«Тәуелсіздік тынысы»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 353
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22697


Тақырыбы: «Тәуелсіздік тынысы»

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тынысы»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған





Дайындаған Насиева Фая,

2016 жыл, 13 желтоқсан
Ганюшкин ауылы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,бүлдіршіндер! 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басқан күміс тойын тойлағалы отырмыз.Бүгінде міне, Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршіндерімізге өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.
I-жүргізуші:
Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата - анамдай.
Туғалы сенсің менің танығаным.
II-жүргізуші
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран — Мемлекеттің халық әні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Ортаға еліміздің тәуелсіздігіне арналған тақпақтарды айтуға балаларды шақырамыз.
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім Диляра
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме Іңкар

Ән: «Қазақстан» С.Мұхамеджановтікі
I-жүргізуші:
Айданбек:
Тыныш менің, отаным
Ырыс менің, Отаным
Ардақтайтын отанын
Мен Отаншыл баламын
Шыңғыс:
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!
Аяулым:
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
Ән: «Елтаңбасы елімнің!»

ІІ-жүргізуші:
Көрініс: "Әжесі мен немересі" (Ортаға әже шығады.Немересін іздеп,жан-жағына қарайды)
-Мына жерде менің немерем бар ма? Балам-ау қайдасың? (Немересі :«Тәуелсіздік» жазуының алдында тұрады)
Әжесі: Балам нені оқып тұрсың?
Немересі:Мына сөздерді түсінбей тұрмын?
Немересі: Әже,мынау қандай сөз?
Әжесі: Е, балам,бұл-Тәуелсіздік деген сөз
Немересі:Тәуелсіздік деген не?
Әжесі:Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың.
Балам сен мына сөздерге қарап тыңда,не айтады екен
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. Баянсулу

Т – білдіреді теңдікті Іңкар
Ә — әдептілік, әлдікті Айару
У – уайымсыз уақытты Ерсұлтан
Е – егемендік елдікті Ханшайым
Л – дейді лағып лепірме Нұрислам
С – сенімділік секілді ең Жанерке
І – ілтипат пен ізет қой Али
З – зиялылық тілек қой Алина
Д – шақырады достыққа Кәусар
І- ізет қой Мирамбек
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа Ринат
Әжесі:Міне,балам тәуелсіздік деген теңдікті,достықты,еркіндікті,ілтипаттылықты сенімділікті,ізеттілікті білдіреді екен..Тәуелсіздік ұғымын ұмытпа айналайын балам.Биыл тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр.Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз-Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз.

Ән: «Жалауша». (Ортада жалаушалармен би қимылдары орындалады)
I-жүргізуші:
Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.
1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)
2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
3.Біз қандай елде тұрамыз?(тәуелсіз)
-Ендеше, балалар,мен сендерге біздің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жайлы айтып өтейін.................

II-жүргізуші:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы. Інжу
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды Ханшайым
Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі! Диана
Әнұраным-айбыным,
Қымбатсың маған
Бар шыным.
Естігенде жүрегім
Тебіренер бұлқынып.
Шырқалшы әнім
Мәңгілік ! Алина
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы Жанерке

I-жүргізуші:
Би: «Домбыра сазы» («Ұлытау» тобының музыкасына)

Абдрахман:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел!
Василий:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Алихан:
Менің елім, менің жерім,
Туған өлкем Қазақстан
Еркебұлан:
Көк байрағы жайнаған,
Туған елім Қазақстан.
ІІ-жүргізуші:
Көрініс «Егемендік деген не?» (Атасы мен әжесі үстел басында шай ішіп отырады)
Атасы:Ринатжан ұйқыдан тұрды ма? Қайда жүр өзі?
Кемпір:Иә,ұйқыдан оянды,далада ойнап жүр.
Ата: Кемпір мен сыртқа шығып таза ауа жұтып, біраз демалайын.
(Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.
Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – деген....
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

Қазақтың халық әні «Белес»-аспаптармен орындау
Құрметті ата-аналар,ұстаздар көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін! Әрбір күніміз арайлы да шуақты, жүзіміз жарқын , аспанымыз ашық болсын ертеңгілігімізді аяқтаймыз Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздік тынысы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Насиева Фая

Пікірлер: 0

avatar