«Табиғатқа аялы алақан»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 451
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22804


«Табиғатқа аялы алақан»

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет»
Тақырыбы: «Табиғатқа аялы алақан»
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:
Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, табиғатты қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал - мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету. Құстар туралы білімдерін жетілдіру. Құстардың пайдасы тіршілігі туралы түсінік беру. Үй құстарымен дала құстарын ажырату.
Дамытушылығы:Балалардың сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беріп тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: ойын
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын әдіс - тәсілдер: сөздік, ойын түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар, көрнекіліктер:табиғат тақырыбында топты безендіру.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Экология негіздері.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат суреттері, бейне таспа, құстар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: қыс, табиғат, құстар, Торғай, Сауысқан, Тоқылдақ, Қарға, Көгершін, Тауық, Әтеш, қыс, ұя.
Билингвалық компоненттер: құстар - птицы - birds, Торғай - воробей – sparrow, Сауысқан - сорока - magpie, Тоқылдақ - дятель - woodpecker, Қарға - ворона - crow, Көгершін - голубь – pigeon, Тауық - курица – hen, Әтеш - петух – cock.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.

Шаттық шеңбер:
-Сәлеметсің бе, табиғат!
-Сәлеметсіңдер ме ормандар, көлдер мен таулар!
-Сәлеметсіңдер ме құстар!
-Сәлеметсіңдер ме аңдар !
-Сәлеметсіңдер ме қонақтар!

Ойын:"Табиғат деген не?"
Шарты: Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер?
1) Табиғат деген не?
- Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
- Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
- тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
- Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар бұл ойынды керемет ойнадыңдар. Бүгін келген қонақтармен бірге табиғат ананың төрт мезгіліне шолу жасаймыз.
ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ БЕЙНЕСІ
Тәрбиеші: сұрақтар қояды
- Балалар қазір қандай мезгіл? ПЛАКАТ ҚЫС СУРЕТІ
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілін үш тілде айтайықшы?
Қыс - зима – winter
- Қыс мезгілінде күн аяз, салқын болады........
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар немен ойнайсыңдар?
- Мәнерлеп сырғанау, шанамен ойнаймыз,........
- Шана туралы кім тақпақ айтады?

Жарыспақшы көп шана,
Жаңа шана көк шана.
Сен бір жүйрік оқ шана,
Саған жетер жоқ шана.

Ал мыналар қандай құстар?
СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
Үш тілде: Тауық - курица – hen, әтеш - петух – cock.
- Олар үй құстары деп аталады.
- Үй құстары олардың пайдасы қандай?
-Жүнінен мамық, жастық, етін, жұмыртқасын тамаққа т.б. пайдаланады.
Ал мыналар дала құстары.
- Қыста құстар қай жаққа ұшып кетеді?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС 3 ТІЛДЕ
- Ал қандай құстар қыстап қалады?
- Сауысқан, Қарға, Суық торғай, Тоқылдақ, Кептер.
Үш тілде: Торғай - воробей – sparrow, Қарға - ворона – crow.
Құстардың қандай пайдасы бар?
- Құрт құмырсқа жәндіктерден табиғатымызды қорғайды екен.

Нодбугтен дауыстарды тыңдау.-------------------------
Ширмадан қарға шығады.
- Балалар қарға қарқылдап жатыр.
- (Данышпан Қарға сөйлейді)
- Саламатсыңдар ма, балалар! Сендерге менің тапсырмаларым бар, орындай аласыңдар ма?
Жүргізуші: әрине, данышпан Қарға, біздің балалар сіз сияқты ақылды, білімді. Сіздің тапсырмаңыз балалар үшін түкте емес, кәне айта қойыңыз, орындаймыз, орындаймыз ба, балалар?
Қарға: егерде менің тапсырмамды бұлжытпай орындасаңдар, менің сендерге берер сыйлықтарым бар. Кәне,,,
1 – тапсырмам: Маған мына хаттағы үй құстары мен дала құстарын ажыратып тізіп беріңдерші, менің кішкентай балапандарыма үйретіп жатыр едім, көрсетейін.
(Тәрбиеші тақтаны балаларға тақайдыфланелеграф театры бойынша үй, дала құстарын ажыратып орналастырады)
Қарға: жарайсыңдар, балалар! Енді 2-тапсырмам: Ал балалар құстар жайлы қандай жыр-тақпақтар білесіңдер?
Жүргізуші:әрине білеміз кәне балалар айтып берейік.

