Таланатты және дарынды балаларды оқыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 679
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18942


Пікір беруші – Болатбаева Тілектес Аманкосовна

Пікір
Талантты және дарынды балаларды оқытудың тиімді жолдары қарастырылған Сейдакова Айнұр Есенгелдіқызына:
1. Дарынды балаларды шәкірттер арасынан ажырата білу, әрі қарай шығармашылығын ұштау.
2. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу тәрбие ортасына кіріктіру саласындағы өзінің үздік тәжірибесін көпшілік назарына ұсынған.
3.Маңызды аспектілері Табиғи дарынды балаларды өз алдына орталықтарында көз алында жасақталған – Дарынды балаларға арналған мектеп бағдарламасымен оқыту мәселесі ортаға салынған.
Ұсыныс: мектеп гимназия, лицейлер 1- сыныптан бастап қала көлеміндегі
дарынды балаларды жиып, тереңдетілген бағдармалармен оқытса, өзге мектептердің «білімді балаларын», «сүттің қаймағын қалқып алған» - әдісін қойып дарынды білімді балаларды өздері әзірлесе.
Әрбір қалада « Дарын» мектебі іске қосылса.
Пікір білдіруші: Болатбаева Тілектес Аманкосовна
1. Ғылыми атағы
2. Дәрежесі
3. Лауазымы: Политехникалық колледждің директоры
4. Жұмыс орны:

Таланатты және дарынды балаларды оқыту

(Инклюзивті білім: перспективалары және мәселелері)

