«Тәуелсіздігіміз – жарқын болашақ!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 280
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22708


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына орай «25шара» «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты жобасын орындау мақсатында колледжде өткізілетін
«Тәуелсіздігіміз – жарқын болашақ!» атты тарихи оқиғалар тізбегінен музыкалық – компазициялық мерекелік шара жоспары.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 шара» тақырыбында «Жастар-Қазақстанның болашағы» атты тұжырымдамасының жобасын орындау үшін колледжде тәрбиелік бағытта өткізілетін «Тәуелсіздігіміз-жарқын болашақ!» атты концерттік бағдарламаның сценариі.
Жүргізуші: 1.
Сәлем бердім, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтым менің.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін!
Жүргізуші: 2.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Жүргізуші: 1
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер кіндікте.
Аңсаймын мен, сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт, дер күн тіпті.
Жүргізуші: 2
Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,
Мол бақыт күтем жас ұрпақ сеннен, жасырман.
Басқаны қайдан, ұлылық күтем өз басым,
Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан!
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Бүгінгі күннің еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтың қасиетті мерекесі, еліміздің ең басты тойы.
Жүргізуші: 1. Ия, осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келген. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны, оның халық тағдырымен байланыстылығында.
Тарихты уақыт жасайды, ал тарих өз жадында қоғам мен біздің әрқайссымыздың өміріміздегі ең маңызды деген жәйттарды ғана сақтайды.
Жүргізуші: 2 Биыл ҚР Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бізге Отан, Жер,Тіл, Еркіндік берді. Қасиетті Тәуелсіздік арқылы туымыз бекітілді. Ән ұранымыз шырқалды.
Жүргізуші: 1 Қазақстан ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жарқырап тұр. Сол себепті біз бақыттымыз, болашағы жарқын халықпыз.
Баршаңызды біздің қайта туған мемлекетіміздің тәуелсіздік мерекесімен (бірге) шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: 2 Екі жарым ғасыр бойы бостандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Ендеше, О.Тұрмағанбетұлы атындағы жаңаөзен мұнай және газ колледж оқытушылары мен студенттерінің ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздігіміз- жарқын болашақ» деген атпен әзірлеген тарихи оқиғалар тізбегінен музыкалық-компазициялық көріністеріне назар аударыңыздар!

Басталуы:
Ашаршылық көрінісі. «Елім-ай» әні айтыла бастайды.
Сахнаға бірнеше адамдар бірінің соңынан бірі: үлкені-кіші, аш,киімдері жұпыны, сәби көтерген жас әйел т.с.с. шұбырып жәймен сахна бойымен бір айналып жүріп өтеді. Еріп келе жатқандардың арасынан кейбірі аштықтан құлап жығылады.
Автор: Ей, алаштың ерке баласы! Азат пен қайғыға толы зобалаң ашаршылықтан қазақтың көбі қырылып қалды. Қазақтың кең сахарасында аштықтан босып көшкен халық – сенің ата-бабаң, бауырларың! Сен – сол қасірет көшінен аман қалған адамдардан тараған, ұрпақ екеніңді ұмытпағайсың!
Жоңғар шапқыншылығы
Сахнада 4 батыр найза айқастыра ұстаған, олардын алдында екі батыр күресіп жатады. Бірі жеңіп, мойнына жіп салып қылғындырып өлтіргендей кейіп көрсетеді, екіншісі мойнындағы жіптке қылғынғандай болып қолын мойнындағы жіпке салып тырмыса, жанталаса, екпетінен өлген болып құлайды. Жеңген батыр артына қарай батырлардың арасынан өтіп барып, ортада тұра қалады, арттағы батырлардың біреуі айыр қалпағын, бірі шапанды кигізеді. Батыр ортаға шығып : ( оң қолын алға соза көтеріп сөйлейді)
- Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы, Қазақтың алтын бесік ата-жұртына кімде-кім осынау жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды білгені абзал болады. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған қай көршімізге де айтарымыз осы! Дос болғанға құшақ ашық – туыспыз, қас қылғанға – қиып түсер қылышпыз!
(артында тұрғандар «аттан,аттан,аттан» деп қолдарын жоғары көтеріп бірге айқайлайды. Батыр артына шегінеді. Артқы екінші рядта тұрған біреуі шапанын, екіншісі бас киімін алып қалады.)
Ұлы Отан соғысы. (пушка) атыс, зеңбіректің дауысы естіледі. Манағы адам бір дізерлей отыра қалады, сахна сыртынан үш жігіт, бір қыз мылтық ұстағандар да келіп бір дізерлей отырып атыса бастайды. Солдаттың біреуі манағыға бас киімін, екіншісі шинельін иығына жаба салады, қолына мылтық ұстатады.
Командир:
- Жолдастар! Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып іс қылу бізге борыш!
(Кішкене атысқан соң бір солдат командирге бұқпантайлай жанына келіп:)
- Жолдас командир, жаудың толастайтын түрі жоқ, біз шегінуіміз керек , командир?
Командир: Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. Жаныңды беріп соғыспасаң жауды күйрете алмайсың. Сенің ерлігің елеусіз қалмас. Отан үшін күрескен біздерге, тәуекелсіз Жеңіс жоқ! Отан үшін алға! ( бәрі, алға, алға, алға деп шығып кетеді)
Желтоқсан. 1986ж. ( слайд, Брежнев алаңы)
Автор: Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел.
Бұл жер қалқан, асқақ рух, жарылыс өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін сезіміңді жанар етіп, қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін мұз құрсанған шыршаларға қарап өт.
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен, қас тұлпары нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, қауһардайын қары жоқ.
Кемсітпекші желтоқсанның жалаңаяқтары деп,
Жоқ кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от.
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң, өзгеріссіз қалады.
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады,
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы.
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас оны да еске салады.
Желтоқсанның бас алаңы, ҚАЙСА РУХ АЛАҢЫ!