Әрлі берлі хат тасып,
Ұшқан талай асығыс.
Ол, әрине кептер.

Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Жұмысы бір өнбейді.

Хормен: (орнынан тұрып, қимылмен көрсету)
Торғай, торғайсың,
Бізбен бірге қонғайсың.
Шиқ-шиқ десіп ортада,
Бізбен бірге ойнайсың.

Қарға: Ой, бәрекелді бір жасап қалдым ғой, менің достарым жайлы жырлап бердіңдер. Жарайсыңдар, шыныменде өте ақылды, білгір екенсіңдер! Мен сендерге ризамын сендер менің балапандарыма да көмектестіңдер, қамқор болдыңдар, білімді екенсіңдер! Менің сендерге сыйлығымды торғай жеткізеді. КҮТІҢДЕР! Сау болыңдар!

Балалар: сау болыңыз, рахмет!

КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНІҢ БЕЙНЕСІ

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. (Көктем)

Тәрбиеші: Ендеше көктем мезгіліне саяхаттайық.

Көктем бейнеленген көркем суретпен жұмыс. (Балалар мәтін құрайды)
Тәрбиеші: бәрекелді балалар! Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік.
Судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз. Менің алдымдағы суға қараңдаршы.
-Иісі бар ма?
-Жоқ.
-Түсі бар ма?
-Мөлдір.
Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырайын.
-Қант қандай күйге енеді?
-Қант суда ериді.
Келесі стаканға құм салып көрейік.
-Құм ериді ме?
-Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.
Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат үшін жақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту:
Өзен болып гурілдейміз,
Теңіз болып толқимыз.
Бұлақ болып бұрқылдаймыз,
Ешқашанда сарқылмаймы.
Жаз мезгіліне шолайық.

ЖАЗ МЕЗГІЛІНІҢ БЕЙНЕСІ
Тәрбиеші: балалар енді мына суретке қарайық, бұл жылдың қай мезгілі?
Олай болса жаз мезгіліне саяхаттайық.
Балалар: жаз мезгілі.
Тәрбиеші: жаз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: күн ыстық, жылы болады.
Тәрбиеші: ой, балалар мына жаз мезгілінен хаттама келіпті «ХАТТЫ артынан алады)

Балалар хат Табиғат анадан келіпті.

Хат
Сәлеметсіңдер ма, "Балапан" тобының балалары сендер табиғатты аялауды білесіңдер ме? Мен бүгін жолда келе жатқанда мына сынық ағаштың бұтағын көріп қатты ренжідім. Осы ағашты сынған бұтасымен сіздерге жібердім оған сіздердің аялы алақандарыңыз жетпей тұр, күтіңдер. Күтіңдер сендерді іздеп жүр, кәзір барады.

Тәрбиеші:
- Балалар ағаш бізге келгенше табиғат ананың бізден табиғатты аялауды білесіңдер ма?- деп сұрады ғой. Олай болса мынадай ойын ойнайық "Дұрыс, дұрыс емес? "Ойынды нодбугтен слайд арқылы орындаймыз.
Шарты:Слайдтан суреттер көрсетіледі соның ішінде қайсысы дұрыс, дұрыс емес екенін айту.
СЛАЙД 6 СУРЕТ

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар, Жер, табиғат туралы ақындар көп өлеңдер жазған, ал сендер не білесіңдер?
Тақпақтар :

Жер ана сенсіз өмір жоқ,
Тұрса мәңгі күн шығып.
Гүлденсең болды көңіл тоқ.
Сенсіз белес бір шыбық.

Көгінде құстар қалқыған
Көліне бұлақ қосылған
Ішсең мейір қандырған
Ұмыттың ба балдырған?
Мақалдар:
- Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.

- Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті.

Тыйым сөздер:
- Судың да сұрауы бар
- Бақ өсіргенің бағы жанар.

- Жұпар ауа дертке дауа.