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,- деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз
А. Құнанбаев
Талантты жетілдіру – ұлтты жетілдіру – дегеніміздей «Қазақ» - атты халық табиғатынан дарынды халық деп Т.Г. Шевченко – қазақдаласында өткен жылдарын көз алдынан өткізіп осылай бағалаған екен...
Дарын - ананың сүтімен әкенің қанымен жаратылатын ерекше құбылыс. Оны «ұштау» үлкен тұғырға орнату біз, ұстаздардың , жауапты міндеті.
Алдымызда отырған 25 баланың ішінен, өзіміз дәріс оқитын жүздеген баланың ішінен дарынды балаларды тани білу, ажырата білу үшін; Біз өзіміз дарынды болуымыз қажет. Қазақ халқында: Балықшы – балықшыны алыстан таниды»- деген қанатты сөз бар. Демек біз ұстаздар, дарынды балаларды көп ішінен танып, оның дарындылық қасиетін ұштау үшін өзіміз «дарынды» болуымыз табиғи заңдылық!!
«Топтастыру» стратегиясын қолданғанда дарынды балалар – өздері сөз саптауымен, дарындылығымен, топ жарып дараланып, « көзге түсіп ерекшеленеді.
Дарын 1 % - еңбек 99 % ұпай деген дәйекті сөзге ден қойсақ кез келген дарынды оқушының шабыты ұшталмаса, «мұқалып, сөніп» қалатыны баршаға аян.
Кейбір оқушылар өздерінің дарындылығын «көзге түсіп» көрсетуге әзір, ал кейбіреулері өзінің дарындылығын құпия ұстап, көрсетуге тырыспайды.
Сол үшін «шығармашылық сәт» сабақтарын шәкірттер арасында аралығында аптасына бір рет өтсе, бала шабытының ұшталуына әсері мол болар еді. Мен өзім дәріс оқитын 2 Бастауыш білім беру тобым да болашақ мұғалім кәсіп иелерінің ішінен дарынды шәкірттерді ажыратып алуға көп көңіл бөлемін.Колледж әкімшілігімен кеңесе отырып әр аптаның сенбі күнін «Шығармашылық сәт», «Шабытты күн», «Дарын әлемі», « Жас жүрек жырлайды»- айдарындағы лекция, мәнерлеп оқу, жас ақындар мүшайрасын өткізіп, шәкірттердің бір күнін көңілді және қызықты өткізге талаптамын.
Өзім басшылық ететін 2 Ақпарат тобының ішінде Арайлым деген шәкіртім болатын « Топтастыру» стратегиясымен сабақ өтіп жатқан болатынмын.
Сол сабақтың «шығармашылық сәт» бөлімінде « Менің алғашқы өлеңім» айдардағы танымдық сынағында өз өлеңдерін алып келеді...
Алғашқыда сенбедім, сенбегімді білдірмедім...
Енді мен берген тақырыпқа өлең жазыңдар – деп өзім оларға өзім тың тақырып ұсындым.
Тақырып «Алтын күз» болатын сол оқушым сол күні:
Алтын күн, алтын арай, - бар атырап,
Қалтырайды, талдарда бір жапырақ
Алтын күнмен қоштасқандай соңғы рет
Алақанда жылы жатқан жапырақ – деген әп – әдемі шумақ шумақтарын оқығанымда күзгі бақта жүргендей аяқ астына төгілген жапырақтар арасынан «алтын» тауып алғандай сезімде болдым...
Сол күні мен іздегенімді тапқан едім. Арайлым өлең ұйқасын тілін дамытуға көркем әдебиеті көп оқуын, ой мен дарынды байланыстыру жолдарын үйрете бастадым.
Қазіргі таңда «жас талап»балдырған жүректі жас ақын қыз алғашқы өлеңдерін газет – журнал беттеріне жариялай бастаған, ақындық өнерге қанатын қомдай бастаған жас талапкер, жас қаламгер!
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, әрқайсысы әр текті ерекше қасиетке ие екенін біз, ұстаздар, есте ұстауымыз керек.
Мен еңбек ететін кәсіби колледжде сан түрлі кәсіп сырларын үйретілетіндіктен шәкірттерімнен дарындылықтың да сан түрлі саласы бой көрсетіп жатады.
Бірі адам сенбестей шеберлікпен, әдемі сәнді киім тіксе, бірі дәмі тіл үйірер, өзі ойлап тапқан тәтті тоқаштарын ұсынып жарнамалап жатқанын көрерсің...
Кейбір шәкірттер осындай дарындылығын көрсете білсе, ал кейбірі өкінішке орай, жүрек түкпіріне тығып, жарияламай – ақ « талантын» тұншықтырып сөндіреді... Осы жағдайға кейде біз де кінәліміз. Мойындауымыз керек: дәрісімізді оқып, бағамызды қойып, осымен іс бітті деп шәкірт жүрегіне үңілмейтініміз ащы да болса шындық...
Дарынды оқушылардың өзін –өзі жарқыратып көрсете бермейтіні аян сол үшін біз ұстаздар, әсіресе, әдебиетші ұстаздар сан түрлі «Поэзия кештерін» өткізу, ақындармен кездесулер өткізу – шәкірттертің табиғи дарындылығын ашуға түрткі болатын әдіс екендігін дәлелдей білдім:
« Абайы бар халықпыз» - қалалық орталық кітапханада өткен ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
« Ақындардың шамы мәңгі сөнбейді» Поэзия кеші – ақиық ақын Төлеген Айбергенов шығармашылығына, Қарасаздан ұшқан қарлығаш» - Мұқағали Мақатаев шығармашылығына, «Алдаспан жырмен жаралған» - Фариза Оңғарсынова шығармашылығына, «Ел үшін қылыш сермедік»
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған «Поэзия кештері – шәкірттерді, біріншіден , төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқуға баулыса, екіншіден, шабытын ұштап дарынның шоғын үрлеп ұшқыннан жалын лаулатып, өнер бұлағының көзін ашатына көзім жетті.
Ал кейбір оқушыларымыз сол дарындылықтың жетегіне, қызығына түсіп кетіп – негізгі сабақ бағдарламасын үлгермей, білімі нашарлап кетіп жатады, мысалға ақындыққа талпынған шәкіртімнің математика пәнінен «нашар» екендігін байқап қалдым. Сол үшін не істеуіміз керек?
Менің ұсыныстарым: 1 Табиғи дарын балаларды іріктеп оқытатын «Дарын» мектептерін көптеп ашып, әрине, әр қалада, сонымен бірге әр шәкірттің дарындылық қабілетіне қарай бөлек – бөлек бағытта білім беру керек.
2.Әдеби поэтикалық бағыттағы шәкірттерге тіл және әдебиет пәндерін аса көп оқыту, әлем елдері кллассикасын жас кезінен тереңдете оқытып тілін дамыту;
3. Математикалық жаратылыстану бағытындағы бейімділігі бар шәкірттерді тек сол пәндерді тереңде оқытып , сол ғылымға терең бойлату.
4.Дарынды және талантты оқушыларға арналған зияткерлік мектептері ашылса, дарынды және талантты оқушылар кең өріске ие болар еді., Тұлпардың кең өріске шыққандығы шабысындай дарынды балалар да өз қабілетін еркін көрсете алар еді...
Біреулері ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсетсе, бірі әдебиет, музыка, поэзияға, бейнелеу өнеріне деген қабілеттерінің шымылдығын ашар еді...