Сахнаға : 2студент шығады, сол кездегі киім үлгісімен 1 қыз, 1жігіт. Қолдарында конспект дәптерлері бар
Раушан: Абусалім, сен естідіңбе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді
Абусалім: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Раушан: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп ада жиналды.
Абусалім: Неге? Неліктен?
Раушан: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Абусалім: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік!! Тез барайық!
( екеуі алаңға кетеді, бір топ студент, қолдарында жазылған плакатқа жазылған сөздері бар қолдарына ұстап, «Менің Қазақстаным» әнімен, митингіге шығады. Экраннан сол кездегі алаңда жыйналып тұрған кездері көрсетіледі)
- Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!
- Қазақстаннан адам табылмады ма?
- Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.
Прокурор: Балалар! Уа, балдар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңар! ( Осы кезде әскери команда беріледі)
Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной!
(Шеруге шыққандарды миллиция киімін кигендер ұрып, соғып, қыздардың шашынан сүйреп, дубинкамен ұрып қуып таратуға әрекет жасайды. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:
- Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!
( осы кезде қарулы миллиционер қыздың көк желкесінен шоқпарымен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі)
Жүргізуші: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген жала жабылған еді. Тексере келе Ләзаттың да алаңда болғаны анықталды.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма.
Бара қалсаң сәлем айт,
Елдегі құрбы досыма, - деп мұңая жырлаған албырт жас Қайрат Рысқұлбековте нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.
Көрініс
Жеңгесі: Қайрат –ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің.
Қайрат: Ия жеңеше, алып отырмын.

-

Қортындылау. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз Осы бақыт үшін баршамыз тәубә дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетімізді, қажет болса жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз!
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Міне ,бүгін ортамызда сол «желтоқсан көтерілісіне» қатысып, куә болған желтоқсаншы аға-апаларымыз қонақта. (таныстыру керек, қонақтар сөйлейді.)

Соңынан: Ән: «Қазақстан» Жаңабаева Алтын. 1ЭВТ-16Б.
Терме: «Тәуелсіздік толғауы» Шеркешбаева Т. 3ЖДПС-14Б
Хор: «Қазақтай ел қайда» Колледж оқытушылары.

1-студент: Бейбіт қоғамдаалаңсыз өмір сүріп келе жатқанымыз үшін Тәуелсіздігімізге қарызбыз. Тәуелсіздігіміздің қадірін мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен түсініп, зердемізге түйіп келе жатқан ұрпақпыз. Халқымыз бүгінде үлкен сенім артқан, қазақ елінің жалынды, жігерлі жастарымыз!
2- студент: Тәуелсіздік өзімен-өзі келді деп айту қате ұғым. Әрине, Тәуелсіздіктің бізге бергені көп. Қайта керісінше біз аз берген сияқтымыз. Алайда біз әлі жаспыз. Сондықтан еліміздің көркейуіне өз үлесімізді қосамыз, еліміздің дамуына аянбай еңбек етеміз.
3-студент: Елбасы Қазақстанның болашағы – жастардың қолында деп, жастарға үміт артып отыр. Мен сондай жастардың бірімін. Өз басым болашағыма үлкен сеніммен қараймын. Себебі біз талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз және болашағымның жарқын болуы үшін «ел мен үшін не істей алад?» деп сұрамай, «мен ел үшін не істей аламын?» деген ұстанымымды басшылыққа алып, оған терең білім мен адамгершілік сезімім арқылы жетуді мақсат етемін.
4-студент: Қай жерде жүрсек те Отанымыз ойлап жүрейік. Сүйікті Отанымыз- Қазақстан мәңгілік құлпырып:
Бәрі: Жайнай берсін!
Жарқырай берсін!
Гүлдей берсін!

Колледж директорының қорытынды сөзімен аяқталады.

Жүргізуші: Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін! Бағы жанып абыройы арта берсін! Босағаларыңызға бақыт қонсын, шаңырақтарыңызға шаттық толсын! Кездескенше күн жақсы болсын, қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздігіміз – жарқын болашақ!» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дузбаева Жанымай Бесенбаевна

Пікірлер: 0

avatar