Тәрбиеші: балалар,тамаша, өте жақсы сендерде табиғатты жырға қоса біледі екенсіңдер.
Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді.
-Менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып лақтырып кетті. Табиғат ана айтты, сендер маған көмектесіңдер деп. Бұтағымды байлап беріңдерші. Құстың салған ұясыда жерге түсейін деп тұр, көмек керек.
Тәрбиеші: балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның табиғат ананың қонжықтан беріп жіберген бұтағын байлап берейік.
БҰТАҚТЫ БАЛАЛАРМЕН БАЙЛАУ
Тәрбиеші: балалар ұядағы жұмыртқалар тоңып қалыпты кәне алақанымызбен жылытайық.
(Тәрбиеші балаларға ұяны жағалатады, алақандарымен жұмыртқаны басқызады)
Тәрбиеші: Елдана ұяны ағашқа орналастыра ғой.
Елдана: жұмыртқалар жыбырлап жатыр.
Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапандар жарып шыққылары келіп жатыр. Жаңа өмір басталады деген осы.
Елдана: мен жұмыртқаларға байланысты тақпақ айтқым келіп тұр.
Құс ұясын бұзбайық
Жұмыртқасын алмайақ,
Обалына қалмайық.
Ағаш: Рахмет сендерге балалар. Мен кетейін, жұмыртқаларды анасына жеткізейін.
Ортаға балапандар келеді.
Тәрбиеші: балалар, бізге жаңағы ағаштары жұмыртқадан шыққан балапандар келіп қалды ғой. Балапандар тез ширау үшін оларды сергіту жаттығуына шақырайық.
Сергіту сәті: «Шөжелерім» әніне би қозғалыстарын жасау.
Тәрбиеші: балапандар сендерде балалармен отыра қойыңдар. Балалар балапандар тез ержетіп, көп нәрсені білу үшін балапандарға үйретейік. Келістік бе?
Балалар: иә.
КҮЗ МЕЗГІЛІНІҢ БЕЙНЕСІ

ФОТО ЖЕЛ, НАЙЗАҒАЙ, ЖАҢБЫР суреттер
Фотомен жұмыс.Жел, найзағай, жаңбыр бейнеленген фотоларды /суреттерді балалар қарап шығады.
Тәрбиеші:Табиғаттың бұндай құбылыстары жылдың қай мезгілінде көп болады?
Балалар: Күзде.
Тәрбиеші: Балалар мына дыбыстарды тыңдайықшы.
ДЫБЫС ПЕН СЛАЙД КӨРЕТІЛЕДІ.
Тәрбиеші: Ненің дыбысын естігендеріңді айтасыңдаршы.
Балалар: Жел, Найзағай, Жаңбыр дыбыстары.

(Ортаға торғай келеді)
Торғай: балаларға арналған қарғаның сыйлығын және табиғат ананың күздік сыйлықтарын алып келдім.
Тәрбиеші: Рахмет саған торғай.
Торғай: ой, менің шөжелерім мен сендерді таппай жүрсем мында екенсіңдер ғой. Шиқ-шиқ келіңдер.
Тәрбиеші: торғай ана балапандар балаларға келіп, көп білім үйреніп, қамқор болды.
Торғай: балалар сендердің қамқорлықтарыңа көп рахмет, енді мен балапандарымды алып кетсем болады ма?
Балалар: әрине болады, сау болыңдар балапандар, біздің ауламызға келіңдер, бірге ойнаймыз.
(Торғай балапандарын алып шығып кетеді)
Қорытындылау:
-Балалар, бізге нелер келді? (торғай, ағаш, балапандар)
-Табиғат анадан не келді? (хат)
-Ағашқа біздер не істедік? (сынған бұтағына көмектестік)
-Жұмыртқалардан нелер шықты? (балапандар)
- Қандай құстың тапсырмаларын орындадық?
Құстарға үнемі қамқорлықпен қарауымыз керек.
Сендерге бүгінгі қонақтармен бірге өткізген іс-әрекетіміз яғни сабағымыз ұнады ма? Ризасыңдар ма?
Олай болса, «Ризашылық» өлеңін айтып, қоштасу шеңберін жасайық, ортаға келіңдер.

Қоштасу шеңбер:
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз қонақтар сіздерге!
Риза боп, сыйлаймыз гүлдерді!

Авторы: Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші. Тәрбие.орг сайтынан «Табиғатқа аялы алақан» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Пікірлер: 0

avatar