Қоғамдық «көшбасшылық» Музыка, саз өнеріне Шығармашылық
өнері


Дарындылық


Бейнелеу қылқалам
өнеріне Поэзиялық Зияткерлік
-осылай әр шәкірттің дарындылық қабілеті өз деңгейіне қарай бейімделе бастайды.Олар осы дарын аясының біреуіне «оңтайлы» болса, екіншісіне «бейімді» болмауы табиғи заңдылық
Қазақта «Екі кеменің басын ұстаған – суға кетеді» - деген даналық сөз бар, сол үшін біз, ұстаздар, шәкірт бойындағы дарындылықты дөп басып, дәл тануымыз қажет, сол жолға салуымыз, сол жолға жетелеуіміз қажет!
Мұндай дарынды балаларға ата – аналары , мектеп ұжымы, мұғалімі жағдай туғыза отырып, дарындылық көзін ашу керек!
Мұғалімдер сол дарынды шәкірттеріне сабақтан тыс кезеңде көңіл бөліп, назар аударып, оқушының зияткерлік дарынын көшбасшылық қасиетін – жариялау және мадақтай білуіміз қажет.
Кейбір мұғалімдер «дарынды» балалардың талантын ұштап, жетістікке жеткізуге дағдыланса, ал өкінішке орай кейбір ұстаздар – «өзімшілдік», «тәртіп бұзушылық» - деп бағалайды.
Ғаламдық әдіс тәсілдердің ордасы Кембридж білім ордасының ғалымдары: Дарынды балалардың ұстазы да «дарынды» болуы керек деп даналық сөз айтқан!!
Тіпті ол балаларды қатал қысымға алып дарын отын тұншықтырып, сөндіріп тастау жағдаяттары да кездесетінін дәлелдеген. Сол үшін еліміздің болашағы, ерекше туылған дарынды балалар мектебі:
Ұсыныстарым:
1. «Дарындар әлемі» - мектебін әр қалада ашса екен деймін.
2. «Дарындар әлемі» мектебінде ең дарынды ұстаздар сабақ берсе.
3. Сол дарынды балалармен сыныптас балаларға берілген есептер мен тапсырмалар «дарынды» балалардың «ішін пыстыратындықтарын ұғынып оларға тереңде тапсырма беру керек. Оларға арнаулы тереңдетілген бағдарламамен, арнаулы оқулықтармен сабақ өтілсе;
4. Осындай дарынды балаларды сұрыптап оларға өзгеше бағдармалар мен қиындатылған оқулықтармен, дарынды ұстаздармен қамтамасыз етілсе – деп ұсыныс айтамын!
Осындай дарынды балаларды дұрыстап оларға өзгеше бағдарламалар мен қиындатылған оқулықтармен, дарынды ұстаздармен қамтамасыз етілсе – деп ұсыныс айтамын!
Осылайша «Мәңгілік ел» атанған қазақ елінің болашақтағы – Абайларын, Махамбет, Мұқағали , Фаризаларын, ғалымдарын, математиктерін, қылқалам шеберлерін оқытатын « Дарын әлемі» мектебі ашылса – Бұлақ көрсең көзін аш! – деген даналық сөздің орындалғаны болар еді Тәрбие.орг сайтынан Таланатты және дарынды балаларды оқыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Башенова Зауреш Берденовна

Пікірлер: 0

avatar