Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Тәуелсіздік тұғырым »
  • 06.04.2016
  • 495 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18479

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым »
Мақсаты:
-Жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
-Оқушыларды елін, жерін қастерлеуге, еліне деген патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу;
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум «Тәуелсіз» елдің білімді ұрпақтары
2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі де құрметті ұстаздар, білім нәрімен сусыңдаған шәкірттер.
1-жүргізуші:
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз» сертім нық, - дей келе ЭС-14-1 оқу тобының студенттері ұйымдастырған «Тәуелсіздік тұғырым » атты ашық сабағына
Бірге : Қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздарым қымбатты ,
Армысыздар , сұлу қыздар сымбатты.
Талай ғасыр небір ақын - жыраулар
Тәуелсіздік шежіресін жырлапты.
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс
Егемендік –ел бақыты , ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – елімізді тас бұғаудан босатып, төрткүл дүниеге танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі жаңғыру кезеңі басталды, Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр.
2-жүргізуші: Әнұраным - жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Бірге: Республика әнұраны (гимн орындалады) ХОР

1-жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
2-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбіз, егеменбіз, дербеспіз.-дей отыра оқушылардың өнерін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік ұғымын және Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру барысында «Қазақ елінің ежелден еркіндік аңсаған- тәуелсіздігі» атты баяндаманы Бақытжан Назерке оқиды.
1-жүргізуші: Қазақстан –елім менің ,
Қазақстан – жерім менің ,
Саған арнап айтылады
Әнім менің
2-жүргізуші: Ән «Қазақ жастары » орындайтын: Абдиваит Атабек


1-жүргізуші: Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі- еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл, ал екіншісі сол Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан көтерілісіне 30 жыл. Бұл екеуі бір- бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар.
2-жүргізуші: Рас Тәуелсіздік. Азаттық.Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті сөз болған емес болмайды да . Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай , Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззат сынды аға- апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды.
1-жүргізуші: Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жеткен көк туың
Сен - тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Келесі кезек мәнерлеп оқу. Сыдықбеков Ж, Құрман Е, Кожамқулов С
Алпыспай А
Жоқ менің өлен жырдан өре алаңым ,
Іздеймін сенен терең сөз боламын.
Кейде бір шертіп қалсаң домбыраны.
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнің.

Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан
Қазағым бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді

Жайна мәңгі Тәуелсіз ел Қазақстан
Уа, айбынды тұғырлы елім, қазағым!
Толғандырды мені бүгін жанар үн,
Ол бостандық тұлпарының дүбірі.
Бұзып шыққан бостандықтың азабын.
2-жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет- ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана- тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.
1-жүргізуші: Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау , жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ , шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
2-жүргізуші: Өзбекше би: «Келіншек» Орындайтын : Бахытжан Назерке



1-жүргізуші: Әрдайым әлемменен кеңескен,
Шығара да алмас мәңгі ел естен
Жас Отаным біраз жылдың ішінде,
Басқа елмен терезесі теңескен.
2-жүргізуші: Айтамын мәуе баққа байтақ жерім,
Қазағым бостандықты қайта көрдің
Желбіреп кең байрағым кең өлкемде
Әлемге таныта бер қазақ елін.
Келесі кезекті әсем әнге берейік
1-жүргізуші: Орындайтын : Бейсенбай Нұрбол Ән : "Сағыныш»
2-жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым, сәулелі құбылым. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халықтардың басына бақ болып қонды.
1-жүргізуші: Бойымда жігер турғанда сенім.
Жалындап өтем жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым.
Аяулы –осы, ардақты елім!
2-жүргізуші: Үш ғасырдан кейін тәңірінің пейілі түсіп тұрған мүмкіндігін пайдаланып, тәуелсіздік туын желбірету.
Бұл 1986жылы желтоқсан көтерілісіне қатысқан өрімдей жас қыздар мен жігіттердің жеңісі.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік еліміздің арқасында, осы уақытқа дейін атқарылған елең еңбектердің арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Енді өркениетті мемлекетке айналу жолында өзінің күш жігерін жұмылдыруда.
Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»
Орындайтындар: Абдукадиров Сардар, Арынов Жасұлан, Бақытжан Назерке, Бейсенбай Нұрбол, Шаймерденов Мұрат.
2-жүргізуші:
Танымасаң таным ал мен қазақпын
Жаным-жайлау, көңілім кең қазақпын
Ұлысым бай, іргем ел қазақпын
Мен емеспін кешегі өткен қазақ
1- жүргізуші
Мейман болсаң, жолалы дастархан
Қымыз құям, алдыңа бас тартамын
Атыңды ертеп елпектеп есік ашып
Ән-күй, тоймен өтеді атқан таңым
Дей келе, келесі биге береміз
Би: Қазақ биі «Қара жорға»
Орындайтындар: Ізтай С, Алпысбай А., Әзімхан Болысбек, Бақытжан Назерке
2-жүргізуші: Тұңғыйық –ой , шерге батып тұнғаныңба,
Сен сүрініп құлын дейтін тұрғайсың.
Тәуелсіздік жолында енді жанпида.
Тәуелсіздік туы үшін құрбанбыз.
1-жүргізуші: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейіріммен шапағатқа,
Төрімде Тәуелсіздік құтты болсын!


2-жүргізуші
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең байтақ ұлы Отанымыздың » Тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!


Ботабекова Асия Ердебекқызы
ОҚО Кентау қаласы Кентау көпсалалы колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздік тұғырым » Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ботабекова Асия Ердебекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 495 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar