Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тәуелсіз еліммен мен мақтанамын
  • 11.12.2016
  • 112 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20465

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (12.2Kb)

Тәуелсіз еліммен мен мақтанамын

1. Еске алып бірлігімнің құралғанын,
«Мәңгілік ел» деген нақ ұраным!
Тыныш ұйқы, бейбіт өмір сыйлаған
Тәуелсіздік күніне жыр арнадым.

2. Елі үшін жанын қиған қанша адам
Биік ұстап өр намысын жанынан.
«Алашым» деп ұрандап , ата – бабам
Осы күнді армандап, көп аңсаған.

3. Алау жалын жалындаған қас қағым,
Желтоқсанның ызғарында боздағың,
Тәуелсіздік таңы үшін күресіп,
Егемендік алып берді жастарым.

4. Көгімде желбірейді көк байрағым,
Айбынды шырқалып жүр Әнұраным.
Қайталанбас мәңгілік Елтаңбам бар,
Тәуелсіз еліммен мен мақтанамын.

5. Тәуелсіздік таңы атып арайлы,
Қазақ елін бәрі ұлы санайды.
Ынтымағы биік елдің тұрғанда,
Қазағымның даңқы әлемге тарайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сәрсенбаева Гүлнұр Аманбайқызы

2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан Тәуелсіз еліммен мен мақтанамын Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсенбаева Гулнур Аманбайқызы

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: nurmahanova0000
Көрсетілім: 112 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar