Одан басқа жақпайды (қазан)

Бағалау критериилері
• Тұтыну заттары ұғымын түсінеді.
Дескриптор:
• Тұтыну заттарына нелер жатады соны айтады
• Өз үйі жайлы әңгімелейді
• Пайдалы тамақ түрлерін біледі
Тапсырмалар:
«Тұтыну заттары» тақырыбындағы мәтінімен жұмыс.
1Адам ағзасы жақсы даму үшін қандай тамақ түрлерін пайдаланады?
2 Қандай жиһаз түрлерін білесің?
3. Жыл мезгілдеріне қарай адам қалай киінеді?





интернет материалдары
Бағалау критериилері:
• «Менің тұтыну заттарым» мәтінімен танысып, талдау жүргізеді. Дескриптор:
• Мәтін бойынша үш сұраққа жауап бере алады.
• Мәтінді толықтай әңгімелей алады.
• Мәтін бойынша түйінді сөздерді үш тілде айта алады.

Сергіту сәті:



Тыңдалым
• Мәтінмен жұмыс
Тұтыну заттары бейөндірістік тұтынуға,ең алдымен жеке бастың тұтынуына арналған еңбек өнімдері.Олар: тамақ өнімдері,киім -кешек тұрғын үйт.б.Көрсетілген қызметтер айрықша тұтыну заттары болып табылады.Заттай нысанына қарай тұтыну заттары адамның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыратын материалдық игіліктері мен көрсетілетін қызметтер болып табылады
1.Тұтыну заттарының адам өміріне қажет екенін танып біледі 1. Тұтыну заттарының қалай қайдан келетінін айтады.
2. Жыл мезгілдеріне қарай киінуді біледі
3. «Менің тұтынатын заттарым" тақырыбына сурет сала алады
Соңы
Бағалау

Кері байланыс


Қосымша мəліметтер оқулықтан тыс

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
«Тұтыну заттарын" өмірде қалай пайдаланасың шағын әңгіме құрастыру.
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Екі жұлдыз бір тілек Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.
Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Құндылықтармен байланыс
(тəрбие элементі).
Ұқыптылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.


Рефлексия
Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмаларсəйкесболдыма?)
Уақыттықалайпайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне
неге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.
Бүгін оқушылар тұтыну заттары туралы толық мағлұмат алды.
Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Тапсырмалар сәйкес болды.
Уақытты тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз;
• Постер жасату.
• «Менің тұтыну заттарым» тақырыбында сурет салу.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді?
1. Балалардың көңіл-күйін көтеретін ,қызығушылығы басым ойын түрлерін қолдану Тәрбие.орг сайтынан Тұтыну заттары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Боденбаева Гүлшат

Мектеп №44 орта мектебі

Пікірлер: 0

avatar