Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Табиғатқа саяхат Ө дыбысы мен әрпі
  • 31.01.2017
  • 62 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21426

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мектеп: Алматы обылысы Жамбыл ауданы
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі

Күні: 11.01.2017ж
Мұғалімнің аты-жөні:Курмангалиева Жулдыз Талгатовна
САБАҚ :
Сауаташу
Табиғатқа саяхат Ө дыбысы мен әрпі
СЫНЫП:1 «А»
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты 1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату, және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Ойлау деңгейлері
Білу және түсіну,
Қолдану Бағалау критерийлері: Әріпті таниды, ажыратады, және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Пәндік лексика және терминдер
Өрік, төрт, көрші
Талқылауға арналған сұрақтар:
Дыбыстың түрлерін ата
Дауыссыз дыбыстар, даусты дыбыстар қалай айтылады?

Пәнаралық байланыс Музыка, математика
Бұған дейінгі меңгерген білім
Табиғатқа саяхат Ң дыбысы мен әрпі
Жоспар

Жоспарланған
Уақытесебі Жоспарланған тапсырмалар Дерек
көздер/
ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3 минут Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу назарын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
АКТ

Суреттер

Сабақтың ортасы
14 минут

Дескриптор

№1 Тыңдалым. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақ арқылы біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз.
Үйін тордан салады
Жемін аулап алады.
Ол не? (өрмекші)
- Өрмекші не? - Ол жәндік.
- Дұрыс.
- Өрмекші сөзін бәріміз қайталайық.
- Қай дыбыстан басталып тұр.
- Ө дыбысынан.
- Онда бәріміз ө дыбысын айтып көрейік.
- Ө-ө-ө
- Қалай айтылып тұр.Созылып па,әлде тез айтылып тұр ма?
- Созылып айтылып тұр.
- Дұрыс.
- Олай болса Ө дыбысы дауысты дыбыс екен.
- Дауысты дыбыс қандай түспен беріледі.
- Қызыл түспен беріледі.
- Өрмекші сөзі неше дыбыстан тұрады?
- 7 дыбыстан тұрады 3-дауысты,4-дауыссыз дыбыс.
- Өрмекші сөзін буынға бөлеміз?
- Өр-мек-ші
-Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Ө дыбысы қай буында естіліп тұр?
- 1-ші буында.
№2Айтылым Өрмекші,өрік, өмілдірік, өгіз, өркеш, өкпе, өсімдік, өзен, өнерпаз, көбелек. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
1. Берілген сөздерді оқиды
2. Сөздерді буынға бөледі
3. Ө дыбысы сөздің қай бөлігінде келгенін анықтайды. АКТ
Ширату жаттығу
1 минут Музыка әуенімен оқушылар жаттығу жасайды.«Әліппе» әні
АКТ
15 минут

Дескриптор

Дескриптор №3.Жазылым
Дәптермен жұмыс
Ө дыбысын ауа арқылы жазу.
Ө дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
1.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
2.Ө дыбысын жазып үйренеді
№2 Оқылым.
Ө дыбысына берілген сөздерді оқу.
Ө дыбысына байланысты берілген сөздерді оқиды.
Дыбыстық талдау жасай біледі.
Ө дыбысы бар сөз айтады
«Бір әріпке бес жауап» ойыны арқылы сабақты қорытамыз.
- Ө әріпі арқылы берілген тапсырманы табамыз.
- Қаланың аты - Өскемен
- Ұл баланың аты-Өскен,Өмірхан, Өмірбай
- Автобустың жүретін жолы – Көше
- Жәндік- Өрмекші
- Жемістің аты –Өрік
«Кім жылдам» Ө әрпіне сөздер жазу
-Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Өө дыбысымен.
- Өө қандай дыбыс?
- Өө дыбысы дауысты жіңішке дыбыс АКТ

суреттер
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Дифференциая – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсы? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін
тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Музыка, көркем еңбек.Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тәрбие.орг сайтынан Табиғатқа саяхат Ө дыбысы мен әрпі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курмангалиева Жулдыз Талгатовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: саяхат, Табиғатқа, дыбысы, Авторлық бағдарлама, әрпі, мен
Көрсетілім: 62 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar