«Тәуелсіз ел ұландары» Спорттық шара

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 460
  • Авторлық бағдарлама
  • 11/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19334


Мақсаты: Балаларды жарыстыра отырып ұйымшылдыққа үйрету. Тәуелсіздікке қысқаша түсінік беру. Оларды отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу.балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: жалаушалар, тунель, кедергі, стол, тақтай, күн, ою, қыран құс, велосипед, құм толтырылған дорбаша, құрсау, арқан.

Нұсқаушы: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Тәуелсіз ел ұландары» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. (командалар ортаға шығады.)
- Тік тұрыңдар!
«Шеру оңға» «Тік тұр!»
Қадірменді қонақтар! (Еліміздің ән ұраны орындалу рәсіміне оң қолдарын жүрек тұсына ұсталып тұрады.) ән ұран орындалады.
Нұсқаушы: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
Нұсқаушы: Балалар қазіргі уақытта біз «Тәуелсіздіктің» 25 жылдығын тойлағалы отырық, соған орай бүгін «Тәуелсіз ел ұландары» - атты сайыс ұйымдастырып отырық. Біздің балабақшамыздың сайысқа қатысушы ұландарын ортағы шақырайық.
Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1- топ «Қыран» тобы
Қырандай ұшып
Жеңіске жетеміз!
2 - топ «Тұлпар» тобы
Тұлпардай жүйіткіп,
Жеңіске жетеміз!
3- топ «Барыс»
Барыс топтан қалмай жарыс! Ура!
Нұсқаушы: Бүгінгі біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Іске сәт деп сайысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайын...

Сайыс шарттары:
1. «Эстафета»
Шарты: балалардың қолдарына жалауша беріледі. жалаушаны жоғары көтеріп тунельдің арасынанөтіп, жүгіріп алда тұрған стол үстіне жалаушаны қадап қояды. Кейін өз тобына жүгіріп барып келесі балаға қол қағып эстафета жалғайды. Барлық балалардың қолдарында жалаушалар болады.

2. «Қазақстан жалауы»
Шарты: әр топтың алдына тақта беріледі. сол тақтаға Республикамыздың жалауын тақтаға кұрастырады. Күн, ою, қыран бейнелерін жапсырады. Жақсы бейнелеген топ жеңіске жетеді.

3. «Кім жылдам»
Балалар үш аяқты велосипедке отырып, құм толтырылған дорбашаны алып межеге дейін велосипедпен барады. Межеде жатқан құрсауға велесипедтен түспей дорбашаны лақтырады. Әр дорбаша ұпай болып саналады.
шарты:

(Алдар көсе келеді)
Нұсқаушы: балалар қараңдаршы бізге кім келді?
Балалар: Алдар көсе.
Нұсқаушы: сәлеметсіңбе Алдар көсе!
Алдар көсе: салеметсіңдер ме балалар. Балалар мен сендерді осында жарысып жатыр деп естідім. Балалар мен сендерге арқан әкелдім. Сол арқанмен қазақтың ұлттық «Арқан тартыс» ойынын ойнатқым кеп отыр. Күш сынасасындар ма балалар?
Балалар: ЯЯЯЯ!
Нұсқаушы ойын шартымен таныстырады.
4. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді. Жеңілген топ үшінші топпен тартысады. Соңында жеңген екі топ тартысады.

Нұсқаушы:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Нұсқаушы: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Тәуелсіз ел ұландары» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен сайыста достық жеңді. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіз ел ұландары» Спорттық шара Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Андабаева А.Е.

Пікірлер: 0

avatar