Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 370
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22645


Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Күні: 11.12.2015 ж
Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту,
балалардың білімділік деңгейін айқындау.
2. Балаларды этнопедагогикалық тәрбиеге баулу.
3. Балалардың өз Отанына, туып өскен жеріне деген сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін қалыптастыра отырып, елжандылыққа,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалды сайыс
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, қажетті кеңсе
заттары

Барысы

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайысқа қатысушылар!
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты қазақ жұрты, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздік – тәңірдің бізге берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Барша Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық.
Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті.
25 жыл тәуелсіздік таңы атты
Жырлаудамыз береке мен бірлікті.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ерікті ел - Қазақстан» атты апталық іс-шаралар жоспарына сай ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интеллектуалды сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылармен таныс болыңыздар!
1. «Қолөнер» үйірмесінен Төленов Мәди
2. «Жас термешілер» үйірмесінен Әлібаева Айжан
3. «Өлкетану» үйірмесінен Әнуарбек Арай
4. «Жас термешілер» үйірмесінен Ниязова Нұрадина
5. «Өлкетану» үйірмесінен Телеу Данияр
6. «Қолөнер» үйірмесінен Серікбай Фарида
Сайысымыздың әділқазы алқалары:
1. Ғылыми-әдістемелік меңгеруші: Алмағамбетова Зияш Ақбергенқызы
2. Мәдени-көпшілік ұйымдастырушы: Ерімбетова Айшагүл
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» үйірмесінің жетекшісі: Есмағамбет Зада Низатулла-қызы
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І кезең. Сен білесің бе?
ІІ кезең. Адасқан әріптер
ІІІ кезең. Салт-дәстүр – асыл қазынам
ІV кезең. Логика әлемінде
Сайыстың алғашқы кезеңі – Сен білесің бе?
Шарты: Әр оқушы кезек бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Жауап 3 түрлі нұсқадан тұрады. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Егер дайын болсақ, бастайық!
1. ҚР тәуелсіздігі туралы заңы қашан қабылданды?
Ж) 1991 ж, 16-желтоқсан
2. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн.
Ж) 1992 ж, 2-наурыз
3. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?
Ж) Шәкен Ниязбеков
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданған күн.
Ж) 1993 ж, 28-қаңтар
5. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кім?
Ж) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
6. 1993 жылдың 15-қарашасы қандай даталы күн?
Ж) Ұлттық валюта – теңгенің айналымға шыққан күні
7. 1996 жылы 16-желтоқсанда «Тәуелсіздік» монументі ашылған қала.
Ж) Алматы қаласы, Республика алаңы
8. 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған страте-гиялық жолдауы.
Ж) «Қазақстан-2030»
9. Қазақстан республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласынан көшірілген жыл
Ж) 1997 ж
10. Астананың ресми тұсаукесері болып өткен күн.
Ж) 1998 жыл, 10 маусым
11. 2002 жылы 29-тамызда Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен бой көтерген монумент
Ж) «Астана-Бәйтерек»
12. Қазақстанның тәуелсіздігін, ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін сәулеттік-мүсіндік кешен
Ж) «Қазақ елі» монументі
ІІ кезең – Адасқан әріптер.
Шарты: Барлық қатысушыға бір сөздің шашыраңқы үлгідегі әріптер реті таратылады. Қатысушылар сол әріптерден бірнеше сөз құрастырып шығуы тиіс. Әрбір мағыналы сөз есепке алынып 1 ұпайдан беріледі.
А, Қ, С, Н, А, Қ, З, А, Т (ҚАЗАҚСТАН)
Қазақ, қаз, ақ, сақ, қақ, тақ, сан, таза, ана, нан, саз, таз, наз, зат, қас, қан, тас, ата
ІІІ кезең. Салт-дәстүр – асыл қазынам.
Шарты: Әрбір ұяшықта қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақтар жасырылған. Қатысушылар өздері таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушының жауабы дұрыс болмаған жағдайда, өзге қатысушылардың арасынан алғаш қол көтерген оқушы жауап бере алады. Әрбір ұяшық бойынша дұрыс жауап 3 ұпаймен есептеледі.
1. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою ғұрпы.
Айдар
2. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастап, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қою қалай аталады?
Кекіл
3. Жаңа дүниеге берілетін ақы немесе сый.
Байғазы
4. Адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп жасалатын ғұрып.
Тұмар
5. Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық.
Сүйінші
6. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Тұсаукесер
ІV кезең. Логика әлемінде
Шарты: Қатысушылардың әрқайсысына 2 логикалық сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда қанша саусақ бар?
Ж: 50 саусақ (әрбір қолды жеке-жеке есептегенде)
2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы қанша уақыт шахмат ойнаған?
Ж: 4 сағат
3. Үш ат жегілген арба 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әр аттың жылдамдығы қанша?
Ж: 15 км
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Ұзыны кім?
Ж: Жанат
5. Термометр аяз болған соң 3 градус көрсетіп тұр. Осындай 2 термометр неше градус көрсетеді?
Ж: 3 градус
6. Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3 мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Ж: 4 мысық
7. Үстел үстінде 3 стақан шие тұр. Марат 1 стақан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды?
Ж: 3 стақан
8. Көшеде 2 әкесі, 2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
Ж: 3 адам (атасы, әкесі, баласы)
9. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші нені жағасыз?
Ж: сіріңке
10. Ағашты 10 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
Ж: 9 рет
11. Жанұяда 4 ұл және оның әрқайсысында 1 қарындастан бар. Жанұядағы барлық бала саны қанша?
Ж: 5 бала
12. Ақ доп көк теңізге құласа не болады?
Ж: су болады

Қорытынды.
Бүгінгі интеллектуалды сайыс өз мәресіне жетті. Сайысты қорытындылау үшін сөз әділқазы алқаларына беріледі.

Марапаттау сәті! Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алисин Бағдагүл

Пікірлер: 0

avatar